Топтық жұмыстың тиімділігін қалай жақсартуға болады?

  • Жүктеулер: 9
  • Көрсетілім: 358
  • Коучинг жоспарлары
  • 17/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22608


Коучинг сабағының жоспары

Тақырыбы: «Топтық жұмыстың тиімділігін қалай жақсартуға болады?»
Мақсаты:
 Бірлескен – топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білу;
 Топтық жұмыстың тиімділігі туралы түсіну;
 Топтық жұмыстың тиімділігін арттыратын әдіс-тәсілдердің оңтайлы түрлерін меңгеру;
 Сабақта тиімді топтық жұмысты ұйымдастырып қолдану.
Күтілетін нәтиже:
 Топтық жұмысты жүргізу жүйесін меңгеріп, өз сабақтарында пайдаланады.
 Өз сабақтарындағы осы кезге дейінгі өткізген топтық жұмыс туралы пікірлерімен кері байланыс орнатады;
 Топтық жұмысты қолдануды жоспарлай алатын болады;
 Топтық жұмысты іс-тәжірибелерінде тиімді қолдану шеберлігін арттырады.
Ресурстар: слайд-таныстырылым, тақырыпқа байланысты мәтіндер, плакат, маркер, стикерлер

Коучинг сабағының құндылығы: құпиялылық, сенімділік, ашықтық, әділдік, біртұтастық, шынайылық, теңдік.

Коучинг сабағының кезеңдері Мақсаты Бөлінген уақыт Коучинг барысындағы іс-әрекет
І кезең

Өзара түсіністік орнату, сабақтың мақсаты мен мазмұнын айқындау үшін назарды шоғырландыру
8минут  Сәлемдесу;
 Жайлы ахуал орнату – «Гүлмен тілек»
 Топтастыру «Күн сәулесі» арқылы
 Топбасшыны сайлау, жауапкершіліктерді бөлісу
ІІ кезең

Ойлануға және талқылауға арналған материалды ұсыну 12 минут  «Миға шабуыл» әдісі
- АКТ. «Құмырсқалар» бейнематериалы көрсетіледі;
- Ойлануға уақыт беріліп, сұрақтар қойылады:
- Сонымен, жаңа ғана сіздер көрген бейнематериалдағы құмырсқалардың бойында қандай қасиеттерді байқадыңыздар?
- Бүгінгі коучинг қандай тақырыпта болады деп ойлайсыздар?
- Топтық жұмыс сабақта тиімді деп ойлайсыздарма?
 Слайд-таныстырылым
- коучинг тақырыбы, мақсаты мен күтілетін нәтижесі көрсетіледі, ынтымақтастық және топтық жұмыс туралы шағын теориялық ақпарат беріледі.
- «Бас бармақ» кері байланыс
ІІІ кезең

Нақты дағдыларды дамытуға арналған тәжірибе жүзіндегі жаттығулар
5 минут
5 минут
8 минут

4 минут  «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі
 Мәтінмен жеке жұмыс (Түртіп алу әдісі - + ? )
 Жұптық жұмыс
 Топпен жұмыс «Топтық жұмыстың тиімділігін қалай жақсартуға болады?» тақырыбында постер қорғау
 «Сұрақты ұстап ал» әдісімен (жеке, топпен жауаптар)

 Ауызша кері байланыс Сұрақ? Осы топпен жұмыс барысында Сіздер қандай жағдайларды байқадыңыздар?
 Мәтінді игеруге жеке, жұппен, топпен жұмыстың қаншалықты тиімділігі болды деп ойлайсыздар?

IV кезең

Сабақ бойынша қалыптастырушы бағалау үшін кері байланыс 2минут  «Сұрақтары бар қорап»
- Мұғалімдер стикерлерге сұрақ, ұсыныстарын жазып қорапқа салады
- «Даналық ағашы» Тәрбие.орг сайтынан Топтық жұмыстың тиімділігін қалай жақсартуға болады? Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жанаханова Раушан Жумадиловна

Жамбыл облысы Меркі ауданы № 17 И.И.Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясы тарих пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar