Қазақ тілін оқыту барысында сөйлеу әрекеті түрлеріне үйрету әдістері

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 238
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 01/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21450


Қазақ тілін оқыту барысында
сөйлеу әрекеті түрлеріне үйрету әдістері

Есенгелді Айдана Ғалымқызы,
Қарағанды облысының Тілдерді оқыту орталығы

Қазақ тілін үйретудің басты мақсаты  қазақ тілі туралы мәлімет бере отырып, сол мәлімет негізінде қазақ тілінде тыңдағанын түсінуіне, сөйлеуге, оқуға, жазуға үйрету. Сол білімі арқылы тіл үйренуші өз бетімен қазақ тілінде сауатты сөйлеу, сауатты жазу, қазақша еркін қарым-қатынасқа түсе алатын болуы керек. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқытушы мынадай міндеттерді шешуі тиіс:
• қазақ тілінің лексикалық құнарлылығы мен грамматикалық негіздерін тіл үйренушілерге сабақта саналы түрде меңгерту;
• қазақша тыңдау әдістерін меңгерту;
• қазақша тыңдағанын түсінуге дағдыландыру;
• тіл үйренушінің қол жеткізген тіл білу деңгейіне сай, қазақша еркін қарым-қатынас жасай алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру;
• мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру: мәтіннен қажетті ақпаратты таба білуге, ақпараттарды өзгертуге, тілдік дағдысын қалыптастыратын және сөйлеуге үйрететін тапсырмаларын орындауға;
• түрлі стильдегі мәтіндерді ажырата тануға жә»не түрлі стильдегі мәтіндерді құрауға керекті тілдік бірліктерді танып, таба алуға дағдыландыру;
• өзінің ойын қазақша дұрыс білдіруге, сөйлеу арқылы тіл табысуға, коммуникативтік ниеті мен оның тиімді жүзеге асуына керекті әдістер мен тәсілдерді меңгерту;
• қазақша сөйлеу барысында қазақтың ұлттық сөйлеу мәнерін дұрыс қолдануға үйрету.
Бұлай қойылған мақсат пен оған жету үшін шешілуі тиіс міндеттердің барлығы бір ғана басты бағытқа - қазақ тілін коммуникативтік бағытта үйретуге арналады.
Сонда қазақ тілі екі қырдан үйретіледі:
- бір жағынан, қазақ тілі - таным құралы ретінде үйретіледі;
- екінші жағынан, қазақ тілі – қарым-қатынас құралы ретінде үйретіледі.
Осы екі қырдың екеуі де қазақ тілін коммуникативтік оқытуға бағытталады. Қазақ тілі жүйесінен білім ала отырып, тіл бірліктерін сөйлеу жағдаяттарында орынды және дұрыс қолдануға үйрету әдістемесі қолданылады. Бұл әдістемелік ұстаным көзделген міндеттерді шешуге тиімді болатын және мазхмұны жағынан сапасы жоғары оқу мәтіндерін қолдану арқылы қол жеткізе аламыз.
Қазақша түрліше коммуникативтік жағдаяттарды берілген мәтіндерді лингводидактикалық талаптарға сай іріктеп жүйеге түсіру және олардың сабақ барысында шешетін оқу міндеттерін алдын ала анық тану - қазақ тілі оқытушының тілдік сезімінің терең дамығанын да көрсете алады. Сондықтан кез келген мәтінді алып, сабақ өткізуге қолдану - сабақтың алдын ала тиімсіз және сапасыз болуына қаланған саты.
Көп жағдайда, қазақ тілі оқытушысының білімі мен тіл мәдениетінің деңгейінің жоғары болуы олардың ойдан мәтін құрауға еркін кірісе алатынынан танылады. Бірақ барлық оқытушы ойдан сөйлеу жағдаятын шебер де табиғи етіп құрауға жете алмайтындықтан, сынақтан өткен мәтіндерді немесе дидактикалық тұрғыдан сабаққа бейімделген көркем немесе көркем емес мәтіндерді қолдануды ұсынамыз. Тәжірибе алмасу және сапасы жоғары болып шыққан сабақ сценарийлерін қолдану арқылы қазақ тілі оқытушыларының мәртебесі төмендемейді. Барлық пайда қазақ тілін үйренушілерге тиесілі болуын ойлауымыз керек.
Тіл үйренулердің қазақша коммуникативтік құзыретін қалыптастыру мақсатында қазақстандық әлеуметтік ортада өзін еркін және белсенді ұстайтын тілдік тұлға қалыптастыруда, біздің қазақ тілі сабақтарымыздың барлығында қызыл сызық болып сөйлеуге үйрету бағыты ұсталынады. Мұнда мына оқу мақсаттарына қол жеткізу міндетті болады:
• тыңдап оны түсінуге үйрету;
• сөйлеуге, оның ішінде монолог пен диалогке үйрету;
• оқуға, оның ішінде танымдық оқу, ізденіп оқу, талдап оқу, комментарий бере отырып оқу;
• жазуға, оның ішінде сауатты орфографиялық талаптарға сай жазуға үйрету және жазбаша өз ойын білдіруге, жазбаша сөйлеу тіліне үйрету.
Тыңдау  сөйлеу әрекетінің бір түрі, ол сөйлеумен тығыз байланысты (әрине, жазбаша мәтінді біреу оқыса да тыңдауға болатыны белгілі). Тыңдау дегеніміз  дыбысталып айтылған сөйлеу ағынын мағыналық мазмұнын түсіне отырып қабылдау. Тек тыңдау және тыңдағанын түсіну арқылы ғана адам баласының тілі шығады. Тыңдау арқылы ғана сәби ересектерге еліктеп, сөйлеу тетіктерінің қозғалысы мен солар арқылы шығарылатын дыбыстау ағынын үйренеді. Сонда тыңдауға арналған тапсырмалардың сапасы қаншалықты жоғары болуы керектігі де осылай анықталады.
Сөйлеу  сөйлеу әрекетінің бір түрі. Сөйлеу арқылы адамдар арасында тілдік қарым-қатынасы жүзеге асады. Сөйлеу екіжақты күрделі құбылыс: бір жағынан, сөйлеу – ойды білдіру мақсаты, екінші жағынан, сөйлеу – ойды білдіру құралы. Сөйлеу, сонымен қатар, біліктілікті де танытады. Ойын дәл және айқын да әсерлі білдіру кез келген тілде сөйлейтін адамдардың ұмтылатын үлкен межесі. Сөйлеудің ойдың сөйлеу әрекетіне қатысына қарай бірнеше түрі болатыны да белгілі. Мысалы:
• өз ынтасымен сөйлеу;
• біреудің сөзіне не қылығына жауап ретінде сөйлеу;
• біреудің сөзіне еліктеп сөйлеу;
• біреудің сөзі ұқсату бірақ өз ойын білдіру үшін сөйлеу.
Сөйлеудің екі түрлі формасының, атап айтқанда монолог пен диалогтің де өзіндік ерекшеліктері көп болады. Сөйлеу арқылы адамдар өзара ақпарат алмасады, тіл табысып, сөйлесушілер коммуникативтік тақырып пен ниетінің мазмұны мен мақсатына сәйкес, бір-біріне әсер етеді. Сонда сөйлеу мен сөйлесудің ақпараттық яғни бірдеңені түсіндіру, хабарлау, этикеттік, яғни әрбір ұлттық тілде қалыптасқан амандасу, қоштасу т.б. өзін ұстау нормаларын қолдану, эмоциялық-бағалаушылық яғни өзінің бірдеңеге қатысты көзқарасы мен бағасын білдіру, реттеушілік яғни біреудің екніші адамға бұйрық беруі, өтініш жасауы, басқа да ықпал ету құралдарын қолдануы сияқты түрлерін жеке және барлығын бір сөйлеу жағдаятында қолдана білуі де сөйлеу дағдыларының дұрыс қалыптасуын талап етеді.
Оқу  сөйлеу әрекетінің бір түрі. Оқудың коммуникативтік міндеті мәтіндегі ақпарат қайда, қашан, не үшін пайдалы болады деген мақсатқа сай оқу барысында ғана шешіледі. Сондықтан да оқудың көптеген түрлерін оқытушы сабақта тиімді нәтижеге қол жеткізетін ретімен қолдануға үйренуі керек. Оқудың танымдық оқу, реттеушілік оқу, құндылық бағдарлы оқу функцияларын орындау үшін оқытушы сапалы мазмұнды мәтінді ғана емес, оны тиімді әдістер арқылы оқуға дағдыландырудың да шебер қолдана алуы тиіс.
Жазу  сөйлеу әрекетінің бір түрі. Жазуға дағдыландыру дегенде, қазақ тілін оқытуда орфографиялық сауаттылықты қалыптастыру және жазбаша өз ойын білдіруге дағдыландыруды айтатынымыз белгілі. Әрбір деңгейдің (А, В, С) талаптарына сәйкес жазуға үйрету әдістері мен қол жеткізуі тиіс нәтижелері анықталғаны белгілі. Көзделген межеге жету үшін жазуға алдын ала қойылатын минимум талаптары орындалуына тірек болатын жазу тапсырмалары мен олардың бір сабақтан екінші сабаққа өсіп отыратын прогрессиясын оқытушы алдын ала анықтап алуы керек.
Осындай коммуникативтік әрекеттерді қалыптастыруға, дамытуға арналған «Күн тәртібі» тақырыбында өткізілген сабақтың сценарийі келтірейік.

Сабақтың тақырыбы: Күн тәртібі

Сабақтың мақсаты: тыңдаушының өзі туралы толық айтуға жаттықтыру,
сөздік қорын молайту, салыстыру арқылы сөз тіркестердің лексикалық мағынасын түсінуге үйрету, өз бетінше күн тәртібін қазақ тілінде жоспарлауға дағдыландыру, сұрақ-жауап арқылы сөйлеу тілін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу

Грамматикалық минимум: сұрау есімдіктері мен жалғаулықтар.

Сабақтың барысы:

ТЫҢДАУ
Тапсырма. Жаңа сөздерді тыңдап, оларды диктордан соң қайталап айтып отырыңыз.
 қашан?
 аптасына бір рет
 әр жексенбіде(сейсенбіде, бейсенбіде...)
 екі күнде бір рет
 күнде
 жұмысқа дейін
 жұмыстан кейін
 күндіз
 түнде
 әдетте
 әдеттегідей
 өйткені
 сондықтан.

Тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдап, берілген суреттерге қатысты байланысты сөздерді астына жазыңыз.

Таңертең

киіну,тіс тазалау таңғы жаттығу жасау шаш тарау



таңғы ас ішу бояну қырыну
Түсте


тамақтану серуендеу дүкен аралау дәрігерге қаралу
Кешке




кешкі ас дайындау ыдыс жуу үй жинау

СӨЙЛЕСУ
Монолог құру. Сөздерді жұптастырыңыз. Осы сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, өзіңіздің күн тәртібіңіз туралы айтып беріңіз.

Киім серуендеу
Тіс тұру
Кешкі ас аралау
Ыдыс қаралу
Дүкен кию
Шаш жуу
Дәрігерге тазалау
Далада тарау
Сағат 06.30 дайындау

Диалог құру. Сұхбатты оқыңыз.
- Сәлем, құрбым! Не істеп жатырсың?
- Қайырлы күн, Анна! Мен үйде отырмын. Сен ше?
- Әдеттегідей жұмыстамын ғой. Жұмыс көп, бірақ қазір
түскі үзіліс. Демалып отырмын.
- Ал мен газет қарап отырмын.
- Света, бүгін кешке не істейсің? Қолың бос па?
- Жоқ, кешке ата-анама барамын. Ал ертең кешке уақытым болады. Ешқайда бармаймын.
- Жақсы, онда ертең кешке «Сарыжайлау» кинотеатрына барып, жаңа фильм көрейік.
- Жарайды, көріскенше сау бол!
- Сау бол!

Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Екі құрбы жұмыс істей ме?
_________________________________________________________
2. Олар қайда отыр?
_________________________________________________________
3. Бүгін кешке кімнің қолы бос?
_________________________________________________________
4. Олар ертең кешке не істейді?
_________________________________________________________

ОҚУ
Мәтінді оқыңыз. Асты сызылған сөйлемдерді теріп жазыңыз.

КҮН ТӘРТІБІМ
Менің атым – Ақнұр. Мен қазынашылық бөлімде бас бухгалтер болып жұмыс істеймін.
Әдетте таңғы сағат 06.30-да тұрамын. Киімімді киіп, жуыну бөлмесіне барамын. Бет-қолымды жуамын. Шашымды тараймын. Денсаулық – зор байлық, сондықтан таңғы жаттығу жасаймын. Сағат тура 07.00-де таңғы асымды ішемін. Мен пісірілген жұмыртқа немесе шұжық, нан мен май жеймін. Шай ішемін. Тісімді тазалаймын. Боянамын. Жұмысқа кетемін. Жұмысым сағат 9-да басталады. Сондықтан мен үйден сағат 08.30-да шығамын.
Күндіз бос уақытым болмайды, сондықтан түскі үзілісте ауа райы шуақты болған күндері далада, саябақта серуендеймін.
Үйге кешкі 19.30-да келемін. Кешкі асымды дайындаймын, теледидар көремін. Ыдыс жуамын. Қызық фильм болмаса, үй жинаймын. Кешке бір сағат кітап немесе газет оқимын. Уақытым болса, құрбыма хабарласамын.

Мәтін бойынша тест.
1. Асылзат кіммен тұрады?
А) ата-анасымен
В) құрбысымен
С) жалғыз
D) әпкелерімен

2. Ол сағат нешеде тұрады?
А) алтыда
В) алты жарымда
С) алтыдан аса
D) алтыға дейін

3. Асылзат сағат нешеде бет-қолын жуады, шашын тарайды, таңғы жаттығу жасайды?
А) алтыдан аса
В) жетіге қарай
С) алты жарымда
D) жеті жарымда

4. Асылзат кешке не істейді? Мәтін бойынша рет-ретімен қойыңыз.
А) кітап оқиды, теледидар көреді, үй жинайды.
В) тамақ дайындайды, құрбысымен сөйлеседі, ыдыс жуады.
С) ыдыс жуады, кітап оқиды, теледидар көреді.
D) тамақ ішеді, теледидар көреді, ыдыс жуады

ЖАЗУ
Тапсырма. Жаңа сөздерді қолдана отырып мына сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.
Үлгі: Мен екі күнде бір рет үй жинаймын.
Мен күнде таңертең ... , ... , ... , ... .
Сен күндіз ... , ... , ... , ... .
Сіз аптасына бір рет ... , ... , ... , ... .
Ол әр жексенбіде ... , ... , ... .

Тапсырма. Бос орынға тиісті етістіктерді қойыңыз. Үлгі бойынша жұмыстан
кейін не істейтініңізді жазыңыз.

Жұмысқа дейін
Таңертең сағат 06.30 ____________________________
Үй киімін _______________________________
Бет-қолымды _______________________________
Тісімді _______________________________
Шашымды _______________________________
Таңғы жаттығу _______________________________
Таңғы асымды _______________________________

Жұмыстан кейін
___________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________

Тапсырма. Мына кестеге өзіңіздің күн тәртібіңізді жазыңыз. Тәрбие.орг сайтынан Қазақ тілін оқыту барысында сөйлеу әрекеті түрлеріне үйрету әдістері Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Есенгелді Айдана Ғалымқызы

Пікірлер: 0

avatar