Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Талантты және дарынды балаларды оқыту»
  • 16.05.2016
  • 567 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19022

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (28.1Kb)

«Талантты және дарынды балаларды оқыту» тақырыбы бойынша Ойыл ауданы Құрман орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Мединаева Гүлнар Мақсотқызының қысқа мерзімді коучинг жоспары
25.12.2014 жыл 4 апта 4-күн
Сабақ тақырыбы: Талантты және дарынды балаларды оқыту

Жалпы мақсат: «Дарынды және талантты оқушыларды анықтау» жолдарын табу. Мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне ықпал ету, жаңалыққа құштарлығын ояту.
Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 50--57-б
Үлестірмелі нұсқаулық

Оқу нәтижесі Мұғалімдер түрлі тапсырмалар орындау барысында дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолын табады. Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жасау тиімділігі жайлы мағлұмат алады, оны өз тәжірибелерінде қолданады.
Түйінді идеялар: Әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру; Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау; Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау.
Сабақта қолданылатын материалдар: А- 4, А-3 парақтары, стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қалам, мұғалімге арналған нұсқаулық, портал материалдары
Оқыту әдістері: Талантты және дарынды балаларды оқыту
Жаңа жұмыс әдістері мен құралдары.
ОүБ және оқуды бағалау
АКТ
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Топтық жұмыс
4. Пікірталас
Дерек көздері: Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары
Тапсырмалар: Стикер арқылы формативті бағалау, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, кері байланыс
Оқуға арналған тапсырма:
Мұғалімге арналған нұсқаулық. 50-57 беттер




Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Амандасу
(2 минут) Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады.
«Сәлемдесу» ойыны: Қазір сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларыңыз керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сіздер бір-бірлеріңізбен тез-тез амандасасыздар. Сонымен, көзбен..., қолмен..., иықпен..., құлақпен..., тіземен..., иекпен..., өкшемен..., арқамен. Амандасады
Коучтың айтуы бойынша іс-әрекеттерді жасайды
Сергіту сәті (жақсы психологиялық ахуал орнату)
(5 минут) Тақтада үлкен жүрек ілулі тұр.
-Қалай ойлайсыздар, жүректі не үшін алдым?
Ендеше, бүгінгі коучингімді қазақтың ұлы ақыны, данышпан Абай Құнанбаевтың «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген нақыл сөзімен бастағым келіп тұр.
-Олай болса, сіздер бүгінгі коучингтен не күтесіздер? Ойларыңызды стикерге жазып, жүрекке жапсырып көріңіздер. Жүрек туралы әріптестер өз ойларын айтады

Топқа бөлу
(3 минут) Абай өлеңдері бойынша бөлу Мұғалімдер 3 топқа бөлінеді

Ой шақыру
(топтық жұмыс)

(15 минут)

Постер жасау және оны қорғау.
Дарын, талант, қабілет сөздері ұсынылады.

Мұғалімдер өз А3 қағазына түсіреді
Бейнежазба көру
(15 минут) Бейнежазбаларды көрсетеді Бейнероликке қатысты ойларын ортаға салады
Теориялық материал
(презентация)
(10 минут) Таланттылық пен дарындылықтың анықтамасы және оны анықтау мақсатын түсіндіру
Сергіту сәті «1қыркүйек-25 мамыр» Презентацияны мұқият тыңдау
Топтық жұмыс
(20 минут) Тапсырманы түсіндіреді:
(пікірталас)
Дарынды және талантты балалармен жұмыс кезінде кездесетін кедергілер:
1-топ Сіздің оқушыңызда «Жұлдыз ауруы» басталса кедергіні қалай жоясыз?
2-топ Сіздің дарынды немесе талантты оқушыңыз мұғаліммен ерегесіп қалды делік, сіз бұл жағдаяттан қалай шығасыз?
3-топ Дарынды оқушыңыз облыс олимпиадасынан 1 орынға лайықты, бірақ бұл орын басқа оқушыға бұйырды. Оқушының сіздің пәніңізге деген қызығушылығы жоғалып кетпеу үшін не істер едіңіз?
Мұғалімдер ситуациядан шығуға тырысады.

Бағалау

(3 минут) 2 жұлдыз 1 тілек
Коуч бақылайды Мұғалімдер жазады
Кері байланыс
(5 минут)

Сауалнама сұрақтары Рефлексия жасайды Тәрбие.орг сайтынан «Талантты және дарынды балаларды оқыту» Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мединаева Гулнар Максотовна

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Құрман орта мектебі Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Коучинг жоспарлары
Көрсетілім: 567 | Жүктеулер: 10
Барлық пікірлер: 0
avatar