Үй жануарлары,жабайы жануарлар презентатция

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 417
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 17/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20559


«Бөбек бөбекжайы» МКҚК Ертеңгілік. Дайындаған тәрбиеші: Оразбаева.Ұ. 2014-2015 оқу жылы. Зал іші мерекеге сай безендірілен . Жүргізуші: Қымбатты қонақтар . Әр бір отбасында тыныштық, береке тілей отырып ертенгілігімізді бастаймыз. Жүздерінен мейрім мен нұр тамар Алдарында жауқазындай құлпырған. Алаңсыз да балғын шақта балалар, Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би билеп, әнді бірін шырқалар. Сүйкімді бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз (Залға балалар кіреді.) Сәлеметсіздер ме , балалар. Гүлдер мерекесіне қош келдіңіздер! Балалар орындауында: Ән "Гүлдер" Гүл ашылады да, ішінен "Түймеқыз" шығады. Түймеқыз: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен Түймеқызбын, мен сендердің әсем әндеріңнен оянып кеттім. Жүргізуші: Қош келдің,Түймеқыз! Сен гүлдер мерекесіндесің. Түймеқыз:Қандай тамаша! Мұнда жарық, әдемі, көңілді екен. Мен сендерге жүрегімнің бір бөлігін сыйлайын деп келдім. Түймеқыз балаларға арнап би билеп берді. Жүргізуші: Рахмет Түймеқыз сенің биің бізген қатты ұнады. Біздің балаларымызда өнерлі. Келесі кезекті тақпақтарға береміз. Зарина. Ұмытпай күнде Су құямын гүлге, Тұрады гүлім Құлпыртып түрін. Ұлағат. Үйде тұрып өсетін, Әкеп гүлдің көшетін. Топырақты салдымда Отырғыздым қалбырға. Айзере. Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер, Таңмен бірге оянып, Күн нұрына боянып Көрік бердің далаға. Түймеқыз: Жарайсыңдар балалар! Жүргізуші: Түймеқыз біздің балалардың өнері өте көп. Ортаға кішкентай биші қыздарымызды шақырамын. Би"Көбелектер" Ақбота.Арай.Нұрайна.Еркеназ.Үміт. Түймеқыз: Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер.Сендер менімен ойын ойнағыларың келе ме? Балалар: Ия. Ойын: "Гүл" Жүргізуші: Түймеқыз біздің балалар гүл туралы мақал-мәтелдерде біледі. Мәди. Гүлсіз бұлбұл үнсіз. Әділ. Гүл өссе жердің көркі, Қыз өссе елдің көркі. Әлмұғни. Көбелек гүлді сағынар. Мұхаметжан. Гүл өмір қызығы. Жүргізуші: Осымен балалар "Гүлдер мерекесі" атты ертеңгілігіміз аяқталды. Түймеқыз: Балалар мен сендерге Әли мен Айяның гүлдер туралы мультфильмін тамашалауға шақырамын. (Балалар мультфильм тамашалайды ) Тәрбие.орг сайтынан Үй жануарлары,жабайы жануарлар презентатция Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Оразбаева Улмекен Избаскановна

БҚО Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы"Бөбек бөбекжайы"МКҚК Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar