Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Алма"
  • 06.01.2017
  • 85 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20807

Мақсаты : қызыл түсті ажырата білуге үйрету.
Білімділік : алманың талда өсетінін түсіндіру, қызыл түсті тануға үйрету.
Дамытушылық : ұсақ-қол және жалпы моторикасын дамыту,есте сақтау қабілетін,зейінін, ойлау қабілетін жетілдіру, дәмін сезе білуге үйрету, сөдік қорын дамыту.
Тәрбиелік :тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: сурет, сенсорикалық эталондарды дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: сортер тақтасы, алма ағашы бейнеленген суреттер, бояу, майлық ,дорба, муляждар, алма.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру.
Пассивті саусақ жаттығуларын жасаймын:

Бас бармағым алғашқы ,
Балаң үйрек жалғасы,
Ортан терек кезекші ,
Шылдыр шүмек көмекші,
Шынашағым балапан,
Бәріне ортақ алақан.

- Өте жақсы. Ал енді пішіндерді орнына қояйық. .
Балаға пішіндерді орнына қоюға көмектесемін.

II. Негізгі бөлім.
Балаға суреттерді көрсете отырып :
- Мынау алма ағашының суреті, мұнда алма өседі. Алмалары қызыл екен.
- Ал мына суретке қарайықшы, мұнда алмалары жоқ екен. Қане екеуміз алма ағашына қызыл алмаларды ілейік
(Балаға сары түсті және қызыл түсті алмаларды көрсетіп, қызыл түсті алманы таңдауға көмектесемін)
- Біздің ілген алмалардың түсі қандай екен?
- Қызыл .
- Өте жақсы . Қане бойымызды сергітіп алайық .

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық .
Бір отырып , бір тұрып ,
Біз тынығып алайық .

- Мына алма ағашында да алма жоқ екен. Қане екеуміз алма ағашына қызыл алманы , саусағымызбен бояп салайық . Ол үшін саусағымызды қызыл түсті бояуға саламыз.
Балаға алманы салғыздыртамын.
- Өте жақсы. Қане қолымызды тазалап сүртейік.

Д / о: « орнына сал».
Шарты : жемістердің ішінен алманы тапқызып алғызып, сиқырлы қорапқа салғызамын.

III. Қорытынды:
- Менің саған сыйлығым бар. Бұл не екен ?
-Алма.
Балаға «алма» деп ататқызамын, түсін, пішінін айтамыз.
- Ал енді дәмін татып көрейік.
Алманы кесіп, жегіздіртемін.
-Алма қандай екен?
-Дәмді.
-Дұрыс айтасың. Өте жақсы. Бүгін сабаққа жақсы қатыстың. Тәрбие.орг сайтынан "Алма" Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сарсембаева Айжан Мурасовна

"ШҚО Аягөз аудандық әкімдігінің әлеуметтік көмек көрсету орталығы " КММ Дефектолог маманы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Мектептен тыс мекемелер
Көрсетілім: 85 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar