Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым – қатынас

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 581
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 06/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22525


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

М.САПАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Педагогика» кафедрасы

5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы

Мақала

Тақырыбы: Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым – қатынас

Орындаған: ПМНОк13-1 тобының
студенті: Қазанқап Гүлдарина Сандыбекқызы

Шымкент -2017
Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым – қатынас
Жоспары:
1.Ұстаз. Қарым- қатынас.
2. Ұсиазбен шәкірт арасындағы қарым – қатынас
Ұстаз — жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Жалпы “Ұстаз — тәрбиелеуші” ұғымы діни ілімнен бастау алады. Ол адамзатты ғылымды сүюге, танымға құштарлыққа үндейтіні Құран Кәрімнің беташар сүресінің Алланы “Рабби — тәрбиелеуші” мағынасында ұлықтаумен басталуынан көрінеді. Мұсылмандар пайғамбары Мұхаммедке (ғ.с.) келген алғашқы уахидің де “Оқы, оқы, оқы…” деп басталуы адамды ізгілікке бастаушы ғылым-білімнің маңызын, осы ілімді шәкірт жүрегіне егуші ұстаз қызметінің маңызын аңғартады. Дінитанымда, халықтың мифологиялық санасында шәкірттің ұстазға бұлтақсыз мойынсұнуы мен шексіз берілуін, өз еркін ұстазға сеніп тапсыруы арқылы ақиқат ілімді иеленетіні насихатталған. Мұның бір мысалын Мұса (ғ.с.) пайғамбардың Қызыр (ғ.с.) пайғамбарға шәкірт болуынан көреміз. Демек, бұдан ұстаздың зор жауапкершілігін, оның терең ілім иесі болуымен қатар, кемел адамдық қасиеттің иесі болуы керектігін байқаймыз. Дәстүрлі Қазақ мәдениетіндегі рухани-ақылақтық тәрбие ісінде “Ұстаз — шәкірт” қарым-қатынасы кең тараған әрі ғылыми, ағартушылық, мәдени, кәсіптік тәрбие беру тәжірибесін рухани тәжірибемен ұштастырған ерекше жүйе болды. Қазақ халқының шәкіртті ұстаз алдына апарғанда айтылып, мәтелге айналған “Сүйегі — менікі, еті — сенікі” деген сөзінің астарына үңілсек осыны аңғарамыз. Бұл мәтел кеңеcтік замандағы атеистік идеологияға сай бұрмаланып түсіндіріліп келсе, герменевтикалық тұрғыдан сөз астарына үңілсек: “сүйегінің — асылының, рухының иесі — Алла бар, оған қиянат жасама, ал етін сомдау, яғни біліммен көркейту ұстаздың ісі” деген тұспал бар.
Бұл мәтелде ұстаздың шәкірт тәрбиелеу ісіндегі ең негізгі ұстанымның бірі — шәкірттің өзіндік “меніне” құрмет, қайталанбас адамдық тұлғасы қалыптасуына ықпал ету міндеті көрінеді. Ұстаз — пір, яғни ақиқат жолындағы рухани тәрбиеші, жолбасшы ұғымы да қазақ дәстүрлі мәдениетіне жат емес. Қазақ халқының рухани мәдениетінде бай мұра қалдырған, рухани адамгершілік мұраттары мен ақылақтық ұстанымдары, үлгі-өнегесі түркі әлеміне, жалпы адамзатқа ізгілікті, игілікті жол нұсқайтын рухани ұстаздар бар. XIX—XX ғасырларда А.Құнанбаев көшбасшысы болған, ағартушылық идеясын басты ұстаным тұтқан Алаш арыстары қазақ қауымын тың өріс, жаңа өркениет көшіне ілесуге үндеді және осыған негіз боларлық ғылыми-әдістемелік негіз жасады. Кеңестік дәуірде өркендеген ғылым-білім саласындағы жетістіктер негізінде ұстаз мамандығы, педагогика ғылымы жаңа деңгейде дамып өрістеді.(қараңыз Мұғалім)
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Ұстаз бен оқушыларының арасындағы қарым-қатынас ең жылы, ең ыстық, мәдениетті болып келеді. Соған қатысты ұстаз бен шәкірт тілдесімі мәдениетті, үлкен әдеп қағидалары сақталған, инабаттылық, имандылық, кішіпейілділік, адамгершілікті танытатын үлгі болып табылады. Ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасы - ерекше құбылыс. Ұстаз шәкіртінің бойына білім, көкейіне түйсік енгізіп, бұларды өмірде дұрыс және орынды қолдана білуіне көмектесіп, бағыт-бағдар беріп отырады, яғни ұстаз шәкіртке қарағанда білімі, тәжірибесі мол, салауатты, маман кісі. Сондықтан да ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасында мұғалімнің басымдық ролін атап кеткен жөн. Мұғалім мен оқушылар білімдеріндегі, тәжірибелеріндегі т.б. айырмашылықтар, ерекшеліктер ұстаз – шәкірт тілдесімінде де өз көрінісін табады. Мұғалім мен оқушыларының арасындағы жас ерекшеліктерінің, әлеуметтік жағдайларының айырмашылығы зор болғанымен, осы ерекшеліктер мұғалім тарапынан ескеріліп отырады. Сондықтан ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасындағы тілдік қолданыстар, оған әлеуметтік т.б. факторлардың, мектеп атмосферасының әсерін, басқа әлеуметтік топтардың тілдік коммуникациясынан ерекшелігін анықтау – қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Ұстаз бен оқушыларының арасындағы қарым-қатынас ең жылы, ең ыстық, мәдениетті болып келеді. Соған қатысты ұстаз бен шәкірт тілдесімі мәдениетті, үлкен әдеп қағидалары сақталған, инабаттылық, имандылық, кішіпейілділік, адамгершілікті танытатын үлгі болып табылады. Ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасы - ерекше құбылыс. Ұстаз шәкіртінің бойына білім, көкейіне түйсік енгізіп, бұларды өмірде дұрыс және орынды қолдана білуіне көмектесіп, бағыт-бағдар беріп отырады, яғни ұстаз шәкіртке қарағанда білімі, тәжірибесі мол, салауатты, маман кісі. Сондықтан да ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасында мұғалімнің басымдық ролін атап кеткен жөн. Мұғалім мен оқушылар білімдеріндегі, тәжірибелеріндегі т.б. айырмашылықтар, ерекшеліктер ұстаз – шәкірт тілдесімінде де өз көрінісін табады. Мұғалім мен оқушыларының арасындағы жас ерекшеліктерінің, әлеуметтік жағдайларының айырмашылығы зор болғанымен, осы ерекшеліктер мұғалім тарапынан ескеріліп отырады. Сондықтан ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасындағы тілдік қолданыстар, оған әлеуметтік т.б. факторлардың, мектеп атмосферасының әсерін, басқа әлеуметтік топтардың тілдік коммуникациясынан ерекшелігін анықтау – қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынастың бірсыпыра жәйттерін психологиялық тұрғыдан анықтау мақсатымен Алматы қаласындағы бірнеше мектептерде арнайы тәжірибелік зерттеулер жүргізіліп, онда мақсат етіп қойылған мәселенің жай-жапсары іздестірілді. Бұл зерттеуде негізгі мәселе-мұғалімдік мамандыққа қойылатын жасөспірімдердің талабын психологиялық тұрғыдан негіздеп, ұстазға тән сапалар мен ерекшеліктердің сырын ашып көрсету және оны педагогикалық және методикалық жағынан алып талдау.
Оқушылардың мұғалімдерге қойылатын мұндай талаптарын ұстаздар үнемі ескеретін болуға тиіс.
Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынасты күнделікті тәлім-тәрбиенің нақтылы фактілерінен алынып, оларды салыстыра отырып, өзара топтастырып көрсетілді. Осындай аталған ұнамды, ұнамсыз деген сапалар менг ерекшеліктер шәкірттер тарапынан көрсетілген өз пікірлері. Солай дегенмен де бұл қасиеттердің бәрі оқу-тәрбие ісінде жиі кездесіп отырады. Мұндай жәйттердің бәрі шәкірттердің жүрегін жарып шыққан пікірлері мен жанашырлық ниетімен айтылған олардың жан дүниесін тебіренткен мәселелер екенін әрбір ұстаз, тәлім-тәрбиеші ақыл-ойға салып, өз қабырғасымен кеңесіп, таразылап көруі қажет.
Мұғалім мен оқушы арасындағы тартыс пен өзара реніштің туындау себептері.
Осы заманғы психологиялық зерттеулерде әлеуметтік өмірдің әр түрлі өрісінде болып отыратын талас-тартыстар мен дау-дамайдың өрбуі ерекше назар аударып, олардың себеп-салдарын анықтап отыруға ерекше мән беріп отыруды қажет ететін өмір тіршілігінің шындығы. Біз бұл еңбектің алғы тарауларында өнеркәсіп орындарымен мекеме ұжымдары арсындағы әр алуан ситуациялар мен шиеленісті жағдайлардың болып отыратындығына баса көңіл аударып, сондай жәйттерді жеңудің жөн-жосығын, әдіс-тәсілдерін нақты жағдайлар негізінде психологиялық тұрғыдан іздестіріп көрдік.
Талас-тартысты мәселелердің туындап отыруына әлеуметтік- психологиялық заңдылықтардың болатындығына көз жеткіздік. Ал бұл мәселенің теориялық және методикалық негіздері мен сипаттарын ғылыми тұрғыдан тереңірек ашып көрсету өз алдына зерттеліп, тиісті шешімін келешектен күтеді.
Шәкірттер мен мұғалімдер арасындағы, әсіресе мұғалім мен жасөспірімдер арасындағы, қарым-қатынаста кездесіп қалатын тартыстар осы кезге дейін жете зерттелмеген мәселе. Міне,осы мәселені зерттеуді негізгі объект етіп алып қарастыру мынадай себептерге байланысты.
1.Орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді. Олардың өмірдегі өтпелі кезең, жоғарғы талаптар, сана сезімі мен ақыл-ойының өсуі мұғалімді жасөспірімдерге жаңа қырынан келуге мәжбүр етеді.
2.Өтпелі кезең жасындағы балаларға дұрыс қалып көрсетпеуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады. Балалардың жас ерекшелігін және тәлім-тәрбие жұмысында соған сай әдіс амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген қиындықтарға кездесіп жүр. Олар бірер рет көзге түсіп қалғандарды ”тәрбиеленуі қиын” балалар қатарына ой салмақтамай қосып, өз жұмыстарында қиындатады. Енді-енді қалыптаса бастаған жеткіншек мінез-құлқына кері әсерін тигізеді.
Мұғалім мен оқушы арасындағы тартысты туғызатын себептерге оқушылар тобы, олардың жас және өзіндік ерекшеліктері, мұғалім мен оның оқушылар ұжымына басшылық ету стилі де әсер етуі жатады.Тәлім-тәрбие саласында жүргізілген зерттеу нәтижелерін жинақтап қарастырғанда мұғалім мен оқушылар арасындағы тартыстардың туындап, олардың етек алуының бірнеше түрлері болатындығы байқалады.
Оқу ісін жүзеге асырып, оны бірізділікпен жүргізуде кедергі болатын жәйттер мұғалімнің білім деңгейі мен оны шәкірттерге тиімді әдіс-тәсілдермен жеткізе алмай, тәжірибесіздік көрсетіп, оқушыларға серпінді ықпал ете алмайды. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға қоятын талабын үнемі өзгертіп қалыпты жағдайдан жиі ауытқып отырады. Соның салдарынан шәкірттердің тәртібі де нашарлайды. Мұндай кемшіліктер, ең алдымен, ұстаздың ұйымдастырушылық қабілеті мен сабақ жүргізудегі методикалық олқылығынан пайда болып, шәкірттер сабаққа көпшілік уақытын босқа жіберетін болады. Алайда мұндай жағдайдан туындайтын тартыстар оқу-тәрбие ісіндегі өзге сипаттағы дау-дамайлардан кемдеу.
Жеке бастың өзі ұстанған адамгершілік қасиеттерге байланысты кездесетін кедергілер мен талас-тартыстар. Баланың өз басына талап қоюы, айналасына зер салып, әрбір нәрсеге мән беруі баланың өсіп жетіле бастағанын көрсетеді. Мұндай ерекшеліктерге баланың ересек адамдармен қарым-қатынас жасап, өзінің есейгендігін байқатуы оның адами-этикалық жағынан да талап-тілегінің өскендігі деп санау керек. Ересек адамдармен салыстырғанды мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас едәуір күрделі. Өйткені, мұндағы бірінші жақ-мұғалім толық қалыптасқан, мораль, этикалық жағынан жетілген, мінез-құлқы орныққан адам. Екінші жақ- оқушылар. Бұлар небары өз ұстазының сезімі мен ақыл-ойына ынтыққандар ғана. Мұғалім мен оқушының ойлану, түсіну сипаттары да түрлі деңгейде. Ұстаздарға айдай анық құбылыс шәкіртіне нанымды бола бермейді. Кейде мұғалім мен оқушы бір құбылысқа, сөзге немесе қылыққа беретін бағалары да түрліше. Тіпті қарама-қарсы мәнде де болуы мүмкін. Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынаста тартыстың туындауына ұстаздық методикалық тұрғыда қате жіберіп жаңылысуы, не оқу материалын тиянақты түсіндіре алмауы да себеп болады.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін елемей, олардың құрдастарымен қарым-қатынастарының қыры мен сырына жете мән беріп, оларды жете бағаламау салдарынан болатын табыстар. Ал, оқушылар тобы тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар, олардың рухани тілектерін қанағаттандырмауға байланысты. Әдетте, мұндай жағдайда мұғалім оқушылар ұжымынан өз бойын аулақ ұстап көпшілік-қоғам жұмыстарына сирек қатысады. Оқушылар ұжымының сан алуан жұмыстарына, ұжымдық пікірлерге жете мән бермейді. Мұндай жағдайда оқушылар тарапынан ұстазға деген наразылық, қанағаттанбау сезіміне орай тартыстың туындауына себеп болады.
Оқушылардың даралық ерекшеліктеріне тән жағымсыз қасиеттері мен мінез-құлқына орай туатын тартыстар. Оқушылар арсындағы ұшқалақ мінезді, қызу қанды, айтқанынан қайтпайтын өжет, жан дүниесіеің шеңбері тар өзін қатар құрбыларынан жоғары санайтын балалар да бар.Олардың сөйлеген сөзі, істеген қылығы өзгелердің зығырданын қайнатып тұрады. Ондай балалармен қарым-қатынас жасау мұғалімдерге оңай тие қоймайды. Негізгі мақсат мінезі ерекше оқушылармен қалыпты қатынас орнатудың тиімді әдісі – оларды ұжымдық өмірдің ыңғайына қарай бейімдеп, олардың іс-әрекеттерімен үйлестіру. Дегенмен, мұндай жағдайда ұстаз бен шәкірт арасындағы айырым шығатын жәйттер жиі болып тұрады. Мұндайда ұстамды ұстаздар шыдамдылық пен тапқырлық көрсетіп,қалайда шәкірттермен тиімді қарым-қатынас орнатудың әдіс-тәсілдерін ізденеді. Жастардың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтарын жөндеуге күш жұмсап, әрбір оқушының даралық ерекшеліктеріне баса көңіл аударады.
Мұғалім мен оқушылар арасында кейде бірін-бірі жете түсінбей өзара келіспеушілік сияқты қолайсыз жәйттер кездеседі. Мұндайда баланың даралық ерекшеліктері мен жан дүниесінің сырына терең бойлап, олардың мінез-құлық ерекшеліктерімен санасқан тиімді. Бала психикасының қарқынды дамып отыруына орай түрлі тілек талаптары мен қажеттіліктері, әрбір нәрсенің сырын білуге құштарлығы арта түседі. Тәлім-тәрбие ісінде баланың санасы мен ақыл-ойының дамуындағы саналы өзгерістерді ескеріп, оларды дұрыс жолға пәрменді бағыттап отыратын болса, онда шәкірт мінезінің ұнамды қасиеттерін бірізділікпен қалыптастыруға болады.
Пайдаланған әдебиет
1 Б.А.Межериков Т.А. Юзефагечусь Введение в педагогическуб деятельность.
2 Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М.: Педагогика,1972.
10-12 б.
3 «Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы» А.С. Петровский 1981. жыл.
4 Дороженов С. Ұлттық Қазақстандық, Қазақстандық Ақиқат-1993 ж. №833-40. б. Тәрбие.орг сайтынан Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым – қатынас Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қазанқап Гүлдарина Сандыбекқызы

Пікірлер: 0

avatar