Тұлғаны тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі

  • Жүктеулер: 10
  • Көрсетілім: 411
  • Коучинг жоспарлары
  • 09/Авг/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23041


Қысқа мерзімді коучинг жоспары

Күні: 27.03.2017 ж.

Уақыты: 09.00-10.00

Өтілетін орны: 218 каб.

Пән мұғалімі: С.К.Кабажаева

Қатысушы: пән мұғалімдері, әкімшілік

Сабақтың тақырыбы: Тұлғаны тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі

Сабақтың мақсаты: тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін пайдалану арқылы мұғалім рөлін арттыру. Тұлғаны қалыптастыруда туындайтын мәселелерді анықтау. Мұғалімнің бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету.

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: жылулық, мейірімділік, қайырымдылық

Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, слайд, музыка т.б.

Түрі: Топтық

Семинар әдісі: пікіралысу, топтық

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер

  • Ақпараттың құрылымын тыңдайды;
  • Тақырыпты түсініп, талқылайды;
  • Өздерінің міндетін атқаратын рөлдерін анықтайды.
  • топта жұмыс жасап, өзара қарым- қатынас

құзіреті дамиды;

  • бірлесе отырып көру арқылы меңгеріледі.

Негізгі идеялар: тұлғаны қалыптастырудағы нақты мәселелерді анықтау.

Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, ой қозғау

Блум бойынша (білу, түсіну, талдау, жинақтау, қортындылау)

Ресурстар: стикерлер, маркерлер, плакаттар

Жиналыстың барысы:

уақыт

Бөлім

Мұғалім әрекеті

Ұстаздар әрекеті

8 мин

Кіріспе

I Ұйымдастыру кезеңі
(ұжым арасында қарым-қатынас орнату)

Тыныштық сәті: «Мұғалім» туралы дәйексөздер видеоролигі

Баланың өмірге бейімделуіне мектеп, ұстаз орны бөлек. Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқыту мен тәрбиелеуде жарасымдылық мектеппен ата-ананың әлеуметтік ортаның бірлесіп жұмыс істеген жағдайда үйлесімділік табады.

1-топ: кешірімділік

2-топ: қайырымдылық

3-топ: мейірімділік

4-топ: қамқорлық

Семинарға қатысушылар амандасады

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

Таныстырылым

1.Ой қозғау

Бейнеролик :

2 минут

Блум б/ша

білу, түсіну кезеңі.

Мұғалім тақтадан бірнеше сөздер мен слайд көрсетіп «Ой қозғау» жүргізеді.

«Мұғалім әрекеті» видеролик

Топтарға жалпы тапсырма:

- Тұлға деген кім? тұлғаға қандай қасиеттер тән? Тұлға қасиетін ашатын сөздер тауып жазады. Сол сөздерден кластер құрастырады. (қабілетті, өмірге сүруге бейім, мәдениетті, мақсатшыл, қызығушылығы жоғары, іскер, білімді, төзімді, ұстамды)

Тұлға тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі қандай?

Осы видеороликтен қандай ой түйдіңіздер?

1.Бейнеролик көрсетіледі.

 

 

2. Қатысушылар өз ойларын қорытады, топта талқылайды

 

17 мин

 

8 мин

 

1 мин

 

Негізгі

Бөлім

Блум б/ша

талдау кезеңі

Жинақтау кезі

 

 

 

1. Топтық тапсырма:

1- топ «Өмірімнің шуағы өшпесін»

2- топ. «Өтірік өрге баспайды»

3- топ. «Сыйластық ұжымдастық»

4-топ: «Мейірімділік әлемі»

«Ең жақсы мұғалім» видеоролик

(Мұғалім сыйы)

  • 5 қасиеті.

Бірде бала әжесінің хат жазып отырғанын көріп:

-Әже, сіз мен туралы жазып отырсыз гой, иә? –деп сұрайды.

-Ия, сен дәл таптың ,мен сен туралы жазып отырмын.Мұнда менің не жазып отырғаным маңызды емес, менің немен жазып отырғаным маңызды.Мен сені өскенде мына карандаш сияқты болғаныңды қалаймын,- дейді. Бала карандашқа таңырқап қарайды, бірақ одан ешқандай ерекшелікті таппайды.

Ол: -Мен көріп жүрген карандаштардан өзгешелігі жоқ қой, -дейді

Әжесі: -Бәрі әр нәрсенің ішіне үңілуге байланысты. Бұл қарандашта 5 түрлі қасиет бар.Ол саған өміріңе қажет болады, -дейді.

  • сен ақылды боларсың, бірақ сенің бағыттаушы қолың бар екенін ұмытпа дейді ...... астарлы ой: сен әрқашан өз алақаныңның еркіне сен,ол сенің жол сілтеушің,- дейді.
  • жақсы жазу үшін, мен ол карандашты ұштауым керек. Бұл кезде ол карандашқа жанына ауыр тиеді,бірақ ұшталған карандаш өте жіңішке жазады. ........ астарлы ой: қандай да болмасын қиындыққа төз және ол саған өмірлік сабақ болады,- дейді.
  • Карандашпен жазғаныңның кейбірін қатеге есептеп өшіргішпен кетіресің. ...... астарлы ой: Есіңде болсын, өз қатеңді түзеу- барлық жағдайда жаман болмайды. Тура жолдан адаспауыңа көмектеседі,- дейді.

Төртіншіден, карандаштың сырты ағаштан жасалғаны, оның пішіні мәнді емес, оның ішіндегі графиті мәнді. ....... астарлы ой: Сондықтан әрқашан ішкі дүниеңде не болып жатқанын ойла,- дейді.

Бесіншіден, карандаш әрине, жазғанда артында із қалдырады........ астарлы ой : сен де карындаш сияқты өз іс-әрекетіңмен артыңда із қалдырасың. Қоғамға пайдалы іс істейсің. Әр қадамыңды ойлап бас,-дейді.

1. Топтағылар жауап береді.

 

2.Тапсырылған тапсырма бойынша топтық жұмыс жасайды.

 

10

мин

 

 

 

Қорытынды

Қорытындылау кез

 

6 минут

2минут

1.«Суреттегі ой»

1-тапсырма: ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау:
Ортасында қара нүктесі бар ақ кеңістік.Бұл бала алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай, сол қағазға ата-анасымен біздердің салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады.
2-тапсырма: Жарқын шуағын төккен күн шуағының астында әр ұлттың үш баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау:
Сыртқы түстері әр түрлі болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді.
3-тапсырма: Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақты бейнелеу.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау:
Біз сұқ саусағымызбен өзгені көретіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсетекенімізді аңғара бермейміз. Ендеше біз әлдекімді кінәләғанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні өзгеден емес, өзімізден іздейік . сіздердің жауаптарыңызда керемет болды, рахмет! Енді, арнайы сіздерге тағы бір
4-тапсырма: Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау:
Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымындаған жұлдыздар, ел ұйқыда бірақ ояу бір кісі бар. Ол- мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, жұмыста да, үйдеде, ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді. Құрметті әріптестер менімен келісесіздерме? Керемет, жарайсыздар!

 

 

 

2.Кері байланыс жасайды

«Жеміс себетін» толтыру

 

Тәрбие.орг сайтынан Тұлғаны тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: С.К.Кабажаева

№59 мектеп-лицейі, Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar