Дизель қозғалтқышының жоғары қысымды жанармай сорабының құрылысын үйрену сызбаға түсіру, жұмыс істеу принципімен танысу

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1019
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 08/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18544


Бейнеу политехникалық колледжінің жоғары санатты
арнайы пән мұғалімі Ордабаев Айберген

Мамандығы: _«Автокөлікті жөндеу,пайдалану және ТҚ көрсету»
Сабақтың тақырыбы: Дизель қозғалтқышының жоғары қысымды жанармай сорабының құрылысын үйрену сызбаға түсіру, жұмыс істеу принципімен танысу
Cабақтың көрнекілігі :_Интерактив тақта,видио-роликтер,макеттер,слайдттар.
І. Ұйымдастыру мезет: Амандасу. Сыныпты ретке келтіру
Студенттерді түгендеу.
ІІ. Кіріспелік нұсқау

Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау_ Дизель қозғалтқышының жоғары қысымды жанармай сорабының құрылысын үйрену сызбаға түсіру, жұмыс істеу принципімен танысу
2. Оқушылардың білімін тексеру Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа тақырыптың мазмұны (қысқа конспект)
Жаңа сабак Дизельдің қоректендіру жүйесі қозғалтқыштың цилиндрлеріне жанармайды жоғары қысыммен тозаңдатып бүркуді іске асырып, дизель қозғалтқышға жүктелген жүктемеге байланысты жанармайдың керекті мөлшерін беруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жану камерасына жанармайды тозаңдатып бүркуді белгілі бір уақытта орындауды, жану камерасының барлық көлеміне бірдей мөлшерде белгілі бір уақытта жанармайды тозаңдатып бүркіп беруді де, қамтамасыз етеді.




80 сурет. Камаз дизельді қозғалтқышы

Камаз автокөлігінің дизельді қозғалтқышы
Сорабпен жеткізілетін жанармайды белгілі тұрақтылықта барлық цилиндрлерге бірдей жеткізуді және бастапқы жанармайды тозаңдатып бүркуін қамтамасыз етеді. Жоғары қысымды жанармай сорабына және форсункіге жанармай жеткізбестен бұрын жанармайды мұқият сүзіп беруді қамтамасыз етеді.


1.жанармайды мұқият тазарту сүзгісі
2.форсунка3.жоғары қысымды жанармай сораб 4.жанармайды қолмен тарту сорабы
5.электромагнитті клапан 6.факель шамы
7.жанармайды ішінара тазарту сүзгісі
8.бактың қабылдау түтігі 9.жанармай багының сүзгісі 10.жанармай багының сапуны
11.жанармай деңгейінің датчигі
81 сурет. Камаз-740 қозғалтқыштың
қоректендіру жүйесі

Осы көрсетілген талаптарды өз ішіне алып, дизельдің қоректендіру жүйесіндегі жанармайды тұтандыру үшін өте аз уақыт беріледі (0,001секунт төңірегінде).Осыған байланысты жанармайды ұсақ тамшылатып және жану камерасының барлық көлеміндегі ауаға тең мөлшерде бөліп тозаңдатып бүрку өте қажет.Жанармайды жанармай ыдыстан (бактен) ішінара тазарту сүзгісі (4) және мұқият тазарту сүзгі (18) арқылы жанармайды жеткізіп беретін сорабпен (10) сорып алады.. Төменгі қысымды жанармай түтікшелері (2, 7, 11 және 13) арқылы жанармай жоғары қысымды жанармай сорабқа өтеді. Бұл жоғары қысымды жанармай сорабы цилиндрлер қатарының арасында орналасады. Қозғалтқыштың цилиндрлерінің жұмыс тәртібіне байланысты жоғары қысымды жанармай сорабы (12) жоғары қысымды жанармай түтікшелерімен (8) жанармайды қысыммен форсункіге (6) жеткізіп береді.
1.-жанармай ыдысы (багы); 2, 5, 7, 8, 11, 13, 15, 17, 19, 20, 21 - жанармай түтікшелері; 3 - үш жаққа таратқыш; 4- жанармайды ішінара тазарту сүзгі; 6 – форсункі; 9 -жанармай жеткізіп беруші сорап; 10 – қолмен жанармай жеткізіп беретін сорабы; 12 - жоғары қысымды жанармай сорабы;
14- электромагнитті қақпақ;
16 – жалын шығаратын шам;
18 – жанар майды мұқият тазарту сүзгі.
Камаз – 740 дизельдің қоректендіру жүйесінің сызбасы
Цилиндрлер блогының қалпақтарында орналасқан форсункілер жанармайды тозаңдатып бүркіп жану камерасына береді. Жанармайды жеткізіп беретін сораб (10) жоғары қысымды жанармай сорабқа (12) дизельдің жұмыс жасау үшін керекті мөлшерінен көп мөлшерде жанармай жеткізіп береді. Осы жеткізіліп берілген жанармаймен жүйеге түскен ауанының артығын жанармай түтікшесі (17 және 20) арқылы сорабтан (12) мұқият тазалаушы сүзгінің (18) үстімен кері қарай жанармай ыдысына (багына) құйылады. Бұдан басқа да форсункінің бүрку қорабымен инесінің арасындағы саңылаудан шашыраған жанармайдың жиынтығы түтікшелер (5,15 және 21) арқылы жанармай ыдысына (багына) келіп құйылады.
КамАЗ автокөліктерінде жанармай ыдысының (багының) көлемі 125, 170 немесе 250 литр сыйымдылықта болып, қозғалып жылысатын құбырда торлы сүзгісі және нығыздап жабатын қақпақпен жабдықталған жанармай құятын мойны болады. Жанармайдың мөлшерін көрсететін көрсеткіш бойынша бақылауға болады, ал керекті дыбысты мәліметтер жанармай ыдысында (бакте) орналасқан сезгіш арқылы жеткізіледі.
КамАЗ-740 дизелінің жоғары қысымды жанармай сорабы

Жоғары қысымды жанармай сорабы – бұл қозғалтқыштың цилиндрлеріне форсункілер арқылы жылдымдықпен белгілі бір уақытта тиісті жанармай мөлшерін жеткізіп беру қызметін атқарады. Бұл жоғары қысымды жанармай сорабы, дизельдің қоректендіру жүйесіндегі күрделі тораптың бірі болып саналады.
1 – қорабы, 2 – дөңгелек итергіш, 3 – итергіштің серіппесінің жалпақ ұстағышы (тарелка), 4 – бұрылу төлкесі; 5 – итергіш серіппесі; 6 – плунжер; 7 - кигізілген түзу шеге; 8 – рейка (жанармай мөлшерін өлшеп жіберетін бөлшегі) 9 – плунжер төлкесі; 10 – секция қорабы; 11 –өткізгіш қақпақша; 12 – бұранда қосқыш; 13 – жанармай жеткізіп беруші сорабы;14 – жоғары қысымды жанармай сорабының қорабы, 15 – жанармай жеткізіп беретін сорабтың итергішінің жұдырықшасы.


83 сурет. Камаз – 740 дизелінің жоғары қысымды жанармай сорабы

Суретте көрсетілгендей төлке ішіндегі плунжер төмен қозғалғанда (серіппенің әсерінен) төлкенің кеңістігінде ауаның сиреуі пайда болады да, сол себепті енгізу терезесі ашық кезінде кеңістік жанармаймен толады.
Жұдырықшалы біліктің айналу әсерінен плунжер жоғары қозғалғанда плунжер төбесіндегі кеңістікте енгізу терезесі жабылғанда кенеттен қысым жоғарлайды да, өткізгіш қақпақшаның (клапанның) (2) ашық кезінде жанармай жоғары қысымды жанармай түтікшесіне өтеді. Бұл жағдайда төлкемен плунжердің арасындағы ең төменгі саңылау бір микрон болады, жанармайды жеткізу қысымы 20 МПа жетеді. Плунжердің қисық қырасының (4) арасын бөлетін терезені (1) ашқан кезде, плунжер төлкесінде жанармай қысымы кенеттен төмендеп, серіппенің әсерінен өткізгіш қақпақша (2) тез жабылады да, жанармайдың берілуі тоқтатылады. Бұл кезде жұмыс жасап тұрған плунжер өз қозғалысын жоғары қарай жалғастырады да, ондағы қысылған жанармай осьтік және тарамдалып бұрғыланған тесік (5) арқылы плунжердің жонылып жасалған жеріне жолықпастан арасын бөлетін терезеден (1) ағып кетеді.
Жоғары қысымды жанармай сорабының плунжер секциясынан форсункіге берілетін жанармай мөлшері тісті рейка және төлкенің көмегімен плунжерді бұрап реттейді. Жанармайды көбейтіп немесе азайтып беретін басқару аяқ басқышын басқанда немесе жіберген кезде екі тісті рейка сораб қорабының ішінде ұзындығына жылжып жұмыс жасап тұрады. Плунжердің бұрылу бұрышына байланысты плунжердің енгізу терезесін (3) жапқан моментінен бастап, арасын бөлетін терезенің (1) және плунжердің қисық қырасымен (4) ашылу моментіне дейінгі өткен арақашықтығы өзгереді. Осының нәтижесінде бүрку ұзақтығы және сондай – ақ цилиндрлерге берілетін тиісті жанармайда өзгереді.
а – жанармайдың сорылуы;
б –жанармайдың жеткізілуі;
в – жанармайды жеткізудің соңы;
1 – арасын бөлетін терезе;
2 – өткізгіш қақпақша;
3 – енгізу терезесі;
4 – плунжердің қисық қырасы;
5 – плунжердің осьтік бұрылуы.


84 сурет. Жоғары қысымды жанармай сорабының
жұмыс секциясының сызбасы

Жанармай берілуі тоқтатылуымен қозғалтқышта тоқтайды. Осындай тоқтату жағдайын орындау мақсатында рейка мен плунжерді мынандай жағдайда қою керек, яғни тарамдалып бұрғыланған тесік плунжердің қисық қырасының арасын бөлетін терезеге (1) дұрыс келуі қажет. Бұл жағдайда плунжер жоғары қарай қозғалғанда плунжер төбесіндегі кеңістіктегі барлық жанармай бұрғыланған тесік (5) арқылы және плунжердің жонылып жасалған жерінен терезеге (1) қарай ағып кетеді, одан кейін жанармай ыдысынан (багынан), цилиндрге жанармай жіберілмейді. Тәрбие.орг сайтынан Дизель қозғалтқышының жоғары қысымды жанармай сорабының құрылысын үйрену сызбаға түсіру, жұмыс істеу принципімен танысу Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ордабаев Айберген

Пікірлер: 0

avatar