«Химиялық реакциялардың жіктелуі»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 503
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 23/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20664


«МАҚАТ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»МКҚК

Ашық сабақ
Тақырыбы: «Химиялық реакциялардың жіктелуі»

Пәні: Химия
Тобы: I курс,186
Химия мен биология пәнінің оқытушысы: Жанар Бақытжанқызы

Атырау обласы,Мақат ауданы,
Доссор кенті,2016 жыл

Сабақ №
Күні: «___» ________ 2016 жыл
Сабақ тақырыбы: Химиялық реакциялардың жіктелуі
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік : Химиялық реакциялардың жіктелуі туралы ғылыми негізінде түсіндіру, білім алушылардың білімін кеңейту.
б) дамытушылық:. өздігінен жұмыс істеу арқылы білім алушылардың өз бетінше ойлау
жүйесін дамыту, белсенділіктерін, шығармашылығын арттыру.
ә) тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, баулу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайд материалдары,периодтық кесте,
жұлдызшалар,карточкалар,және т.б
Сабақтың әдісі: түсіндіру, тәжірибе көрсету, зерттеушілік әңгіме,сұрақ-жауап және т.б

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру ІІІ. Білімді бекіту тапсырмалары ІV. Қорытынды V. Үй тапсырмасын хабарлау VІ Білім алушыларды бағалау
І.Ұйымдастыру: Сәлемдесу,түгендеу, топқа бөлу,білім алушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың жоспары:
I.Химиялық реакциялар
II.Химиялық реакциялардың типтерінің жіктелуі

I.Химиялық реакциялар
Химиялық реакциялар— заттардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде олардың химиялық құрамы мен құрылысы өзгеріп, басқа заттарға айналуы.

Химиялық реакциялар масса сақталу заңы мен эквивалент заңына негізделген. Химиялық реакциялардың ядролық реакциялардан айырмашылығы — реакция кезінде әрекеттесетін заттар құрамындағы химиялық элементтер мен олардың атомдарының жалпы санының өзгермейтіндігінде.
Химиялық реакциялар химиялық теңдеулер арқылы өрнектеледі. Химиялық процесте тура реакциямен қатар бастапқы заттар қайта түзілетін кері реакция жүреді. Қайтымды реакцияда тура реакция мен кері реакцияның жылдамдықтары теңескенде жүйеде химиялық тепе-теңдік орнайды, бірақ кері процесс баяу жүретіндіктен көптеген химиялық реакциялар қайтымсыз, яғни аяғына дейін жүреді. Реакция кезінде заттар санының өзгеруіне қарай химиялық реакциялар
1. айырылу
2. қосылу
3. орын басу
4. алмасу
болып бөлінеді.

II.Химиялық реакциялардың типтерінің жіктелуі
Химиялық реакция типтері: Қосылу,айырылу, орынбасу, алмасу

Химиялық реакция типтері

Қосылу реакциясы Айырылу реакциясы

Орынбасу реакциясы Алмасу реакциясы

Тәжірибе алаңы
Қажетті құрал-жабдықтар:
Сынауықтар,шыны ыдыс,дистильденген су,стакан,шыны құты(колба),қасық,NaOH, H3PO4, HCI, Na2CO3,СаО,
1.Кальций оксиді мен судың әрекеттесуі (қосылу реакциясы)
СаО + Н2О = Са(ОН)2

2.Натрий карбонаты мен тұз қышқылының әрекеттесуі(алмасу реакциясы)
NaOH + H3PO4 = Na3PO4 + 3H2O

3. Натрий гидроксидімен фосфор қышқылының әрекеттесуі.(алмасу реакциясы)
Na2CO3 + 2HCI = 2NaCl + H2CO3

ІІІ. Білімді бекіту тапсырмалары
Екі топқа да влдын-ала ескерту.Тапсырмалар орындаған кезде қай топ жылдам,тез және дұрыс шығаратын болса оларға1 стикерді беремін.Стикерді көп жинау арқылы топ бағаланады.
1-тапсырма: Реакция теңдеулердегі сұрау белгісінің орнына тиісті заттың формуласын жазып теңестіріңдер, әрі реакция типтерін анықтаңдар:
I– топқа
1.Ca + ? → CaO
2.H2O → ? + ?
3. ? + O2 → MgO
4.MgCO3 → ? + CO2
5. N2+ ? =NH3
II – топқа
1.Mg + ? → MgO
2.Fe(OH)3 → Fe2O3+ ?
3.Zn + ?→ Cu + ZnCl2
4.H2 + Cl2= …
5.Ғе + ? = ҒеSО4 + Сu

2-тапсырма: «СӘЙКЕСТЕНДІРУ»

Химиялық реакция типтері Химиялық реакциялар
I-топ
1.Алмасу реакциясы А)Mg(НСО3)2 = Mg(OH)2 + 2СО2
2.Қосылу реакциясы Ә)Zn + H2SO4 = ZnSO4 + H2
II-топ
3.Орынбасу реакциясы Б)NaCI + AgNO3 = NaNO3 + AgCI↓
4.Айырылу реакциясы Д)2Na + H2 = 2NaH
.
3-тапсырма: “Химиялық лото” ойыны
Төменде берілген формулаларды реакция теңдеулерімен сәйкестендіріп, коэффиценттерін қойыңыздар, әр топқа тапсырма беріледі.
I - топ II- топ
Fe+Cl2= Zn+H2SO4=
K+H2= 2HCl+Mg=
CuSO4+Fe= Al+S=
Fe+HCl= 2HBr+Mg=
2Na+Cl2= Ca+N2=
Mg+O2= Na+HOH=
Al2S3MgCl2+H2↑ 2NaClMgBr2+H2↑ Ca3N2MgONaOH+H2↑ ZnSO4+H2↑ 2KH2FeCl3FeCl2+H2↑ FeSO4+Cu↓

4-тапсырма: “Белгісіз ғажайып”
Бұл тапсырма бойынша білім алушылар реакция типтерін анықтап,ережесін айту керек.
Реакция теңдеулері Қосылу Айырылу Орынбасу Алмасу
2K +Cl2 =2KCl +
Ca(OH)2 = CaO + H2O +
Mg + 2HCl = MgCl2 + H2↑ +
4P+5O2 = 2P2O5 +
CaO + H2SO4 =CaSO4+H2O +
CaCO3 → CaO + CO2↑ +

5-тапсырма: «Кім жүйрік»
Бұл тапсырма ойынша білім алушылар есеп шығарады.
I-топ
1.Массасы 7 г темір күкіртпен әрекеттескенде түзілген темір(ІІ) сульфидінің массасы (г).
II-топ
2.Массасы 27 г алюминий күкіртпен әрекеттескенде түзілген алюминий сульфидінің массасы және зат мөлшері.

ІV. Қорытынды
7-тапсырма:
Тест жұмысы арқылы сабақты қорытындылау
Тест жұмысы
1. Химиялық реакцияның неше типі бар?
А)6 ә)5 б)4 д)3
2.Қосылу реакциясы дегеніміз қандай реакция?
А) Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауы
Ә) Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция
Б) Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар бірінің орнын бірі басуы арқылы жүретін реакция
Д)Екі немесе бірнеше заттың бірігіп,бір күрделі затқа айналуы
3.Реакция теңдеуіндегі сұрау белгісінің орнына тиісті заттың формуласын жазып теңестіріңдер, әрі реакция типін анықтаңдар:
KOH + H2SO4 = ? + H2O
А)Айырылу
Ә)Қосылу
Б)Алмасу
Д)Орынбасу
4.Берілген реакцияны аяқта.Қандай реакция типіне жататынын анықта?
СuO + H2SO4 =
А)Қосылу
Ә)Алмасу
Б)Орынбасу
Д)Айырылу
5.Алмасу реакциясы дегеніміз?
А)Екі немесе бірнеше заттың бірігіп,бір күрделі затқа айналуы
Ә)Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауы
Б)Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция
Д)Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар бірінің орнын бірі басуы арқылы жүретін реакция
6. 2СаO = 2Ca + O2 реакция теңдеуі қай типке жатады?
А)Қосылу
Ә)Алмасу
Б)Орынбасу
Д)Айырылу

Жауабы:
1. Б; 2. Д; 3. K2SO4; Б; 4. CuSO4 + H2; Б; 5.Д; 6. А

Білім алушылар бір-бірінің дәптерін тексеріп,баға қояды

V. Үй тапсырмасын хабарлау: §19 Реакция титері: 3,4,5 есептер.

VІ.Білім алушыларды бағалау: Қай топ стикерді көп жинады сол топқа 5 деген баға қоямын,ал 2-ші топқа 4 деген баға. Жеке білім алушыларды бағалаймын.Сабақтың соңында білім алушылар алма ағашына өздерінің сабақтан алған әсерлерін,көңіл күйлерін жазып іледі.
Назар аударғандарыңызға размет! Сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан «Химиялық реакциялардың жіктелуі» Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жанар Бақытжанқызы

Пікірлер: 0

avatar