Адамгершілік пен сыйластық

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 604
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 21/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20627


Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік пен сыйластық.
Сабақтың мақсаты: Студенттердің білгендерін бір жүйеге келтіру, толықтыру, адамгершілік құндылықтарын үйрету.
Міндеттері:
- Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңірту; - Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу; - Әдептілікке, сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірме материалдар,бейнебаян.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Тыныштық сәті
III. Дәйексөз
IV. Әңгімелесу
V. Бейнебаян
VI. Шығармашылық жұмыс
VII. Топпен ән айту
VIII. Ойын
IX. Тыныштық сәті
X. Қорытынды.

II. Тыныштық сәті
Мұғалім: Кеуделеріңізді тік ұстап, аяқтарыңызды айқастырмай, қолымызды тіземіздің үстіне қойып, денемізді бос ұстап, көздеріңізді жұмуларыңызды өтінеміз. (Баяу әуен қойылады).
Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан-дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр. Күннің нұры қолыңызға барды, ол саусақтарыңызға тарап, ыстық сезім ұялатты, саусақтарыңыздан шығып денеңізді аралап, аяқтарыңызға жетті. Аяқтарыңыз сізді нұрлы жолға бастады. Аяқтарыңыздан шығып, нұр шуағы көздеріңізге барды. Көздеріңіз тек жақсылықты көруде, көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады, түйсікте жағымды ойлар пайда болды. Күннің нұры осы аудиторияға түгелдей тарады, барлық адамдарға тек жақсылық сыйлауда. Күннің нұры өзіңізге қайта оралды. Сіз күн нұрындасыз. Сіз нұр сәулесісіз!

III. Дәйексөз
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Абай Құнанбаев
IV.Әңгімелесу
1.Адамгершілік дегенді қалай түсінесіздер? 2. Адамгершілік надан, өзімшіл адамдардын бойында кездесе ме? 3. Сыйластық дегеніміз не? 4. Неге қарапайып адам лезде өзгеріп мүлде басқа адамға айналады?
V. Бейнебаян: Адамгершілік туралы. VI.Шығармашылық жұмыс Адамгершіліктің қарапайым қағидаларын жазаып шығады. Амандасу, үлкенді құрметтеу, тілін сыйлау, отанын қорғау, дінін сатпау.
VII.Топпен ән айту: Қыдырәлі мен Қарақаттың «Бағым сен»

Сен, баға жетпес бағым
Сен, шуақ шашқан таңым
Сен, жарқыраған жарқыным менің

Сен, үлбіреген гүлім
Сен, күлімдеген күнім
Сен, аялайтын алтыным менің

Қайырмасы:
Аспан мен жер екеумізге
Жаралғандай қарашы неткен әдемі
Мәңгілікке мәңгі бірге
Қос аққудай жүзейік біз айдын көлде

Сен, әуелеген әнім
Сен, жақсы көрген жаным
Сен, ақ жүректі адалым менің

Сен, айдай әсем ару
Сен, жүрегіме дәру
Сен, еркелеген маралым менің

Қайырмасы:
Аспан мен жер екеумізге
Жаралғандай қарашы неткен әдемі
Мәңгілікке мәңгі бірге
Қос аққудай жүзейік біз айдын көлде
Айдын көлде


Қайырмасы: х2
Аспан мен жер екеумізге
Жаралғандай қарашы неткен әдемі
Мәңгілікке мәңгі бірге
Қос аққудай жүзейік біз айдын көлде
Айдын көлде

VIII. Ойын: Сұрақ-жауап жазылған кәртішке деп аталады.
Ойынның барысы: Сұрақтар мен жауаптар бөлек қойылады. Бірінші студент сұрақты алып, екінші студентке оқиды.Екінші студент жауаптар жазылған кәртешкенің біреуін алып оқиды. Ойын қызығы мынада: «Адал тапқан ақшаңызды оңды-солды шашасыз ба?» деген кәртішкені оқыса, «Бұл менің сүйікті ісім»-деп жауап беруге тура келуі мүмкін.

IX.Тыныштық сәті
Терең демалайық!Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер.Бұл қайырымдылық,бақыт,бейбітшілік және қуаныш жарығы.Қандай тамаша!Қане,сұлулықты тамашалап көрейік!Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық,қайырымдылық,сүйіспеншілік әкелсін.Ішкі дүниеміз тап-таза,жап-жарық болып кетті.Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді.Қандай әдемі!Түрлі-түсті жапырақтар құлпырып тұр.Бұл сіздің отбасыңыз.Бұл жәйгүл емес,сүйіспеншілік гүлі.Көзіңізді жұмып,осы гүлді елестетіңіздер.Ол әлі кішкентай.Күн оны жылытып,өсуіне көмектеседі.Гүлдің иісін иіскейміз.Міне,бізде қандай ғажап гүл пайда болды.

X. Қорытынды
Адамгершілік қасиет- жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы.
Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін.
Серт берген еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін. Тәрбие.орг сайтынан Адамгершілік пен сыйластық Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кабакова Жайна Алипбаевна

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №6 жалпы орта мектебі өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar