Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнына сәйкес ерте жастағы топтарда заттық-дамытушылық ортаны қалыптастыру
  • 01.09.2016
  • 511 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19424

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (23.4Kb)

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнына сәйкес ерте жастағы топтарда заттық-дамытушылық ортаны қалыптастыру.»
Коучинг тақырыбы
«Сындарлы оқуды іске асыруда тәрбиешілерге кәсіби қолдау көрсету»

Коучинг тақырыбы: «Сындарлы оқуды іске асыруда
мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету»

Жалпы
мақсаты: Тәрбиешілерге
іс-тәжірибесіне сүйене отырып, сындарлы оқыту арқылы балалардың жан-жақты
дамуында әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы
бағыт-бағдар беру. Сындарлы
оқыту балабақша жүйесінде басты элементі екендігін анықтау.Әріптестер
арасында тың идеялармен алмасуға жағдай тудыру. Балабақшада оқу мен оқытудағы
жаңа тәсілдерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді қолдау.

Оқу
нәтижелері: -Топтасып, ынтымақтастықта жұмыс жасай
отырып, сапалы оқыту мен оқу үдерісі туралы пікір алмасады.
-Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,
олардың айырмашылықтары мен қолдану әдістерін түсініп, тәжірибеде тиімді
қолдана алу туралы түсініктері қалыптасады.
-Тәрбиешілер коучингтен алған білімдерін
өз тәжірибелерімен ұштастырады, білімдерін толықтырады.
Оқыту
әдістері: Топтықжұмыс. Диалогтық оқыту.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.


Қажетті
ресурстар Интерактивті тақта, презентация
«Жеті модуль табысты оқытуға бағыт», маркер, стикер, постер, «Қошқар мен теке» мультфильмінен үзінді, бағалау парағы, «жұлдызша», «жүрек» пішінді стикерлар.
Тапсырмалар: Коучтың іс-әрекеті Тәрбиешілердің
іс- әрекеті
Кіріспе
1.Психологиялық ахуал туғызу
(3 мин)
Тренингтер.
2. Топқа бөлу
(3 мин) Коучердің
кіріспе сөзі: — Құрметті әріптестер, біз бәріміз де осынау өмір- өзен қайықтарының ішіндегі «тәрбиешілер» деген қайығында жүзіп келеміз. Дана халқымыз: «Кемедегінің жаны бір» деп текке айтпаса керек-ті. Осы даналықты
салыстыру түрінде айтсақ, бізді көп нәрсе ортақтастырады. Яғни, шәкірт тәрбиелеу.
Әр адам өзі өмір сүріп отырған қоғамының жаршысы болу керек. Ал қазіргі заман біздерден,тәрбиешіден нені талап етеді? Бүгін осы мәселе жөнінде ой бөліспекпіз.
1.Қатысушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, коучинг тақырыбымен таныстырады.
«Менің жетістігім...» тренингі
(Коучингке қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Барлығына жүрек пішініндегі стикер таратылып,
«Менің жетістігім...» деген тірек сөзге «Балаға білім беру мен тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдеріңізді пайызбен бағалаңыз» Әркім жазған
пайыздары туралы пікірлерін айтады.)
Тренингтен кейінгі түйінді сөз:
Сұрактар:
Сіз неге осы пайызды көрсеттіңіз?
Осы жетістігіңізге қаншалықты қанағаттандыңыз?
2. «Танысу» тренингін ұйымдастыру, гүл шоғын
сыйлау.Гүл шоқтары бойынша топқа бөлу
Тәрбиешілер өз
жетістктері туралы ой бөліседі. Ортақ шешімге келуге , ой түюге бағытталады.
Практикалық жұмыс
(10 мин) Әр топқа ақ бет беріледі. Бұл сіздің алдыңызға келген парақтай таза бала. Осы баланың
бойында қандай қасиеттер болғанын қалайсыз?
Әзірленуге –7 минут; қорғауға – 3 минут Әр топ
постермен жұмыс жүргізеді.
ІІ. Негізгі бөлім
3. «Қошқар мен теке»
мульфильмінен үзінді.
(15 мин)
Сұрақ: 1.
Мультфильм желісі бойынша екі кейіпкерді бүгінгі оқыту жүйесімен байланыстыра
отырып, кімдердің рөлін берер едіңіздер?
Топта ақылдаса отырып, талдау. Қай топтағы қатысушының ойы сізге ұнады сол адамды жұлдызша арқылы бағалайсыз 1.Қатысушылар
мульфильм желісі бойынша өз ойларын білдіреді. Топпен талдайды.
2.Ұнаған қатысушыға жұлдызша береді.
V . Сергіту сәті
(2 минут) Би жаттығулары Қимыл жасау
Презентация
(15 мин) «Жеті модуль- табысты оқытуға бағыт»
презентацияланады. Презентация қарайды.
4.Топтық жұмыс:
“Суреттер
сөйлейді” әдісі
(15 мин) Әр топқа суреттер беріледі. Тәрбиешілер топта суреттерді сөйлетеді. (тапсырмалар эссе,
мәтін, әңгіме, диалог,бес жолды өлең ) Тақырып
бойынша дайындалып, оны қорғайды.
5. Бағалау
(3 мин) Бағалау
парағын ұсыну Топтар
бірін-бірі бағалайды
Мақсаты:
Коучинг барысында жасаған
жұмысты қорыта білу
Міндеті:
Алған білімдерін тәжірибеде
қолдана білуге жұмылдыру;Кері байланыс орната алу.
Әдісі:
Өлең шығару
(7 мин)
«Кейін» бағанын
толтыру
(5 мин)
«Өлең жолдары» стратегиясы
Қатысушыларға адасқан өлең
жолдары беріледі, сол бойынша ұстаздар өлең жолдарын дұрыс құру тапсырылады







«Дейін-кейін»
стратегиясы
Коучинг сабақтың тәрбиешілер үшін
қаншалықты сәтті болғанын бақылау
үшін, көңіл күйлері жайлы алдарындағы «Дейін-кейін» бағанасын толтыруын сұраймын. Тәрбиешілер «кейін» бағанын толтыра
отырып, кері байланыс жасайды
Кері байланыс
(5 мин) «Екі жұлдыз, бір тілек»
әдісін беру Өз пікірлері
мен тілектерін смайликтерге жапсырады

Коучердің
қорытынды сөзі:
(3 мин) Тәрбиешінің үш көмекшісі деп аталған қасиеттер болғанда ғана оқыту жақсы болып саналады десе, хәкім Абай нағыз адам болу үшін нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек қажет деген.
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», — дейді грек оқымыстысы Сократ. Осы биіктіктің шыңынан көрінейік! Тәрбие.орг сайтынан Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнына сәйкес ерте жастағы топтарда заттық-дамытушылық ортаны қалыптастыру Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шубаева Нургуль Мейрамовна

Көкшетау қаласы №21 "Ақбота" бөбекжайы әдіскер

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Коучинг жоспарлары
Көрсетілім: 511 | Жүктеулер: 6
Барлық пікірлер: 0
avatar