Отбасы-татулықтың мекені

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 237
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 21/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21219


Жылой мұнай және газ технологиялық колледжі

Отбасы-татулықтың мекені

Тәрбиелік-концерттік бағдарлама

І курс 23 топ кураторы: Ерғалиева Н.М

Топ шебері Исмагулова А.С

Құлсары – 2016жыл
МАҚСАТЫ: халқымыздың ата-бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұрасын, отбасылық өмір салтын, жақсы үлгі-өнегесін, ізгілікті сән-салтанатын, кіші мен үлкенді сыйлауды, мейірімділік, парасаттылық сияқты үлгі істерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу; отбасы арасындағы байланыс, әкенің ұлға, шешенің қызға тәрбиесі, бірін-бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

КӨРНЕКІЛІКТЕР: интерактивті тақта, слайд, гүл, шар, бейнеролик .

1-жүргізуші: Қайырлы күн, оқытушылар, ата – аналар мен студенттер.
2-жүргізуші: Киелі білім ордасы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжіне қош келіпсіз, жиналған қауым!
1-жүргізуші: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев
2-жүргізуші:
Халқымыздың қалаулысы, ел басшысының арнайы жарлығымен енді елімізде «Отбасы күні» мерекесі аталынып өтетіні бәрімізге қуаныш сыйлады.
Бұл күн күздің алғашқы айы қыркуйектің екінші жексенбісіне белгіленген.
1-жүргізуші:
«Отан отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Ендеше қоғам орын алатын орны ерекше.
Елімізге қажетті иманды ұл мен ибалы қыз отбасынан өсіп өнеді, тәлім – тәрбие алып, болашаққа қанат қағады.
2-жүргізуші:
Біздер Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі төрінде сіздерді «Отбасы – татулықтың мекені» деп аталатын І курс 23 топ пенен ІІІ курс 10 топ студенттерінің ұйымдастырған ашық тәрбие сағатында көріп отырғанымызға қуаныштымыз.
1 – жүргізуші: Алғашқы сөзді Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі директоры Ибраев Марат Оразұлына береміз.

1-жүргізуші:
Ұшқан ұям – ұлылықтың бесігі,
Сендер менің өмір бойғы несібем.
Өзің барда ортаймайды көңілім,
Өзің барда таусылмайды берекем.
2-жүргізуші:
Әкем менің – биіктердің асқары,
Анам менің мейірімнің кәусары.
Тәлім алдым өздеріңдей асылдан,
Отбасылы болам ертең мен дағы.

Өзбекова Арайлым «Әке мен бала» поэмасы

1-жүргізуші:
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтанда туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Өлкемізге белгілі, беделді, тәрбиелі отбасының отанасы, , әр баланың жүрегінен білім ошағын жандырған, колледжіміздің ардагер ұстазы, біздің қонағымыз Хасанова Гүлбаршын Рақымжанқызы.

2-жүргізуші:
Ақын сөзімен айтқанда «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі» десек артық емес.
Жеке адамның бойындағы ар – ұят, ақыл – ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым – қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.

1-жүргізуші: Сондықтан отбасы – өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ болып табылады.

Көркем сөз: Мұқағали Мақатаевтың «Ана туралы» атты көркем сөзі оқитын Базарбай Салтанат
1-жүргізуші:
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

2-жүргізуші:
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.
Отбасының әр бір мүшесі, ата – ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке – бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

1-жүргізуші:
Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.

Ән «Аяулы ана» орындайтын Бисембай Мадина

2-жүргізуші:
«Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ» деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаласың. Отбасы адам ғұмырының тәрегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.

Көркем сөз: Шпилева Мария – «Анашым» Мұқағали Мақатаев

1-жүргізуші:
Бүгін біздің тәрбие сағатымызға бір топ ата – ана қатысып отыр. Ақ сүтін беріп әлпештеп, мәпелеп өсірген ардақты аналар үшін үлкен қошемет көрсетіп қояйық.
2-жүргізуші:
Әрбір сөзін салмақтап, тәрбиеліктің үлгісін көрсеткен қамқор әкелер үшін де қошеметімізді аямайық.

Көркем сөз: Фариза Оңғарсынованың «Әкеме» өлеңі, оқитын Жұмағалиқызы Ақниет

1-жүргізуші:
Ақ шашты көрдім, апа, самайыңнан
Байқадым терең әжім маңдайыңнан
Жәудіреп жас балаша жаутаңдайсың
Сезіледі шаршағаның жанарыңнан.
2-жүргізуші:
Ыстық қой әркімге де әке деген
Суыққа шалындармай мәпелеген
Өмірдің соқпағымен өрге тартып
Алдымен адам бол деп жетелеген.

Көрініс

1-жүргізуші:
Өздеріңіз тамашалағандай, перзентінің көңілін қабағынан білетін, жабықпасын деп тілек тілеп жүретін ана көңілінде, ана мейірімінде шек бар ма екен, сірә?!
Ән: «Анаға хат» орындайтын ІІІ курс студенттері Серікқалиева Іңкар мен Өзбекова Арайлым

2-жүргізуші:
Әрине, ұл – қызын тәрбиелеп өсіріп, бүгінде немерелерінің білім алуын қадағалап жүрген әжемізге сөз берейік.
Әже сөйлейді.

1-жүргізуші:
Анашым!
Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді,
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам?!
2-жүргізуші:
Алыс жолда жүрсем де арып – ашып
Қашанда түсірмеймін жаныңа шық
Оқытып кештеу барған хаттарымды
Отырмысың үрпиіп, жаның ашып

Ән: «Ана туралы баллада» орындайтын Өтегенова Айжан

1-жүргізуші:
Өткізіп талай жылды, ай,аптаны
Оқуын ұлың жақсы аяқтады
Анашым, білем сені, қарсы емессің
Кеттім мен тың даланы оятқалы
2-жүргізуші:
Анашым!
Қайда жүрсем сен-күш, арым
Сүйемін дидарыңды мен құшамын
Қайда барсам өзіңдей қарсы алады
Кең байтақ Отанымның кең құшағы

Ситуациялық сұрақ:

«Қос бәйтерегім» әні (келген қонақтарды вальске шақырып, гүл шоқтарын сыйлайды) орындайтын Шүңгілова Мекен

ІІІ курс студенттері Қарабаева Камшат пен Мадьярова Молдирдің орындауында үнді биі.

2-жүргізуші:
Бүгінде колледжімізде жүзден астам ұл мен қыз білім алуда. Ата – аналарынан, өсіп – өнген отбасыларынан жырақта жүрген балалардың топтасар ұясы – киелі білім ордасы. Колледж қабырғасында оларға ата – ана орнына ұстаздар қамқор болады.
1-жүргізуші:
Ендеше біздің білім шаңырағының өзін де үлкен бір отбасы десек болар. Осында еңбек ететін ұстаздардың қанатынан қаншама бала үлкен өмірге жолдама алып қанаттанды десеңізші?!
2-жүргізуші:
Олай болса барлық ұстаздардың атынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қойлыбаева Ақтиын апайға сөз береміз.
Ән «Ұстазым» Орындайтын ІІІ курс студенттері Серікқалиева Іңкар мен Өзбекова Арайлым
1-жүргізуші:
Қойнауынан құт дарыған, шатқалынан шаттығы тасыған, егемендігі асқақтап, еңсесі тіктелген бүгінгі Қазақ елінде отбасы осылай құрметтеледі.
2-жүргізуші:
Берік отбасы – қоғамның тірегі тек ауызбіршілігі мықты, іргесі берік шаңырақ қана үлгілі ұрпақ өсіреді.
1-жүргізуші:
Қаламы қарымды журналист Есей Жеңісұлы ағамыз айтпақшы «Әлем отбасын қадірлеуді қазақтан үйренсін» деген.
2-жүргізуші:
Бүгінгі тәрбие сағатына келіп қатынасқан ата – аналарға үлкен алғыс білдіреміз.
1-жүргізуші:
Отбасы – татулықтың мекені.
2-жүргізуші:
Отбасы – бақыт мекені.
1-жүргізуші:
Отбасы – Отанымыздың діңгегі.
2-жүргізуші:
Отбасымыз аман болсын!
1-жүргізуші:
Отбасы аман болса, Отан да аман болады!
2-жүргізуші:
Отан аман болса – мемлекет мәңгілік!
1-жүргізуші:
Құрметті көрермендер! Тату, жарасымды отбасыларымыз көбейе берсін, келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!!! Тәрбие.орг сайтынан Отбасы-татулықтың мекені Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ерғалиева Н.М

Пікірлер: 0

avatar