Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлау.

  • Жүктеулер: 192
  • Көрсетілім: 3448
  • Коучинг жоспарлары
  • 12/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21683


21- күн 1- сабақ
Сабақтың тақырыбы Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлау.
Сабақ мақсаты Мұғалімдер сабақты бірлесіп жоспарлау әдістемесін меңгеру нәтижесінде оқу мен оқытудың жаңа тәсілдерін қолданудағы білім мен дағдыларын жинақтайды, жеке жұмыс істей отырып, тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын жасайды.
Оқу нәтижесі Мұғалімдер:
•Тізбектелген сабақтар топтамасын әзірлеуде бір-біріне қолдау көрсетеді;
•Бағдарлама тақырыптары ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасының жоспары түрінде нәтиже алады.
Түйінді идеялар «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасының тақырыптары өзара байланысты және оларды тізбектелген сабақтар топтамасымен біріктіруге болады. Орта мерзімді жоспар сабақтан сабаққа дейінгі өзгеріс қарқынын бақылауға бағытталған. Мұғалімдерге сабақты жоспарлауда әрбір оқушының жеке қажеттілігін және оқу жоспарының мазмұндық ерекшеліктерін ескеру керек. Бірлескен жоспарлау бағалауды және мұғалімдердің тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері туралы білім мен түсініктерін әрі қарай дамытуға ықпал етеді.

Сабақ барысы
Іс-әрекет Тренердің әрекеті Тыңдаушының әрекеті
Сергіту сәті
«Поезд»
5 минут Тыңдаушыларды ортаға шығарып ережені түсіндіреді Тыңдаушылар қатар турып поездің іс-әрекетін жасайды
Топқа бөлу
5 минут Тренер тыңдаушыларды бағыт бойынша бөлінуді суранады Тыңдаушылар тренер нұсқауы бойынша топқа бөлінеді.
1.Жаратылыс бағыты
2.Гуманитар бағыты
3.Бастауыш
4.Д/ш, өнер, технология
Өткен сабақты қайталау
15 минут
«Жаңғақ теру» әдісі Тренер өткен тақырып бойынша сұрақ жазып, оны себетке салуды тапсырады Тыңдаушылар өткен тақырып бойынша сұрақ жазып себетке салады, сосын араластырып түскен сұраққа жауап береді.
Миға шабуыл
10 минут

Тренер өмірден мысал келтіреді.
Жылдық жоспарым
1.Қонақ бөлмені аяқтау
2.Той жасау
3.Үлкен ұлды оқуға түсіру
4.Көлік алу
Бірінші жоспарға нақты тоқталып. Бұл ОМЖ деуге болатынын айтады. Тыңдаушылар пайымдайды
Презентация
10 минут «Орта мерзімді жоспар» жасау туралы презентацияны көрсету,презентациядағы түйінді идеяларды түсіндіру зерделеу және ол туралы ойларын айту. Тыңдаушылар презентация туралы баяндайды , талдайды, дәлелдейді.
«Бірге ойлаймыз»
20 минут Үлгі бойынша ОМЖ құрғызуды бағыттайды.

Тыңдаушылар ОМЖ құруға әрекет жасайды

«Айналмалы бекеттер»

25 минут
Тренер тыңдаушыларға «Айналмалы бекет» әдісімен тапсырма береді.
Тыңдаушылар тапсырма бойынша жасалған постерге сұрақ жазады.
Тыңдаушылар «Айналмалы бекет» әдісімен тапсырма орындайды.
Орта мерзімді жоспар бойынша сұраққа жауап беріп білімдерін толықтырады.

2- сабақ Сабақ барысы
Іс-әрекет Тренердің әрекеті Тыңдаушының әрекеті
Сергіту сәті
«ҰМЖ,ОМЖ,ҚМЖ»
5 минут «ҰМЖ,ОМЖ,ҚМЖ» сергіту сәтін өткізеді.Тренер тапсырма береді жоспар үлгілері бойынша сап түзу. Тыңдаушылар сергіту сәтінде тренердің айтуы бойынша ҰМЖ десе бір қатарға, ОМЖ десе 4-5 болып турады, ҚМЖ жеке.
Топқа бөлу
5 минут SМАRT – терминдерімен бөледі Тренердің нұсқауы бойынша Specific- арнайы, нақты;
Measurable-өлшеуге болатын, шектеулі талап етушілік;
Attainable-қолжетімділік;
Realistic-шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;
Timed-белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.
топқа бөлінеді.
Ой қозғау
Бейнеролик
10 минут Нақты мақсат қою Ойларын білдіреді
Жигсо әдісі
15 мин
Үлестірме 382 бет Топқа тапсырма беріледі:
А) оқыту
Ә) оқу Топтар берілген тапсырманы талдап ортақ ой айтады.
Тәжірибеде қолдану
10 минут
Үлестірме 383 бет Өзара бағалау нысаны: тізбектелген сабақтар топтамасы Тыңдаушылар топпен бірлесіп кестені толтырады.
«Мен саған –сен маған» әдісі
15 минут
Топтар жасаған ОМЖ ларын алмасып талдау тапсырады және талдау критерийлерін түзуді ұсынады. Топтар бір бірінің жасаған жоспарларын белгілі критерий түзіп талдап шығады.

Қорытынды
«Ақпарат жеткізу» әдісі
15 минут Әдістің ережесімен таныстырады.
1) ОМЖ бойынша оқушыларға берілетін мүмкіндіктер.
2) ОҚУШЫЛАР МЕН ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ АРА-ҚАТЫНАСЫ
3) ОМЖ SМАRT негізінде құру Топтар кезегімен өтілген тапсырмалар бойынша мәтін құрайды, түінді ой болу керек. Бір топ сыртқа шығып кезекпен кіріп информацияны қайталап кейінгі әріптесіне жеткізеді. Тәрбие.орг сайтынан Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлау. Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мустапаева Рисалат Мамыровна

ОҚО Сарыағаш ауданы №89 Л.Жолдасов атындағы жалпы орта мектебі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar