Балапан ашық сабақ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 594
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 29/Июл/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19298


Тақырыбы: Балапан
Түзету мақсаты: Балалардың сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамыту.Жапсыру жұмысы арқылы ұсақ моторикасын және де іскерлік, сенсорлық дағдысын, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Үй құстарына деген қамқорлық сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: ТОК слайд, үлпілдек мамықтан жасалған кішкене ойыншық балапандар.
Құрал-жабдықтар: Ақ картон қағаз, алдын-ала дайындалған балапанның дене бөлшектері.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру,жапсыру, сұрақ-жауап,қайталау.
Алдын-ала жұмыс: Балапанның дөңгелек басын, сопақша денесін, үш бұрыш тұмсығын және аяғын, көзін қиып дайындау.
Балалар, орнымыздан тұрып, қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Шеп-шеп шөжелерім,
Сары алтындай балапаным,
Тез жетіңдер жем беремін,
Дәнге толы алақаным.

- Балалар, сендер қандай үй құстарын білесіздер? Тақтаға қарап есімізге түсіреміз.
- Тауық, әтеш, үйрек, қаз.
- Дұрыс.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз осы тауықтың балапаны туралы болмақ.
Ендеше, тақтадағы балапанның суретіне назар аударайық.
Балапанның түсі қандай?
- Сары.
- Дұрыс, ал енді алдымызда тұрған ойыншық балапандарды саусағымызбен ұстап көрелік.Қатты ма, жұмсақ па?
- Жұмсақ.
- Дұрыс,балапанның денесі мамықтай,түсі сары,кішкентай әлсіз қанаттарын,кішкентай тұмсығын көріп отырмыз.
- Балалар,мен сендерге казір өлең жолдарын оқимын.
Шұбар тауық мүлдем, жолатпайды барса,
Ұясында жүрген,балапаны қанша?
Балапанын қызғанғаны жаман,
Қанатымен жауып,
Санатпайды маған.
(Ұлықбек Есдаулет)
- Балалар, балапаннның басы қандай, денесі мен тұмсығы қандай?
- Басы домалақ, денесі сопақ, тұмсығы үш бұрыш.
- Дұрыс, балалар.
(Алдын-ала дайындалған балапанның дене бөлшектерін, желім, ақ картон, салфетканы балаларға үлестіріп, үлгі ретінде өзіміз бірге жапсыра отырып, нұсқау арқылы жапсыртамыз.)
Балалар жұмысы.
- Балалар, біреу есік қағып тұрма?
- Сәлеметсіздерме балалар, мен бүгін сендердің «Балапан» тақырыбында сабақ өтіп жатқандарыңды естіп, әдейі келдім.Менің балапандарым туралы не білесіздер екен?
Тәрбиеші:
- Сәлеметсізбе тауық,төрлетіңіз! Біздің балаларымыз әдемілеп тұрып, балапанның суретін жапсырып жатыр.Қане, балалар дайын болған балапандарымызды тауыққа көрсетейік.
Тауық:
- Міне керемет, қандай әдемі балапандар! Маған қатты ұнады.Қатты қуанғаннан мен сендермен бірге «Шөжелерім» биін билегім келіп кетті.
Қане, бәріміз би билейік.
Би: Шөжелерім.
Тәрбиеші:
- Рахмет сіздерге билеріңіз өте тамаша екен! Балалар, енді мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Кім тапқыр екен?
Ақ сарайды талқандап,
Шықты біреу талтаңдап.
- Балапан
- Дұрыс,балапанның тусі қандай?
- Сары.
- Денесі қатты ма,жұмсақ па?
- Жұмсақ.
- Өте жақсы балалар!
Балаларды мақтап, мадақтай отырып, сабақты аяқтау. Тәрбие.орг сайтынан Балапан ашық сабақ Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каликова Айгерім Орынғалиқызы

Атырау облысы Атырау қаласы. Атырау облыстық ақыл-ойы кем дамыған балаларға арналған интернат үйі Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar