Экономика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 312
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 05/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19900


Экономика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі

Дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі таңда елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу –тәрбие үрдісінде нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткізген табыстарды сын көзбен бағалай отырып, саралауды жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдаструды талап етеді. Бұл сөзіме Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Білім және кәсіби машық- заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» деп аталған бөлімінде «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек»
Бүгінгі жаһандану заманында білім әлеміндегі жаңа технологияларды пайдалану –жаңарудың бастамасы десек, кәсіптік білім беру саласында эксперименттер жүргізу –оның бір тұтқасы.
Білім беру саласындағы инновацияны жасау, игеру және тарату- жаңа білім беру жүйесін қалыптастырады. Бұл икемді ашық,жеке тұлғалық, адамның бүкіл өмір бойы үздіксіз білім алуының жаһандық жүйесі.Біз әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер желісін дамытудамыз.
Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді.
Елдің ертеңгі экономикалық сауатты білім беретін бірден-бір пән- арнайы экономика пәндері.Кешегісіз бүгіннің жоқ екенін, ал бүгінсіз ертеңнің жоқ екенін шәкірттеріміз арнайы экономика пәндері арқылы жақсы біледі.
Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар білімгерлердің өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт беруші болып анықталады. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің , яғни инновациялық әдістерді оқытудың деңгейлеп оқыту моделі болып табылады. Білімгерлердің танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру,өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне шығармашылық қабілетіне байланысты.
Белгілі педагог Ш.А. Амонашвили «Оқушының білімін арттыру,пәнге қызықтыру үшін оқытуды және жалпы алғанда , ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан содан соң содан бастау керек дейді.»
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі инновациялық технология негіздері болып табылады. Алдымдағы шәкірттерімнің әрбірінің жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін зерттей келе, олармен деңгейлік жұмыс жасауға мүмкіндік беретін инновациялық әдістерінің ең негізгілерінің бірі- деңгейлеп оқыту әдісін таңдадым.Ең негізгі қағидасы –педагогикалық қарым-қатынас арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
«Сабақ– мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы»-дейді Сухомлинский.
Мен әр сабағымды жоспарлағанда мынандай мақсаттар қоямын:
- білімгерлердің өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру
-сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылау;
- білімгерлердің сабаққа бар зейінін аударып, ықылас- ынта, жігермен тыңдауын ұйымдастыру;
- білімгерлерге материалдар жеткізуде тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану;
-ойлау қабілетін дамытатын есептер беру
-қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру
-білімгерлердің теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру.
- мысалдардың өмірмен байланыстылығы;
- топпен,жеке білімгермен жұмысты ұйымдастыру;
- білімгерлердің алдына пробема қойып, оны ізденіске баулау;
-білімгерлердің шығармашылық белсендігін арттыру;
-бағалау, тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлу;
Бүгінде сабақ берудің түрі мен әдісі өте көп , осыдан әрбір пән мұғалімі өзінің сабағына қажеттісін және өте пайдалысын таңдап алу қажет. Жаңа технология элементтерінің ішінен тиімдісін таңдап алуға дағдылансақ ғана жұмысымыз нәтижелі болмақ. Мен өз сабақтарымда білімгердің не үйренгенін саралап,оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткіземін. Сабақ жүргізу нәтижесінде білімгердің білім сапасын көтеруге, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру барысында жан-жақтылыққа ұмтыламыз және ізденеміз.
Сондықтан Қараевтың насихаттап жүрген деңгейлеп оқыту технологиясында білімгерді жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып жеңілден аурына қарай деген принципті қолдана отырып, жүйелі түрде қойылатын мақсат – білім, білік дағдыларын тұрақты болуына, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал ету. Ол үшін білімгерлер мынадай әдіс тәсілдерді қолдану қажет:
• Берілген тапсырмалардың ерекшелігіне көңіл бөлу;
• Берілген тапсырма қызықты, маңызды болған кезде ғана білімгердің сабаққа қызығушылығы артады.
Профессор Ж. Қараевтың технологиясының тиімділігі сол жаңа тақырыпты білімгерлерге шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс.
Деңгейлік тапсырмаларды сабақта пайдаланудың тиімділігі
-Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы
-Білімгерлердің өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы
-Білімгерлердің оқуға ынтасымен пәнге қызығушылығының артуы
-Білімгерлердің іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы
-Білімгерлердің өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы
-Білімгер мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың
орнауы


Деңгейлеп оқыту технологиясы:

1 деңгей. Білімгерлерге жеңілдеп тапсырмалар беруге болады : мысалы: жеңіл логикалық сұрақтар беру арқылы
2деңгей Есептер шығарылады: өте жақсы оқитын білімгерлерА белгісімен белгілен,жақсы оқитындарға В белгісі нашар оқитындарға С белгісіндегі
есептер беріледі. Мысалы: Тәжірибе түрде орындату есептер, мысалдар арқылы
3деңгей Сабақтың қиын сатысында көрсетілген сұрақтар беру
арқылы жаттығуларды орындату Сабақтың қиын сатысында көрсетілген сұрақтар беруарқылы жаттығуларды орындату

Қорыта келе, Экономика пәнінде деңгейлеп оқыту элементтерін пайдалану барысында білімгердлердің даму бағдары анықталып, өздігінен дұрыс шешім қабыдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі тәрбелеуші тұлға қалыптастыруға ықпал жасаймын. Деңгейлеп оқыта отырып, білімгерлердің орындаған тапсырмалары арқылы олардың оқудағы жетістері мен кемшіліктерін анықтауға болады.
Деңгейлеп оқытудың тиімділігіне тоқталсам:
-сабақтың мазмұны мен сапасы арттады;
- өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады, шеберлігі шыңдалады;
- жауапкершілігі артады, шығармашылық қабілеті қалыптасады;
- жүйелі оқу процестері арқылы өзін-өзі дамытып, бағалап, білім деңгейін арттыра алады;
- білімгер өз қызметіне талдау жасайды, қорытынды шығарады, жаңашылдыққа ұмтылады.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Бұзаубақова К.Ж. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың теориясы мен практикасы. Алматы. 2009ж.
2. Халық тәлімі. Оқытудың жаңа технологиялары. 2013ж.
3. Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері. Алматы. 2012ж
4. Ж.У. Кобдикова ( Ж.А. Қараевтың Деңгейлеп оқытудың педагогикалық технологиясы Алматы , 2007ж
5. Б.Жолдасов. Иновациялық технологияларды білім беруде қолдану Білім №5, 2007ж
6.«Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Егемен Қазақстан» 14.12.2010 ж.
7.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050» стратегиясы Тәрбие.орг сайтынан Экономика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ермек Жазира Бөлегенқызы

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі «Арнайы экономикалық пәндер» оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar