Алтын күз мерекесіне арналған іс-шара

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 812
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 26/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19809


БЕКІТЕМІН______
«Рудный қаласы әкімдігінің
№ 19 орта мектебі»КММ
директоры:
Г.Г. Смагулова

«Аяулы күз, Алтын күз-2016»
(8,9,10 сыныптар сайыс)

Жауапты: Айдарова Д.Л.

2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Аяулы күз, Алтын күз-2016»
Мақсаты: «Аяулы күз, Алтынкүз 2016» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
2. Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету;
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.
Күні: 25.10.2016 ж. Сағ: 15:00
Қатысатын сыныптар: 8,9,10-сыныптар
Сайыстың басталуы:«Күзгі би»
Музыка sad сахнасыртында « күз» туралы өлең оқылады.)
Дала сары секілді
Самал соқты салқындау.
Қырманға дән үйілді,
Алтын астық, алтын тау.

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Алма пісіп албырап,
Көзді тартқан қоңыр күз.
Мәуе пісіп балбырап,
Маужыраған қоңыр күз.
Алма пісіп албырап,
Көзді тартқан қоңыр күз.

(ортаға 2 жүргізуші келеді)
ІІ Жүргізуші Армысыздар Қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да , адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді.
І Жүргізуші Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап – сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз«Сабан той»өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Аяулы күз, Алтын күз – 2016»мерекесімен құттықтаймыз!
ІІ Жүргізуші Құттықтау үшін сөз мектеп директоры Гулжазира Гинятқызына беріледі.
Бұл сынға 8,9,10 сыныптарының оқушылары қатысқалы отыр.
I жүргізуші
Біздерде ойын – сауық басталады,
Тамаша ән айтылып, би билейді.
Қошеметтеп қол соғып отырайық,
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе – тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз – деп «Аяулы күз, Алтын күз - 2016» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз. Бүгінгі балымыздың үміткер ханзадалары мен ханшайымдары.
8 а
8 ә
8 б
8 в
9 а
9 ә
9 б
9 в
10 а
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен жұптардың қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз, ханзадалар.
Реттік номерлеріңізді әділ қазыларға жаздыртыңыздар.
1 номерде
2 номерде
3 номерде
4 номерде
5 номерде
6 номерде
7 номерде
8 номерде
9 номерде
Жүргізуші ІІ
Ендеше, осы сайысымызды саралап, даралап, әділ баға беретін әділ қазылармен таныстырып өтсек. Әділ баға берушілер:
1
2
3
4
I Жүргізуші
рахмет. Қатысушылар өз орындарына баруына болады
Сайысымыздың шарттарымен таныстыра өтсек:

1. Таныстыру (5 мин)
2. Өз өнерлерін көрсету (3-4 мин)
3. Викториналық сұрақтар.
4. Ханшайымдардың салат дайындау сайысы
5. Күзгі сән үлгісі.
IІ Жүргізуші
Өнер қуып жұптарымыз өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген жұптар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер дейміз, - дей келе, жұптарымыздың таныстыруына кезек берейік.
Сонымен бірінші кезең «өздерін тансытыру» 1 нөмірдегі қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.
2 номердегі қатысушылар
3 номердегі қатысушылар
4 номердегі қатысушылар
5 номердегі қатысушылар
6 номердегі қатысушылар
7 номердегі қатысушылар
8 номердегі қатысушылар
(Барлық қатысушылар өздерін таныстырады)
I Жүргізуші
Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,
Бір басына өнері жетердейміз
Сайысқа келген ханзадалар мен ханшайымдар,
Өз өнерін ортаға көрсетсін дейміз.

Екінші кезең «өз өнерлерін көрсету» (өз өнерлерін көрсетеді)
(1,2,3,4,5,6,7,8,9-қатысушылар ретімен шығып өнерлерін көрсетеді.)
IІ Жүргізуші
Барлық қатысушыларды ортаға шақырамыз.(барлығы кіріп болған соң)
Қатысушыларымыздың танып-біліп, өз өнерлеріне куә болып отырмыз. Енді оларды ортаға шақырып, білімдерінде сынап көрсек. Әрбір дұрыс жауап 1 балға тең. Олай болса қатысушыларымызға сәттілік. Сұрақтарға дайынбыз ба? Сұрақ қойылатын қатысушылар алдыға шығып жауап береді.)
I Жүргізуші
Викториналық сұрақтар бойынша қатысушылардың бағасын анықтау үшін әділ қазыларға берсек . Осы сұрақ-жауап кезеңі бойынша жинаған ұпайларын айтып өтсеңіздер
IІ Жүргізуші
Ендеше қатысушыларымызды өз орнынан қозғалмай келесі кезеңді дәл осы жерде орындасақ. Бұл үйге берілген тапсырма болатын. Бұл кезең «күзгі салат» деп аталады, ол үшін ханшайымдар үйден әкелген 5 түрлі азық-түліктерден күзгі салат түрін жасап көрсетулері тиіс. Бұл кезеңде жылдамдықтарыңыз, салаттың құрамы және дәмі есептеледі. Ханшайымдар шарт түсінікті ме? Дайын болсаңыздар бастаймыз.
(Ханшайымдар әділ қазыларға салат құрамын түсіндіріп өтеді.)
Қатысушылар орындарыңызға барып, келесі «күзгі сән үлгісіне» дайындала берулеріңізге болады.
І Жүргізуші Келесі кезеңге қатысушыларымыз дайын болғаншы музыкалық ән-шашуға кезек береміз.
Ән
IІ Жүргізуші
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған «Күзгі ханзада мен ханшайымды» сән үлгісінде ортаға шақырамыз.
I Жүргізуші
Сайыстың барлық кезеңдерін аяқтадық. Әділ қазылар әділ шешімін шығарғанша,
Шалқытып«Алтын күзде» ән салайық,
Өнерпаз, өрендерге тамсанайық,
Ән-шашуын біздерге алып келген,
..... ортаға шақырайық.
дей келе, әсем әнімен ортаға шақырамыз. «»әні.
ІІ жүргізуші
(әділ қазыларымыздың дайынбыз деген белгісінен кейін)
Дайын болса сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз
I Жүргізуші
Жеңімпаздарымызды бүгінгі жеңісімен құттықтаймыз.

Бойларыңда от бар екенін байқадым
Көздеріңде шоқ бар екенін байқадым
Әрқашанда осы шақты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Осымен бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз-2016» атты байқау өз мәресіне жетті.
Келесі кездескенше сау болыңдар!

ІІ жүргізуші: Жеңісті күндерде кездескенше, достар! Ал енді хабарландыру қазір 7,8,9,10,11- сынып оқушыларына акт залында би кеші болады, билеп көңіл көтеріңіздер. Тәрбие.орг сайтынан Алтын күз мерекесіне арналған іс-шара Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айдарова Дарига Лепесбаевна

Рудный қаласы № 13 орта мектебі Тарих пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar