«Бала өмірінің қауіпсіздігіне жауаптымын!» (сайыс)

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 662
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 10/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22572


Ата- анамен жұмыс тақырыбы: «Бала өмірінің қауіпсіздігіне жауаптымын!» (сайыс)
Мақсаты: Балаларды қауіпті жағдай болған кезде тез арада шешім қабылдауға бағыттау. Ойлау қабілетін дамыту,өз өмірінің қауіпсіздігіне жауап беруге және қоршаған ортадағы адамдармен түрлі жағдайлардан шығу амалын іздестіруге тәрбиелеу.
Әуен естіледі: ойыншылар ортаға шығады (жауапты мұғалімдер, балалар мен ата-аналар).
Мұғалім : Қайырлы күн, құрметті қонақтар және ата-аналар,тәрбиеші апайлар бүгін ата-аналармен бірге адам өмірінің қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру мақсатында өткізілгелі отырған «Бала өмірінің қауіпсіздігіне жауаптымын» сайысына қош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын алғашқы сөзді кабинет меңгерушісі Д.Ж.Салыховаға береміз.
Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай, еш жалықпай
Айтқаныңызға көндік деп,
Әділқазы алқасын
Сайлап алсақ жөн болар,–демекші, әділ қазы алқаларын таныстырып өтейін.
Кабинет меңгерушісі Салыхова Дилара Жеңісқызы
Дефектолог мұғалім Жардемалиева Эльеонора Жүсіпбековна
Әдіскері: Гайсина Гүлназ Айдарқызы
Жоспар:
I кезең: Таныстыру
IIкезең: Сұрақтар қою
IIIкезең:Жағдаяттық сұрақтарды көрініс арқылы көрсету
IVкезең: Жалғасын тап (мақалдың жалғасын табу)
V кезең: Жұмбақ шешу
Iкезең: «Таныстыру» . Әр қатысушы өзін таныстырып, ұранын.
1 команда:«Тапқырлар» тобы :
Ақылымыз көп аңғарсаң
Топтың аты- «Тапқырлар»
Жауап беріп сұраққа
Өттік қиын жолдан сан.

2команда: «Алғырлар» тобы:
Айтқанды тез ұғамыз
Санамызға құямыз
Алғырлықпен әрқашан
Сайысқа көп шығамыз

3команда: «Күншуақ» тобы:
Күндей болып күлеміз
Шуақ шашып жүреміз
Денемізді шынықтырып
Ұзақ өмір сүреміз
«Күншуақ» тобынан жалынды сәлем!

4команда: «Қыран» тобы:
Қырандай самғаймыз
Жарыста қоймаймыз
Бәзде бәрі жүйріктей
Күш сынасар алыптар
Әділқазы беріңіздер.
«Қырандар әрқашанда алда!» бірге айтады.

ІІ кезең:
1 команда:«Тапқырлар» тобы :
1.Құтқару көмегі не үшін қажет?(адамдарды түрлі жағдайдан алып қалу үшін).
2.Жанған киімді қалай сөндіреді?(матамен бүркеп).
3.Бағдаршамның қызметін ата (қызыл-тоқта,сары-күт,жасыл-жүр).

2 команда:«Алғырлар» тобы:
1.Үйдегі қауіпсіздік ережелерін ата.(шамға жақындамау,газға жақын,қауіпті жерде ойнамау,тоққа жақындамау,қоспау).
2. Көшенің арғы бетіне өту үшін қандай белгінің үстімен жүрген қауіпсіз?(жаяу жүргіншіге арналған жолақ сызықтың үстімен).
3 Полиция номерін ата.(102.).

3 команда: «Күншуақ» тобы:
1.Өртті немен сөндіреді?(сумен,өрт сөндіруге арналған көбікпен).
2.Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (көлік жүретін көшенің қақ ортасынан жүруге болмайды).
3.Жедел жәрдемді қалай шақырады?(103 телефонымен).

4 команда: «Қыран» тобы:
1.Үйдегі қауіпті заттарды ата (қайшы,пышақ,ине).
2.Өрт сөндіру мекемесінің номерін ата.(101).
3. Электр тоғының әсерінен болатын зақымдануды қалай атаймыз? (Электр жарақаты).

III кезең:
Бақытсыздық жағдайы аяқ астынан белең алуы мүмкін сондықтан да қандай жағдай болмасын алғашқы көмек көрсетуге әрбір азамат дайын болуы тиіс. Осы орайда оқушылардың өздерінің тобына байланысты төтенше жағдайға ұшыраған кезде көрсететін көмектеріне кезек береміз. (көрініс)
1-топ: «Алғашқы өрт сөндірушілік көмек»
2-топ: «Өрт кезінде күйген адамға алғашқы көмек көрсету»
3-топ: «Ғимараттың ішінде отырғанда жер сілкінісін байқалды. Әрекеттерің?
4-топ: «Ыстық тиген адамға алғашқы көмек көрсету».

IV кезең: Ойын : «Жалғасын тап» (мақалдың жалғасын табу)
Шарты: мұғалім бір мақал-мәтелдің басын айтады,ойыншылар жалғасын айтады.
1.Сақтықта….(қорлық жоқ) 2.Аузы күйген….(үрлеп ішеді) 3.От пен су….(тілсіз жау) 4.Жаман айтпай….(жақсы жоқ) 5.Қауіп бар жерде,….(қатер бар)

1.Мұзға сүйенбе,….(жауға сенбе) 2.Сол көзің,оң көзіңе….(қарауыл болсын) 3.Кірместен бұрын,….(шығарыңды ойла) 4.Сақтансаң….(құдай сақтайды) 5.Пәлелі жерді баспа,….(басыңа түссе саспа)

1. Өрт – ....(тілсіз жау). 2. Сумен ойнама –батарсың, ...(Отпен ойнама –күйерсің). 3. Көлдің көркі — құрақ,...(таудың көркі — бұлақ). 4. Су байлық — алты айлық,...(Қар байлық — үш айлық). 5. Тау мен тасты су бұзар,(Ер арасын ку бұзар).

1. Арық бар жерде су бар, ...(Су бар жерде ну бар). 2. Бүлаққа бүлақ қосылса -"егізбіз"дейді, ...(Көлге көл қосылса — "теңізбіз" дейді). 3. Жау жағадан алғанда, ...(бөрі етіктен алады). 4. Күле кіріп, ...(күңірене шықаннан сақтан).
5.Өтірік деген дұшпан бар,...(Отқа сүйреп салады).

V кезең:
1.Тоққа тисе мұрты ұзын
Табанмен жазық
Киімдердің қыртысын
Береді тез жазып(үтік)
2.Танауында арқаны Бір батырып,бір шығып Алға қарай тартады (ине)
3.Көрсетеді,сөйлейді
Өзі ешкімді көрмейді (теледидар)

1.Қыстың қаңтар,ақпанын
Кебежеме сақтадым. (тоңазытқыш)
2.Алыстағы апаңмен
Оқудағы ағаңмен
Тілдестіріп тұратын
Заттың атын табар ма ең? (телефон)
3.Күндіз-түні жанамын
Дабыл беріп бәріңе
Үш түрлі түсім бар
Белгілі жас пен кәріге (бағдаршам)

1.Арқасында ауыл жүр
Алатайым шауып жүр (автобус)
2.Табанында жолы бар
Төбесінде қолы бар (трамвай)
3.Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ «тоқта, жүр» дейді. (бағдаршам)

1.Екі аяқты, бір ізді
Үстіне мені мінгізді.
Мінгізгенмен ол менің
Аяғымды жүргізді. (велосипед)
2.Көзін ашып жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады. (бағдаршам)
3. Үйде тұр бір жұлдыз,
Ол барда түн – күндіз. (электр лампасы )

Марапаттау рәсімі.Сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.
Ата-аналар мен балалар арасындағы өткізілген «Бала өмірінің қауіпсіздігіне жауаптымын» атты сайысымыз аяқталды. Бүгін біз үлкендер мен балалардың адам өмірінің қауіпсіздігі жағдайында не үйренгендерін тамашаладық, сайысымыздан түйген нәрселеріміз көп болды.
Құрметті ата-аналар келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Тәрбие.орг сайтынан «Бала өмірінің қауіпсіздігіне жауаптымын!» (сайыс) Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рыскалиева Альбина Менешқызы

Батыс Қазақстан облысы,Казталов ауданы "Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" дефектолог мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar