Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
КМШ типті комбинирленген реле және оның жұмыс істеу принциптері
  • 06.01.2017
  • 178 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20814

Астана қаласы Білім басқармасы
М.Тынышпаев атындағы КазККА Ақмола колледжі

Бекітемін
директордың оқу-ісі
жөніндегі орынбасары
А.Ж.Ахметжанова
______________________
«____»__________ 2016

Ашық сабақтың әдістемелік жоспары

Пәні: Автоматика негізі және дискреттің құрылысы
Тақырыбы: КМШ типті комбинирленген реле және оның жұмыс істеу принциптері
Тобы: АБ-29/1
Дайындаған: Умбетов Берік Байбекұлы





Астана 2016ж
Пән аты: Автоматика негізі және дискреттің құрылысы

Сабақтың тақырыбы: КМШ типті комбинирленген реле және оның жұмыс істеу принциптері

Сабақтың типі: Жаңа сабақты зерделеу

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың мақсаты: КМШ типті реленің құрылысымен танысып, олардың жұмыс істеу принципін түсіндіру. Сонымен қатар мұндай релелердің өндірісте және теміржол автоматика және тедемеханика жүйелерінде қолданылатын орындарын көрсету. Жаңа тақырып және өтілген тақырыптар бойынша студенттер білімін жүйелеу және алған білімдерін болашақ қызметінде, яғни, өндірісте қолдана алатындарын байқау.

Міндеттері:.
1. Тұлғаға бағыттау әдісін қолдану арқылы білікті маман иесі болуға, сонымен қатар топпен ұжымдық жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
2. Білімгерлердің ақыл-ойын, санасын, пәнге деген қызығушылын арттырып, ойындағысын ортаға салып үйрену қабілеттерін дамыту.
3. Өз мамандықтарын құрмет тұтып, бір-біріне қолдау жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Жарыс әдісі, баяндау-түсіндіру әдісі, сұрақ-жауап, логикалық ойлау әдісі;

Пәнаралық байланыс: Телемеханикалық бақылау негіздері және Электроника, микроэлектроника және микропроцессорлық техника.

Көрнекі құралдар: Проектор, экран, слайдтар, үлестірме қағаздар, электрондық оқулық.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі :
• Сәлемдесу, студенттерді түгендеу.

ІІ. Қайталау сабағын тексеру:

Оқытушы:

Кіріспе сөз
-Құрметті,студенттер, бүгінгі ашық сабағымызда жаңа сабақ бойынша және өткен тақырып бойынша материалдардың ұқсастығын және құрылғылардың темір жол саласындағы белгі беру және байланыс дистанциясындағы қолданылатын жерлерін ортаға салып студенттермен біріге отырып пікір алмасу болып табылады.
- Олай болса, жаңа сабағымызды бастамас бұрын, сіздерді тыңдайық. Ал жаңа сабақты түсіндіру барысында сіздер өткен тақырыппен бүгінгі сабақтың байланысына аса назар аударуды ұмытпаңыздар.

Сабақ жоспары келесі кезеңдерден тұрады:

1. Білімгерлердің өткен сабақтар бойынша сабақ айтуы және сұрақтарға жауап беруі.
2. «КМШ типті комбинирленген реле жәе оның жұмыс істеу принциптері» тақырыбы бойынша теориялық түрде жаңа сабақты түсіндіріп өту.
3. Өтілген тақырыптар бойынша білімдерін сұрақ-жауап арқылы тексеру және
бағалау.

І кезең
Білімгерлердің өткен сабақтар бойынша сабақ айтуы және сұрақтарға жауап беруі.
- Бірінші кезекте студенттер тақтада көрсетілген сызбалар бойынша өткен тапсырмалар бойынша сабақ айтады. Бұл кезең «Ғажайып ондық» дер аталады.
- Екінщі кезңде тест сұрақтарын жауап береді және қолдарына тез жауап беру үшін жауап парақтары тапсырылады.

ІІ кезең
Жаңа сабақты түсіндіру.
Комбинирленген реле нейтралдық және полярландырылған релелердің қосындысынан тұратын магнитті жүйе болып табылады. Олардың нейтралдық және полярландырылған екі жәкірлері бар. Орамдары арқылы кез келген полярлықтағы ток өткен кезде нейтралдық жәкірі тартылады, нәтижесінде онымен басқарылатын фронттық түйіспелері тұйықталады. Полярлық жәкірінің тартылуы және онымен басқарылатын түйіспелерінің тұйықталуы реленің орамысы арқылы өтетін токтың полярлығына байланысты болады.
Комбинирленген үш позициялы болып келеді, себебі, ол үш түрлі жағдайда борла алады: токсыз, тура полярлықтағы немесе кері полярлықтағы токпен қоздырылған.
КМШ типті комбинирленген аз габаритті штепселді (комбинированное, малогабаритное, штепсельное реле) реленің электромагниттік жүйесі 3 ярмалары бар 2 жүрекшеге кигізілген 1 екі катушкадан, 6 нейтралдық жәкірден, 4 тұрақты магниттен және 5 полярплық жәкірден тұрады. Нейтралдық және полярлық жәкірлері оларменен 7 және 8 оқшаулағыш планкамен байланыстырылған түйіспелерін басқарады.Егер реле орамасында ток болмаса, онда тұрақты магнитпен байланыспаған нейтралдық жәкірі түскен жағдайда болады; оның ортақ түйіспесі тылдық түйіспемен тұйықталған. Орамдар арқылы кез келген полярлықтағы ток өткен кезде нейтралдық жәкір тартылады және оның ортақ түйіспелері фронттық түйіспелерімен тұйықталады.

Комбинирленген реленіңжұмыс істеу приципі
Осылайша, комбинирленген реленің нейтралдық жәкірі қарапайым нейтралдық реленің жәкіріндей жұмыс істейді. Полярлық жәкірі тұрақты магниттің магниттік ағынымен және оның катушкалары тудыратын ағынымен басқарылады. Орамдарында ток жоқ кезінде полярлық жәкір соңғы бір жағдайында тұра береді. Тұрақты магниттің магнит ағыны (сызықтармен көрсетілген) екі параллель түйінге Фп1 және Фп2 түрде жайылады. Сол жақтағы ауа саңылауының аз мөлшеріне байланысты Фп1 магнит ағыны Фп2 және ∆Фп ағынынан төмен болады, сол кезде жәкірі сол жақ жағдайда болады.

ІІІ кезең
Әр топтың өтілген тақырып бойынша білімдерін блиц-ринг ойынын қолдана отырып сұрақ-жауап арқылы тексеру және бағалау.

V.Сабақты қорытындылау
Бәсекелестікке лайық маман иесі болу: «Қазіргі заманғы түйіспесіз релелер» тақырыбында топ студенттерінің пікірі. Жарыстың жеңімпаздарын анықтау.

VI.Үй тапсырмасы
«КМШ типті реленің теміржол автоматика және телемехника жүйелерінде қолдану негіздері» тақырыбнда реферат жазу.
В.С.Дмитриев «Основы автоматики и телемеханики на железнодорожном транспорте» 79-83 бет.

VII. Бағалау
Жұмыстарын жақсы қорғай алған, сұрақтарға тез жауап берген және дұрыс жауап берген топтың барлық студентін «4» пен «5»-ке бағалау және белсенді араласып атсалысқан студентпен пікір айтуға қатысу деңгейі бойынша бағалау топ лидерлері мен оның мүшелерінің еншісінде (демократиялық бағалау);

Оқытушы Умбетов Б.Б. _____________


м Тәрбие.орг сайтынан КМШ типті комбинирленген реле және оның жұмыс істеу принциптері Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Умбетов Берік Байбекұлы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Мектептен тыс мекемелер | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: оның, жұмыс, істеу, КМШ, Мектептен тыс мекемелер, типті, және, комбинирленген, принциптері, реле
Көрсетілім: 178 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar