Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Оқытушының озық технологияларды қолданып білім берудегі рөлі.
  • 18.03.2016
  • 519 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18041

Оқытушының озық технологияларды қолданып білім берудегі рөлі.
Мақтаарал гуманитарлық-экономикалық және агробизнес колледжі
Каллибекова Дариха Кондымовна арнайы пәндер оқытушысы
Ақпараттық компьютерлік технологиялар – бұл термин бүгінде баспасөз беттерінде, теледидар мен радиода жиі кездеседі. Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен құралдар бар. Соның ішінде компьютерлік технологияны қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар рөлін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр.
Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды.Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.
Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасы артады. Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады.
Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Жоғары білім республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды рөл атқарады. Білімді, ғылымды және өндірісті біріктіру, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ғылым мен техниканың қазіргі кезеңдегі жетістіктері негізінде дамыту бүгінгі күнде экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Экономикасы дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпарттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпараттандыру жағдайында білім алушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады.
Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналады. Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болды. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда.
Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де презиндентіміз Н.Ә. Назарбаев та назар аударып, ол Республикалық мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын
Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Қазір «Интернет» желісіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектептер компьютерлендіріліп жатыр. Соңғы кездегі Интернет желісінің күрт дамып кетуі қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Біздің ойымызша қазіргі таңда мұндай біліктілік оқытушыларға өте қажет, себебі қазіргі жастар мектеп партасынан бастап электрондық технологияларды жақсы меңгерген. Сондықтан оқытушылар білім алушылармен жеткілікті түрде ойдағыдай қарым-қатынас жасау үшін ақпараттық технологияларды меңгеруге міндетті. Электрондық ақпараттық материалдарды қолдану білім алушыларға бірнеше рет байқауға, көшіруге, әрі қарай өз қажеттілігіне қолдануға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар графикалық редакторды қолданып жасалған және түрлі-түсті түрде бейнеленген материалдар, бейне таспаға жазылған дәрістер білім алушылардың қызығушылығын туыдырып пәнді жақсы түсініп есте сақтауларына себебін тигізеді. Бұл әрине бір жағынан оқытушыға сабақта уақытын үнемдеуге және қосымша тақырыпты талқылауға көп мүкіншілік береді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-бабында білім беру жүйесінің міндеттері атап өтілген, солардың ішінде: - қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану; - жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту көзделген Компьютерлік желілер - біздің заманымыздың ең маңызды және қызықты технологияларының бірі болып саналады. Интернет ауқымды желілерге қосылған компьютерлердің саны миллиондармен өлшенеді (және бұл сан үнемі ӛсіп жатыр), осылайша Интернет көптеген қолданушыларға ақпаратпен алмасуға және бір бірінің есептеу ресурстарын пайдалануға мүмкіндігін беретін ауқымды коммуникациясын құрастырады. Сонымен қатар қазіргі кезде Интернет пен мобильді және сымсыз технологиялардың тығыз интеграциясы жүріп жатыр, ал бұл өз кезеңінде Интернеттің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл әрине қашықтықтан оқыту жүйесін әрі қарай дамытуға әсерін тигізеді. Осындай кезеңде оқытушылардың жаңа электрондық технологияларды жетік меңгеруі, қашықтықтан оқыту жүйесінде сырттай қашықтықтан білім алатындардың білімдерін арттыруға кӛп үлесін қосады. Бірақ ғылым саласында бірқатар шешілмеген проблемалар бар. Ескірген материалдық-техникалық база және зертхана жабдықтары сапалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бермейді. Осыған орай Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығында алға қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажеттілгі көрсетілген болатын: - сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу; - білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету; -педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту. Оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымын қажетті жабдықтармен жарақтандыру: компьютердің жаңа түрлерімен, кең жолақты Интернетпен қамтамасыз ету. Өткен ғасырларда білім мәселесі ойшыл данышпандарды да ойлантқан, соның бірі ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының сол кездегі: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»,- деген сөзі бүгінгі күнгі қоғамға да қатысты екеніне көз жеткізуімізге болады.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бұл заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.
«Білім беру технологиясы» - ұғымы білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым - қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудің технологиясына — оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады.
Ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым - қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.
ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап өтті: компьютерлік техниканы, интернет, коммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электронды оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Заңда көрсетілген міндеттер қазіргі кездегі Интернет және жаңа компьютерлік технологиялардың дамуы өсу қарқындауына, сонымен қатар білім берудің де жаңа тәсілдерінің қарастырылуына, осы технологиялардың бірі болып қашықтықтан білім беру саналатындығына және соның ішінде Интернет технология көмегімен білім беруді кеңінен қолдану мүмкіншілігіне байланысты болып отыр. Интернет және деректер алмасу дамуына қатысты білім беруде электрондық конспектілер, энциклопедиялар, тестілер, глоссарилер, сауалнамалар, виртуалды зерттеулер және т.б. қатынасудың жаңа тәсілдерін құрастыру мен қолдану мүмкіндігі туып жатыр.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 20012 ж.
2. Еркебаева Г.Ғ.Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің міндеттеру, бағыттары мен мазмұны. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Шымкент, 2011. – Б.6-9.
3. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006.
4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989.
5. Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. Педагогикалық информатика /білім беруді ақпараттандыру. –Алматы, 2008 Тәрбие.орг сайтынан Оқытушының озық технологияларды қолданып білім берудегі рөлі. Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каллибекова Дариха Кондымовна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Мектептен тыс мекемелер | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 519 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar