ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

  • Жүктеулер: 15
  • Көрсетілім: 553
  • Коучинг жоспарлары
  • 11/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20945


Коучинг жоспары

№ Сабақтың тақырыбы «Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары және оның тиімділігі»
1 Сабақтың мақсаты Топтарда бірлесіп жұмыс жүргізу ережесін жасау.
Бірлесіп жұмыс жасайтын топтар құру.
2 Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері • Топтық, жұмыс жасауды дағдыға айналдырады.
• Мұғалімдер бір-бірімен қарым-қатынас жасауға дағдыланады.
3 Сабақтың нәтижелері қатысушылардың ойлау қабілеттерін дамытады, функционалдық сауаттылыққа бейімділікті қалыптастырады.
4 Коучингті өткізу әдістері топтық жұмыс, жұптық жұмыс, миға шабуыл, АКТ, СТО әдісі
5 Өткізілген уақыты 90 минут.
6 Ұсынылатын ресурстар 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
2. Қосымша дерек көздері.

Уақыты Коучердің іс-әрекеті Мұғалімнің (тыңдаушының) іс-әрекеті Қолданылған құралдар
2 минут Сәлемдесу.
Армысыздар, құрметті әріптестер. Бүгінгі коучингіге келгендеріңізге үлкен рахмет. Мен ойлаймын бүгінгі коучинг сіздерге маңызды болады деп. Көңіл болып келгендеріңізге рахмет.

Назарын коучерге аударады. Сәлемдеседі.
5 минут Танысу.
Нұсқау: Құрметті әріптестер барлығыңызды шеңбер бойымен тізбектеліп тұруларыңызды сұранамын. Шеңбер жасап орналасқан болсақ, қолымдағы допты оң жағымда тұрған адамға беремін. Бұл адам допты алып, өз есімін айтады да келесі адамға береді. Осылайша екінші адам допты алып алдынғы адамнын есімін айта отырып, өз есімін жариялайды. Доп менің қолыма жеткенше процесс осылайша жалғасады.
Сұрақ:
• Сіздерге танысудың бұл тәсілі ұнадыма?
• Бұл танысудан сіздер нені түсіндіңіздер?
Эмоционалдық көңіл-күйін көтереді, бір-бірімен танысады. Допты кезекпен алып, өздерінің есімдерін айта отырып, топтармен танысады. Жағымды әсер қалдыратын сөздер айту арқылы допты бір-біріне ұсынады. Осылайша өздеріне ахуал туғызады. Сұрақтарға өз пікірлерін айтады.
Доп
5 минут

Топ ережесін құру, топқа бөлу.
Нұсқау: Құрметті әріптестер топқа бөлінейік. Ол үшін
 тарқатылған суреттерге қарап топқа бөлу
Нұсқау: Құрметті әріптестер біз әуелі топ ережесін құрып алайық. А3-ға топ ережесін жазамыз.
Сұрақ:
• Сіздер топ ережесін құру мен топқа бөлуден қандай ой түйдіңіздер?
• Топ ережесі мұғалім немесе оқушы не үшін қажет деп ойлайсыздар?

Суреттердің мағынасына қарай топқа бөлінеді. Әріптестер өз ойларын білдіреді.

Бірінші ережеден кейінгі ережелерді әріптестер құрады.

Нәтижесінде 4 топқа құралады.
А3 әріптестер құрған ережені алдағы уақытта қолданатынын растап, қолдарын қояды.


А3, маркер

10 минут Миға шабуыл
Мұғалімдерге «Ауысып отыратын топтар» атты әфсананы көрсету.
Сұрақ:
• Сіздер бұл тапсырмадан түйген ойларыңызды өз сабақтарыңызда қалай қолданар едіңіз?
• Сонымен бүгінгі тақырыпты қандай деп ойлайсыз?

Топтағы әрбір қатысушы тақырыпты толғанып, өз ой-пікірлерін айтады.
Интерактивті тақта,
презентация

3 минут Тақырыпты көрсету.
Нұсқау: Мұғалімдерге бүгінгі «Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары және оның тиімділігі» көрсету.
Мұғалімдер бүгінгі тақырыпты көз алдарына елестеді.
Презентация
15 минут Топтық жұмыс
Топта жұмыс істеу жөнінде «Сағат дос» тапсырмасы бойынша мұғалімдер бір-бірімен жұп болып талқылайды.
Кестелерді қолдана отырып шағын топта жұмыс істеп отырған оқушылар туралы қысқаша бейнежазбаларды қарау.
Мұғалімдердің пікірлерін талқалау және топтағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында топта жұмыс істеу нұсқаулығын қолдана отырып, қалай орындау керектігін шешу.
Нұсқау: Топта мұғалімдер талқыланған идеяларыңыздан постер дайындаңыздар.
Мұғалімдер өздеріне берілген тақырыптарды талдайды және жұптық жұмыс жасай отырып, тақырыпты ашады. Түйген ойларынан постер дайындайды.

Постерде жазылған ойларын басқа жұптарға айтады.

А3,
маркер,

5 минут Талдау, өзара бағалау.
Нұсқау: барлық топ өз пікірлерін айтып болған екен, олай болса өзара бағалау әрекетін жасаңыздар. Тақырыпты ұтымды ашты деген тұпқа формативті бағалау жасаңыздар. Яғни ұтымды пікір айтқан топтарға қай тұстары ұтымды шыққандығы және неліктен олай болғандығы жайлы өз пікірлеріңізді стикерге жазып, сол топты постеріне жабыстырыңыздар.
Сұрақ:
• Сіздер осы тақырыпты талдау келе нені түсіндіңіздер?
• Қай топтың тапсырмасының сұрақтары дұрыс қойылған деп ойлайсыздар?
• Тапсырманы жан-жақты талдау үшін қандай сұрақтар қояр едіңіздер?
Топтаға мұғалімдер ақылдаса отырып, тақырыпты толық аша алған топқа формативті баға береді. Неліктен олай шешкендігі жайлы өз пікірлері жазылған стикерді постеріне жабыстырады.
Сұрақтарға өз пікірлерін айтады.
Стикер

10 минут
Мұғалімдерге топтық жұмыстың тиімділігін түсіндіру. Топтық жұмыс туралы нұсқаулықтан мәліметтер беру.
Сұрақ: Сабақтарыңызда оқушыларыңызды топқа бөліп жүргеніндеріңізді айта аласыздар ма? Мұғалімдер сабақтарында оқушыларды топқа, жұпқа бөлгендерімен бөлісу Презентация
10 минут Сергіту сәті.
«Нұсқауды орындау» жаттығуы.
Нұсқау: Топтағы мұғалімдер жұп құру. Бірі нұсқау беруші, екіншісі нұсқауды орындаушы болады. Бір-біріңізге қарама-қарсы отырыңыздар. Нұсқау беруші А4 қағазға компьютер сыныптың бейнесінің суретін салу керек. Екінші адам нұсқау берушінің сұрақ беру арқылы суретін салу керек.
Нәтижесінде нұсқаудың қаншалықты дұрыс берілгендігі анықталады.
Сұрақ:
• Сіздер бұл сергіту сәтінен не түсіндіңіздер?
• Сіздер сұрақты дұрыс құру сабақта қаншалықты маңызы бар деп ойлайсыздар?


Нұсқау беруші мен нұсқауды орындаушы тапсырманы орындайды.

Сұрақтарға өз пікірлерін айтады.

Түрлі-түсті маркерлер,
А4

15 минут Топтық жұмыс
Тапсырма2: Топтық әңгіменің 5 үлгесін талдау. Мерсердің 3 әңгімесіне қай эпизодтар келетін топта талқылап постер жасау. Мұғалімдер топтық әңгіменің 5 үлгесін Мерсердің 3 әңгімесіне жіктеу және постер жасау А3, маркер

10 минут Кері байланыс
Нұсқау: төмендегі сұрақтарға өз пікірлеріңізді жазуларыңызды өтінемін.
БББ кестесін толтыру
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Келесі коучинг семинарларда кездескенше күн жақсы болғай.
Кері байланыс парағаның сұрақтарына жауап ретінде өз пікірлерін жазады.
Кері байланыс

Дайындаған І деңгей мұғалімі Юсупова А.А Тәрбие.орг сайтынан ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Юсупова Алия Ашимовна

Астана қаласы №66 мектеп-лицей физика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar