Күзгі жапырақтар

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1197
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 27/Июл/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19297


Интегралды (аралас) сабақ жоспары:
Тақырыбы: Күзгі жапырақтар.
Түзету мақсаты: Балалардың сөйлеу қабілетін, сөздік қорын дамыту, әңгімелесу дағдыларын жетілдіру.Жапсыру жұмысы арқылы ұсақ моторикасын және іскерлік дағдысын, танымдық қабілетін дамыту.Ойын арқылы баланың сенсорлық дағдыларын дамыту.Түстерді нұсқау бойынша ажырата білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Бастаған істі аяғына дейін жеткізуге үйрету.Ұқыптылыққа баулу, әдемілікті сезіне білу дағдысын қалыптастыру.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Құрал-жабдықтар: Бейне проектор, экран, ақ картон қағаз, түрлі-түсті қағаздар, желім, кептірілген және түрлі-түсті гербари жапырақтары (қызыл, жасыл, сары), серуен сабақтың бейнежазбасы жазылған флешка, үш түсті себет (қызыл, жасыл, сары).
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, ойын ойнату.
Алдын ала жұмыс: Күзгі бақта серуендеу, ауа-райын бақылау,түрлі-түсті жапырақтарды жинау, «Кім көп жинайды?» ойынын ойнау.Серуенді бейне жазбаға түсіру.Жиналған жапырақтарды кептіру.Тақпақ жаттау «Күз» Ғ.Мүсірепов.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге көп апайлар қонаққа келген екен, орнымыздан тұрып амандасайық.
Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты,
Алтын арай таратты.
Қайырлы күн апайлар,
Қайырлы күн достарым!

Тәрбиеші: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Ғажайып жапырақтар».
Сабағымызды бастамас бұрын балалар, экранға назар аударайық, бейнежазбаны тамашалаймыз.
- Балалар, бейнежазбадан не көрдік?
- Серуен, күзгі бақ.
- Ендеше, есімізге түсіріп бірге қайталайық.
Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз.
- Дұрыс, күзде күн қандай, жылы ма, салқын ба?
- Салқын.
- Дұрыс, балалар күн салқын, сондықтан теректердің жасыл жапырақтары тоңып,қызарып, сарғайып түсіп жатыр екен.
Бүгінгі сабағымыз осы жапырақтар туралы болмақ.
- Балалар, біздер серуенге шыққанда күзгі бақтан жапырақтар жинаған болатынбыз.
- Қане қараңдаршы мына жапырақтардың түсі қандай?
- Қызыл,сары,жасыл.
- Дұрыс, балалар!
Жинаған жапырақтарымызды әр түрлі жолмен кептірдік.Кепкен жапырақтарды ұстап көрейік қатты ма, жұмсақ па?
- Қатты
- Дұрыс, балалар!
Енді осы кепкен жапырақтарымызды саусақтарымызбен ұсақтап, алақанымызбен уқалап, ұнтақтайық.
Содан соң, қарандаш желімді қағаздағы жапырақтан шығармай жағамыз, үстіне жапырақ ұнтағын себелейміз, жапсырамыз.
Балаларға алдын-ала дайындалған жапырақ суреті салынған ақ картонды, қарындаш желімді таратамыз.
Балалар жұмысы: Балалар алдындағы ақ картондағы жапыраққа желім жағады, үстінен жапырақ ұнтағын себелейді.
Ал, балалар желіміміз кепкенше, шаршағанымызды басып, бір сергіп алайық.
Сергіту сәті: Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді.
(Балалар қимылымен бірге қайталайды.)
Тосын сәт:
- Балалар, мен бір дыбыс естіп тұрмын.Бұл не дыбыс?
Біреу есік қағып тұр, бұл кім болды екен?
(Есік ашылып, күз ханшайымы кіреді.)
- Сәлеметсіздерме? Мен күз ханшайымы боламын.
- Сәлеметсізбе, күз ханшайымы, қош келдіңіз, төрлетіңіз!
- Мен сіздерге қонаққа келдім, құр қол келген жоқпын, күз сыйы,-деп жемістер ала келдім.
Ол жемістерді сіздерге таратпас бұрын, сіздермен ойын ойнағым келеді. «Түстесін тап» ойыны.
Ойынның шарты:
Балаларға үш түсті себетті үлестіріп беріп, себетке түстес жапырақтарды жинаулары және тустерін атап беруі керек.
Ойын соңында балаларды мадақтайды.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы сізге көп рахмет, ойыныңыз тамаша екен!
Әлішер атты баламыз «Күз тақырыбындағы тақпақты алдын-ала жаттаған еді, соны тамашалайық!
Әлішер:
Көк майкалы көрікті,
Алқаптағы көк егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
(Ғ.Мүсірепов.)
Күз ханшайымы: Өте жақсы екен, тақпағың маған ұнады балақай.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, біздің балаларымыз шетінен өнерлі.Балалар, жаңағы жасаған жұмыстарымызды күз ханшайымына көрсетейік.Кімде қандай түсті жапырақ екенін әңгімелеп айтып беріңіздер.
Тәрбиеші мен күз ханшайымы балалар еңбегін мадақтап, балаларға әкелген жемістерін таратады.Барлығы күз ханшайымына рахмет айтып, қоштасып, шығарып салады. Тәрбие.орг сайтынан Күзгі жапырақтар Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каликова Айгерім Орынғалиқызы

Атырау облысы Атырау қаласы. Атырау облыстық ақыл-ойы кем дамыған балаларға арналған интернат үйі Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar