Неміс полькасын үйрену

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 570
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 07/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20862


Ашық сабақ

Тақырыбы: Неміс полькасын үйрену
Сабақтың түрі: Ырғақ, қимыл, жаттығулар, би.
Көрнекілік құралдар: Теледидар, бейнетолқын, күйтабақ, кілемшелер, құм салынған қапшықтар, дискілер.
Мақсаты: Би билеу, би сабағы арқылы мынадай міндеттерді іске асырады.
• Бала денсаулығын нығайтуды;
• Музыкалық ырғақты қарқынды сезінуді, биді мәнерлі орындауды, олардың жекелеген элементтерін меңгеруді;
• Әдемі жүріс-тұрыс, дене сымбаттылығын, ептілікті қалыптастыруды, мәнерлі дене қозғалысы мен қалпын ұстауды;
• Балаларды ұялшақтықпен бұйығылықтан арылтуды;
• Басқалардың жетістігіне қуануды, ортақ табысқа өз үлесін қоса білуге үйреуді;
Міндеті:
• Бидің қимылдарын үйрену.
• Денені дұрыс ұстай білу.
• Қимылдарды жеңіл жасауды үйрену.
• Аяқ –қолды , денені жаттығулар жасау арқылы сабаққа дайындау.
• Балалардың ойлау қабілетін, зейіндерін, дамыту

Сабақтың жоспары
Кіріспе бөлім.
• Балаларды шақыру, сабаққа дайындау, сәлемдесу.
• Би залымен танысу.
• Билердің түрлерімен танысу.
• Шығыс биілерінің шығу тарихы.
• Балаларды сапқа тұрғызу.

Негізгі бөлім.
Дене шынықтыру: зал ортасында.
• Бас, иық, бел, қол, аяқ жаттығулары.
• Шеңбер бойында.
• Станок жанында
• Ұзындық бойында.

Шығыс биінің қимылдарын үйрену қайталау.
• 1 бөлім
• 2 бөлім
• 3 бөлім
Ақырғы бөлім.
• Биді толық билеу.
• Қорытындылау.
• Қайырласу қимылы. (бір-бірлеріне қошемет қөрсету, қол шапалақтау.)

Сабақтың өту барысы.
(Балалар зал ортасында, екі қатарға тұрады.)
Ұстаз: Сәлеметсіңдерме балалар! Біз бүгінгі сабағымызды ашық сабақ түрінде, қонақтардың қатысуымен өтеміз. Ал қане ендеше сабағымызды әдеттегідей сәлемдесу қимылын жасап амандасып бастайық. Рахмет!
Ұстаз: Бүгінгі сабақ барысымен таныстырып өтейін, бүгін біз Неміс халқының биімен танысатын боламыз. Неміс халқының биін көргендер бар ма араларыңда? Неміс биі дегенде сендер қандай билерді көз алдарыңа елестетесіңдер?
Жауап: (Балалардың өз ойларынан туындаған жауаптары)
Ұстаз: Жарайсыңдар рахмет! Енді мені мұқият тыңдап алыңдар, сендері Неміс полькасының шығу тарихымен таныстырып өтейін. Полька деп аталатын би түрі тез ырғақты әуенде биленеді. Полька биі 1834 жылы Богемияда (қазіргі Чехия) шыққан. Бидің шығу тарихы бойынша чехтердің биі болып келеді екен. Богемиялық тарихшылардың айтуы бойынша, бұл биді Анна Слезак есімді ауылдық қыз тез ырғақты чех әуенін орындап жүріп полька би қимылдарын ойлап тапқан екен. Полька биінде кездесетін секіру қимылдарын жасаған. Бұл тез жасалатын қимылды ол «Мадера» деп атапты. 1 жылдан соң бұл би жан жаққа тарап кеткен дейді.
Қазіргі таңда польканың түрлері коп мысалы: Чех полькасы, Француз полькасы, Украин полькасы, Неміс полькасы, Венгер полькасы т.б. Әр ұлт өздерінің әуендеріне салып көңілді ырғақты полька биін билейді.
Осы полька биімен бізде танысып билейтін боламыз. Біз Неміс полькасын үйренуді жөн көрдік.
Олай болса балалар зал ортасына қатарға тұрайық.
Дене шынықтыру
• Бас, иық, бел, қол, аяқ жаттығулары.(позициялар)
• Шеңбер бойында. (әр – түрлі жүрістер)
• Станок жанында ( плие, деми плие, гранд плие)
• Ұзындық бойында. ( соте, шене әр – түрлі жүрістер)
Ұстаз: Жарайсыңдар балалар! Ал, енді биімізді үйренуді жалғастырайық.
Биді бөлімдерге бөліп, қимылдарын қайталаймыз.
• 1 бөлім (қол қимылдары)
• 2 бөлім (аяқ қимылдары)
• 3 бөлім (маңызды қимылдары)
Ұстаз: Ал енді биімізді толық барлық қимылдарды қосып билейік.
Жарайсыңдар балалар!
Ұстаз: Би билеу арқылы біз әдемі де әсем қимылдауды үйренеміз, сол үйреніп жатқан бидің шығу тарихымен танысамыз, қай ұлттың биі болса сол ұлтты танитын боламыз. Би билеу арқылы біз өзімізді бір сәт сол әлемде жүргендей сезінеміз. биші болу үлкен еңбекті талап етеді, сонымен қатар би билеу адамның психологиясына да жақсы әсерін тигізеді, денсаулыққа да пайдасы зор. Күнделікті жаттығу жасауға зауқы соқпайтын адамдар күніне бір рет жақсы әуенге қосылып билесе, соның өзі бірталай бойға қуат береді.
Ұстаз: Ал балалар бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз, бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар? Қандай би биледік? Қай ұлттың биін биледік?

Ұстаз: Біз Неміс полькасының қимылдарымен, әуенімен таныстық, қимылдарды әрі қарай жасап шыңдай түстік, біраз қателерімен жұмыс жасадық. Өте жақсы, балалар үйдеде қолымыз босаған уақытта қимылдарды қайталайық. Бугінгі сабақ үшін бір-бірлерімізді шапалақпен қошеметтеп қояйық.
Қайырласу: қайырласу қимылы. Рахмет! Сау болыңдар! Тәрбие.орг сайтынан Неміс полькасын үйрену Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar