«Ардақтаймыз анажан» 8 наурыз мерекесіне

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 288
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 14/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21754


«Ардактаймыз анажан»
Абилмажина Айгумыс Зияшовна
№36 «Ақбота» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Қарағанды обылысы Сәтбаев қаласы
Балалар залға қол ұстасып жұбымен кіреді.Жүр-ші:-Құрметті аналар,әжелер,әріптестер,қыздар сіздерді бүгінгі көктемнің алғашқы 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге бақыт,денсаулық,ұзақ өмір тілеймі
Анам-жұмақ, мен-шуақ саяба
Анам-шырақ, мен-сұрақ санадағы
Анам-теңіз, мен-қайық тербетілген
Анам-бұлақ, мен-құрақ жағадағы.
-деп отырып, әрқашанда,анамызды аялап,сыйлап жүрейік.Ана деген ең өмірдегі жақын адам,өйткені бізді дүниеге әкелген, өмір сыйлаған анамыз.Ендеше біз анамызға арнап әнімізді орындап берейік.
Ән: «Ардақтаймыз анажан»
Мені жақсы көреді
Күнде күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді
Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды құмаймын
Айтқан сөзін тыңдаймын
Анашымды сыйлаймын Айсұлтан

Құшағыңа кіргенде
Жылынамын бір демде
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де
Үн қатасың бал тілімен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен Ұлпан



Жүргізуші:- Жарайсыңдар балалар,отырыңдар.
Қонаққа Қызыл телпек келеді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар!Құрметті аналар,әжелер,қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүр-ші: -Қызыл телпек сен қайдан келе жатырсың? Қайда барасың?
Қызыл телпек:- Мен әжеме баражатырмын, бүгін мереке ғой,әжемді құттықтаймын деп шығып едім, музыканы естіп,осында бұрылдым.
Орманда келе жатып көп гүлдер теріп алдым сендердің әжелеріңмен,аналарыңа сыйлайын деп.
Себеттегі гүлдерін ата-аналарға таратады.
Жүр-ші: - Рахмет саған Қызыл телпек, қандай әдемі қызғалдақтар теріп алыпсың.
Қызыл телпек:- Балалар, мен сендермен би билеп,ойын ойнап көңіл көтергім келеді.
-Қыздар келіңдер «Гүлдер биін» билейік.
Би: «Гүлдер»
Жүр-ші: - Ал, енді кезек ойынға келді,келіңдер ойын ойнайық.
-Қыздар,сендер мамаларыңа қалай көмектесесіңдер?
-Ал кір жууға көмектесесіңдер ме? Оны қазір көреміз,келіңдер «Кім жылдам кір жуады» деген ойынға шығады.
Ойын: «Кім жылдам кір жуады»
Қызыл телпек: - Ал,балалар мені әжем күтіп қалған шығар, сендермен өте көңілді болды бірақ маған кетуім керек,мен әжеме барайын сау болыңдар, балалар!
Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Нанға кетсе мамамыз
Үйде өзіміз қаламыз Батырша

Сен ұйықтасаң әнге балқып
Анаң жаны жайланар
Аспандағы Ай да қалқып
Ақ бетіңнен аймалар Нұрсұлтан

Ән : «Мерекеңмен анашым»
Ынтықсың сен маған
Асыл үніңмен
Қуантайын мама
Әсем биіммен – деп «Матрешки» биін қабыл алыңыз
Би: «Матрешки» (Ангелина,Айсауле,Мерей,Мариям,Еркежан,Ұлпан)
Ойын: «Жылы сөздер»-аналармен ойнату. Аналар өз балаларына жету үшін әр адым сайын еркелететін сөздерін айтады.
Жүр-ші:-Біздің балалар аналарын қалай жақсы көрсе,солай әжелерін де жақсы көреді. Әжелеріне арнап өз тақпақтарын айтып береді.
Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді
Әжем мені өйткені
Өте жақсы көреді Мерей

Менің әжем, ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем
Етегі айтып бер десең
Аман есен жүр әжем Мақсат

Менің әжем,жыр әжем
Шуағы мол,нұр әжем
Ақ таяққа сүйеніп
Аман сен жүр әжем Ақниет

Жүргізуші: - Ал енді кезекті биге береміз,барлығымыз ортаға шығып «Ладушки» биін билейміз.
Би: «Ладушки»
Ән: «Анамызға мың алғыс»
Жүр-ші: - Балалар,біз енді аналарымызға жасаған сыйлығымызды табыс етейік.
Балалар сыйлықтарын беріп,ертеңгілікті аяқтаймыз. Тәрбие.орг сайтынан «Ардақтаймыз анажан» 8 наурыз мерекесіне Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абилмажина Айгумыс Зияшовна

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы №36 "Ақбота" бөбекжай балабақшасы тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar