жыр-опера-кино

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 729
  • Коучинг жоспарлары
  • 04/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22497


Пәні: МУЗЫКА
Сабақтың тақырыбы: Жыр –опера - кино Мұғалімнің аты-жөні: Шинетова Оксана
Мерзімі: 5 «а» 5 «ә» 5«б» 5 «в»

Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
Жырдың тақырыбын, идеясын, тартысын нақтылай отырып, кейіпкерлер сипатын жан-жақты ашу, теориялық білімдерінің негізінде жырдан, кинодан үзінділер талдату, жырдың өміршеңдігін,операдағы оның маңызын ұғындыру.
Қазақ музыкасы мен кәсіби музыка арасындағы байланысты сезіндіру.Классикалық музыканы тыңдай білуге дағдыландыру.
Адалдықты, достықты, адамгершілікті паш ету, халқымыздың әдет-ғұрыптарын қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1-деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Әндерді нақышына келтіріп орындай алады, жыр мазмұнына талдау жасай алады.
2-деңгей
(қолдану, талдау):
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Музыкалық сауаты , танымы ашылады.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Музыкаға деген қызығушылықтарын артады. Шығармашылық қабілеттері дамиды.
Тілдік мақсат: Классик композитор, симфония, финал
Ресурстар: Музыка оқулығы 5, дидактикалық материалдар, көрнекіліктер, АКТ

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ әдебиеті, дүниежүзі тарихы
Алдыңғы оқу: Классикалық опера өнері
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
... минут (1-3 минут) 1. Амандасу.
2. «Сәттілік» тренингі
3. Топқа бөлу 1.Амандасады.
2. Сәттілік тілеп, бір-біріне қолдау көрсетіп, жағымды қарым-қатынас орнатады.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
... минут (7-10 минут)
1-деңгей (білу, түсіну):
(1-2 ұпай) Үй тапсырмасы тексеріледі.
«Өкіл» әдісі арқылы тексеріледі. Әр топқа өкіл барып оқушылардың тақырыпты меңгергендігін тыңдап, түрлі стикер арқылы бағалайды.
«Сиқырлы сұрақ» Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар даярлау. «Бағалау ағашы» арқылы бағаланады.

Хор айту ережелері 1-2ұпай
2-деңгей
(қолдану, талдау):
(2-3 ұпай)
Хор кантата оратория 2-3ұпай
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
(4-5 ұпай)
Ақ көгершін әнін жатқа орындау. 4-5ұпай
ЖАҢА САБАҚ
... минут (5-7 минут)

Опера - сахнада қойылу үшін жазылған көлемді музыкалы - драмалық шығарма.
Ария - белгілі кейіпкердің бейнесін ашатын жеке ән.
• «Қыз Жібек»операсының қысқаша мазмұнымен таныстыру.
• Операда Жібектің бейнесін ашатын ән - Ыбырайдың әні «Гәкку» Ы. Сандабайұлымен қысқаша таныстыру.
Ән тыңдау. (үнтаспадан)
Е.Брусиловскийдің өмірі мен шығармашылығы және «Қыз Жібек» лиро-эпосы туралы ресурс беріледі.
Шығармашылық тапсырма беріледі. Берілген ресурстар бойынша постер қорғау тапсырылады. Критерий бойынша бағаланады.
«Қыз Жібек» операсынан Жібектің ариясы «Гәкку» әні тыңдатылады.
1972 жылы Тбилиси қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальде «Үздік көркемдік шешім» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Аталған фестивальде Гүлфайруз Ысмайылова, Кененбай Қожабеков, Сұлтан Қожықов дипломмен марапатталды.
2010 жылдың 27 желтоқсанында «Құлагер» ұлттық кинематографиялық байқауында Асанәлі Әшімов, Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков құрмет грамотасы мен «Экран шебері-2010» төс белгілері табыс етілді. Бастысы - фильм қалың халықтың ыстық ықыласы мен үлкен марапатына ие болды.
Қызықты мәліметтер. Фильмді түсіру жұмыстары Семей, Көкшетау, Ақтау өңірлері мен Алматы облысының сол кездегі Күрті ауданында, Жаркент маңында, Іле өзенінің жағалауында жүргізілген. Басты кейіпкер Жібек рөліне лайықты бойжеткенді табу мақсатында 1968 жылы 1 қаңтарда «Лениншіл жас» (қазіргі таңда «Жас Алаш») газетіне хабарландыру жарияланады.
Төлегеннің ақсауыты мен Жібектің бүрмелі көйлегі бұл күнде «Қазақфильм» мұрағатында сақтаулы. Бішкек қаласының хайуанаттар бағынан киноға түсіру үшін арнайы аққулар әкелінген. Түрлі себептермен киноның 500 метрлік лентасы қиылған. Түпнұсқада фильм ұзақтығы 3 сағаттан асады. Фильмге сегіз, он, он алты қанатты жалпы саны отыздан асатын киіз үйлер арнайы тігілген. Фильмнің бас суретшісі Гүлфайруз Ысмайылова киноны көркем безендіру үшін мың жарымнан астам эскиз жасаған екен.
САБАҚТЫ БЕКІТУ
... минут (15-20 минут)
1-деңгей (білу, түсіну):
(1-2 ұпай) Жеті саз» тапсырмасы бойынша «До» - Е. Г. Брусиловский қай жылы, қай жерде дүниеге келген? «Ре» - Қандай шығармаларын білесіңдер? «Ми» - Опера дегеніміз не? «Фа» - Ария деген не? «Соль» -«Қыз Жібек»операсы неше бөлімнен тұрады? «Ля» - Операның либреттосын жазған кім? «Си» - Жібектің бейнесін ашатын қай ән? Әннің авторы кім? 1-2 ұпай
2-деңгей
(қолдану, талдау):
(2-3 ұпай)
1. Сағат тіліндегі сандар оқушыларға үлестіріледі. Сандарға сай сұрақтар беріледі. 2-3 ұпай
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
(4-5 ұпай)


Суретпен әңгіме 4-5 ұпай
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
... минут (5-7 минут)
1-деңгей (білу, түсіну):
(1-2 ұпай немесе «3» баға) Жыр – опера – кино тақырыбын мазмұндау 1-2 ұпай
2-деңгей
(қолдану, талдау):
(2-3 ұпай немесе «4» баға) «Қыз Жібек» фильмінен алған әсерім 2-3 ұпай
3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми - зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)
(4-5 ұпай немесе «5» баға) «Қыз Жібек» фильмін заманауи түрде қалай түсірген болар едің? 4-5 ұпай
БАҒАЛАУ
... минут (2-3 минут) (Сабақ барысында қанша ұпай жинақтаса13-15- «5», 10-12«4»,8-12 «3» немесе1-8 «2» баға алатыны жазылады)
Бағалау парақшаларын толтыру.
КЕРІ БАЙЛАНЫС
... минут (1-2 минут) Смайликтер арқылы кері байланыс орнату


Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?


Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?
Тексерілді тәлімгер: Ұ.Нысанбаева
Тексерілді: Б.Амалдыкова Тәрбие.орг сайтынан жыр-опера-кино Коучинг жоспарлары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шинетова Оксана Полатовна

ОҚО Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылдық округі №89 Л.Жолдасов жалпы орта мектебі музыка пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar