ҚАЗАҚШАҢЫЗ ҚАЛАЙ?

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 590
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 17/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19700


«Қазақшаңыз қалай?» атты отбасылық
сайыстың әзірлемесі
15.09.2016 жылы. Тілдерді оқыту орталығында
Ж.Қ. Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, сайысқа қатысушы отбасылар. Қош келдіңіздер! Жыл сайын елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісінде Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесі аталып өтіледі. Осыған орай ауданымызда 7- қыркүйектен бастап Тілдер онкүндігі өтіп жатыр. Сонымен қатар 11-қыркүйекте тойланатын Отбасы күні мерекесі биыл осы онкүндікке сәйкес келді. Сондықтан біздің бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты отбасылық сайысымыз осы екі мерекеге арналады.
Тіл – әрбір елдің, ұлттың мақтанышы. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі - оның бақыты, тірегі. Тілдің тағдыры – елдің тағдыры. Тілге деген құрмет, отанға сүйіспеншілік сияқты қасиеттер отбасында қалыптасады. "Отан отбасынан басталады" деген жақсы сөз бар. Біздің арамызда мемлекеттік тілді отбасымен үйреніп жүрген жерлестеріміз бар. Осындай бірнеше отбасы – бүгінгі біздің сайысымыздың қатысушылары. Ендеше оларды таныстырып өтейік: 1 отбасы: Лозинскийлер отбасы, анасы-Татьяна Ильинична мен ұлы Дмитрий, Товмасяндар отбасы - ағалы –інілі Сергей мен Юра және олардың туысы ........., Ковалевтар отбасы - апалы-сіңлілі Ольга және Надежда және , Полянскийлер отбасы - апалы-сіңлілі Наталья мен Ольга және Ольганың қызы Арина .
Бұл енді сайыс болғандықтан, оны әділ бағалайтын әділқазылар алқасымен танысып қойыңыздар, әділқазылар алқасының төрағасы: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қарсыбаева Дина Садуақасқызы, Тілдерді оқыту орталығының директоры Қайрмденова Арайлым Есболатқызы және Орталық оқытушысы Мадиева Айман Кәрібайқызы
1- кезең «Отбасын таныстыру» кезекпен ортаға шығып өздеріңізді таныстырасыздар.
Сайысымыздың екінші кезеңі «Жорға» деп аталады. Берілген сұрақтарға мейлінше тез жауап беру қажет. Берілген дұрыс жауаптың санына қарай ұпай беріледі.
___________________ отбасы.
2- кезең «Жорға»
І-топ
1. Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
2. Қыс айларын атаңыз (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
3. Қазақстан Республиканың туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
5. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін қашан тойлаймыз?
(16 желтоқсанда)
6. «Моя Родина – Республика Казахстан» сөйлемін қазақ тіліне аударыңыз.
7. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? (жалғаудың 4 түрі бар)
8. 6-шілде қандай мереке? (Астана күні)
- Жақсы, рахмет, ал енді келесі отбасына көшейік.
- ІІ-топ
1. Бір айда неше апта бар? (4 апта бар)
2. Көктем айларын атаңыз. (наурыз, сәуір, мамыр)
3. 1.Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары кім?
(Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлихан)
4. Қазақстан Республикасының елтаңбасында не бейнелген?
(қанатты пырақтар, алтын жұлдыз, күн сәулесі)
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін қашан тойлаймыз?
6. «Үш тұғырлы тіл» саясатына қандай тілдер кіреді? (қазақ, орыс, ағылшын)
7. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9 дыбыс)
8. «Казахский язык – государственный язык» сөйлемін қазақ тіліне аударыңыз.
- Өте жақсы, Көңіл-күйлеріңіз қалай? Сұрақтарға жауап беруге дайынсыздар ма?
ІІІ-топ
1. Бір аптада неше күн бар? (7 күн)
2. Күз айларын атаңыз (қыркүйек, қазан, қараша)
3. Қазақстан Республиканың әнұранның авторлары кімдер? (Ж.Нәжімеденов;Н.Назарбаев, Ш.Қалдыаяқов)
4. Қазақстан Республикасында Наурыз мейрамы қашан тойланады?
5. 1- желтоқсан қандай мереке.
6. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын атаңыздар. (бешбармақ, бауырсақ, қуырдақ)
7. «Я живу в независимом государстве» сөйлемін қазақ тіліне аударыңыз.(Мен Тәуелсіз мемлекетте тұрамын)
8. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
-Тамаша, келесі соңғы отбасымен ойнайық
ІҮ-топ
1. Бір жылда неше мезгіл бар? ( 4 мезгіл)
2. Жаз айларын атаңыз (маусым, шілде, тамыз)
3. Қазақстан Республиканың туда не бейнеленген?
(қыран құс,ою-өрнектер,күн сәулесі)
4. Қазақтың тұңғыш ғарышкері?(Тоқтар Әубәкіров)
5. Тілдер мерекесі қай айда тойланады? (қыркүйек)
6. Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай? (7 септік)
7. «Казахстан – многонациональное государство» сөйлемін қазақ тіліне аударыңыз (Қазақстан – көпұлтты мемлекет)
8. Қазақстанның елордасы қай қала? (Астана)
Өте жақсы, осымен сайысымыздың бірінші кезеңін де аяқтадық. Келесі кезеңге көшейік.
3- кезең «Қазақ есімдері» деп аталады. Қазір сіздерге бір-бір парақша таратамын, ондағы сөздерді аудару керек, аударғанда қазақ есімдері шығады.

Болсаңыздар оқыңыздар, содан соң әділ –қазылар алқасына беріңіздер.

4 - кезең «Тапқыр» деп аталады. Мына жұлдызшаларды аласыздар, жұлдызшаларда әріптер берілген. Берілген сұрақтардың жауаптары сол әріптен басталуы тиіс.
1- тобының сұрақтары: А
1. Сіздің атыңыз кім?
2. Сіз қайда тұрасыз?
3. Сізге қандай жеміс ұнайды?
4. Сіз кіммен таныстыңыз?
5. Жазда демалысқа қайда барасыз?
6. Сіздің неше құрбыңыз бар?
2-тобының сұрақтары: Б
1. Сіздің тегіңіз кім?
2. Сіз қайда тудыңыз?
3. Дүкеннен не сатып алдыңыз?
4. Сыйлықты кімге бересіз?
5. Қандай тағам ұнайды?
6. Құрбыңыздың аты кім?
3-тобының сұрақтары: Қ
1. Сізге қай қала ұнайды?
2. Сіз қайда барасыз?
3. Қазір қандай ай?
4. Досыңыздың аты кім?
5. Ұжымыңызда неше адам бар?
6. Қандай түс ұнайды?
4-тобының сұрақтары: Ж
1. Қазір қай жыл мезгілі?
2. Демалысқа қашан шығасыз?
3. Сізге аптаның қай күні ұнайды?
4. Дүкеннен не сатып аласыз?
5. Неше досыңыз бар?
6. Сіз қай күні демаласыз?
-өте жақсы, осымен 3- кезеңде өз мәресіне жетті, бәріңізге көптен-көп рахмет, енді көрермендермен ойнасақ деймін.
Көрермендермен ойын «Түсін мені» ойыны
Алма, үй, дүкен, сүт, дәрігер.
5- кезең: «Қызықты ұйқастар» деп аталады. Орысша сөздердің қазақша аудармасын айту керек. Дұрыс айтылса ұйқас шығады. Бірінші жауап берген топқа ұпай беріледі. Мысалы: Игра – (ойын), шея -…(мойын).
1. Жизнь –( өмір), уголь -….(көмір).
2. Число – (сан), кровь -...(қан).
3. Молоко – (сүт), жди -… (күт).
4. Человек – (адам), шаг -...(қадам).
5. Возьми – (ал), мед -…(бал).
6. Рыба – (балық), народ -…(халық).
7. Дверь – (есік), колыбель -…(бесік).
8. Город – (қала), ребенок - …(бала).
9. Таможня – (кеден), пол -...(еден).
10. Зуб-(тіс), дело- (іс)
11.Лето- (жаз), гусь- (қаз)
6- кезең: «Сөйлем құру» деп аталады.Топтарға сөздер таратылады, сол сөздерден сөйлем құру керек.
1. Ұнатамын, тауға, мен, шыққанды. (Мен тауға шыққанды ұнатамын.)
2. Ауылда, менің, тұрады, ата-анам. (Менің ата-анам ауылда тұрады)
3. Болып, қаласында, ол, жұмыс, Астана, есепші, істейді.(Ол Астана қаласында есепші болып жұмыс істейді.)
4. Үшінші, ұлым, сыныпта, менің, оқиды. (Менің ұлым үшінші сыныпта оқиды.)
5. Оқушы, жиырма, сыныбында, бес, бар, оның.(Оның сыныбында жиырма бес оқушы бар.)
6. Рет, қазақ тілі, орталықта, болады, аптасына, екі, сабағы. (Орталықта қазақ тілі сабағы аптасына екі рет болады.)
7. Айтқанды, ән, бос, ол, жақсы, уақытында, көреді.( Ол бос уақытында ән айтқанды жақсы көреді.)
8. Үйірмесіне, домбыра, қызым, жүр, менің, барып.(Менің қызым домбыра үйірмесіне барып жүр.)
9. Жұмысы, сағат, оның, алтыда, аяқталады.(Оның жұмысы сағат алтыда аяқталады.)
10. Міндеті, әр, білу, тілді, мемлекеттік, азаматтың.(Мемлекеттік тілді білу әр азаматтың міндеті.)
11. Қабатта, жұмыс, менің, орным, екінші. (Менің жұмыс орным екінші қабатта.)
12. Ауылға, ол, демалыс, бармақшы, күндері.(Ол демалыс күндері ауылға бармақшы)
7- кезең: «Мәтін құру» деп аталады. Мына зырылдауықтың көмегімен таңдалған тақырыпқа шағын әңгіме құру керек.
Мәтіндер
1. Менің қалам
2. Менің жұмысым
3. Менің демалыс күнім
4. Менің досым
5. Астана – бас қала
6. Менің бос уақытым
Ал енді осымен сайысымыздың тапсырмалары аяқталды. Әділқазылар алқасы қорытынды шығарғанша, топтардың құрамындағы қонақтарымызбен сұхбаттасайық.
Мұғалім:
- Сонымен, құрметті тіл үйренушілер сайысымыз мәресіне жетті. Ойынның қорытындысын шығару үшін сөзді әділқазылар алқасына сөз береміз. (Әділқазылар қорытынды шығарып, марапаттау қағазымен мадақтайды. )
Әділқазылардың сөзі (марапаттау)
- Барлық қатысқан тыңдаушыларға алғысымды білдіремін. Осы сайыста сіздер өздеріңіздің алған білімдеріңізді, тапқырлықтарыңызды көрсете білдіңіздер. Келешекте мемлекеттік тілде еркін сөйлеулеріңізге шын жүректен тілектеспін. Мемлекеттік тілді білу - баршамыздың қоғам алдындағы қасиетті парызымыз. Отбастарыңызға бақыт, дендеріңізге саулық тілей отыра бүгінгі сабағымызды аяқтайық. Сау болыңыздар! Келесі кездескенше.

Ақмола облысы
Бурабай ауданының Тілдерді оқыту орталығының
әдіскері Махметова Жанар Қайртаевна Тәрбие.орг сайтынан ҚАЗАҚШАҢЫЗ ҚАЛАЙ? Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Махметова Жанар Қайртайқызы

Ақмола облысы Бурабай ауданы Тілдерді оқыту орталығы қазақ тілі мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar