Ұстазыңды ұлықта" атты іс-шара жоспары

  • Жүктеулер: 11
  • Көрсетілім: 876
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 26/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19532


Бекітемін:
Мектеп директоры
____________Ғ.Туребеков

«Ақбастау» жалпы орта мектебінде өтілетін «Ұстазыңды ұлықта» атты мерекелік жиынның іс-шара жоспары.
№ Өткізілетін іс-шаралар. Мерзімі Жауаптылар.
1 Ұстаздар мерекесі күніне арналған іс-шара жоспарын жасап бекіту. 26.09.2016ж ДТІЖО
Даулетбаев А.
2 Плакаттар шығару , қанатты сөздер жазу , жалаушалар дайындау. 27.09.2016ж Сынып жетекшілер
Тәлімгер
3 Мерекелік жиын өтетін орынды дайындау 28.09.2016ж ДШІЖО
Даулетбаев Н.
4 Мерекелік сазды бағдарлама дайындау 30.09.2016ж Тәлімгер
Рахимова Ж.
Музыка пәні мұғалімі
Сағындықова Н.
5 Ардагер ұстаздарды шақыру
01.10.2016ж Тәлімгер
Рахимова Ж.
6 Ашылу рәсімі. 01.10.2016ж ДТІЖО
Тәлімгер

7 Қорытынды 01.10.2016ж ДТІЖО
Даулетбаев А.

Мектеп директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары: А.Даулетбаев

«Ұстазыңды ұлықта» атты мерекелік іс-шараның бағдарламасы.

1. Ұстаз – Ұлы тұлға.
Армысыздар , мұғалімдер-әз жандар ,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп , әнде бүгін шырқалар.
Ізгілікті өн бойына жинаған,
Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған.
Қалап берген ірге тасын білімнің,
Хош келіпсіздер-дүниеге сыйлы адамдар.
Ұстаздар –Ұлы тұлғалар!
Ғылым иесі ғалымда , ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да,егін салған диқанда,көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де – бәрі ұстаздан білім алған , сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді!
Ендеше , «Ұстаз-Ұлы тұлға» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етеңіздер.

2. Сыр ашпайды сенің құла түздерің,
Сыр ашпайды тау-тастағы іздерің.
Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын,
Домбыраның пернесінен іздедім.
Н. Тілендиев «Ақсау»

3. Ұстаз болу жүректің батырлығы,
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу –мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы-
деп ақын Ғапу Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.
Келесі кезекте ұзтаз ұлылығы жайлы айтылған ұлағатты сөздерге береміз.
8- сынып оқушылары:
1)Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын,алғырда зерек ақыл иесі.
Әл- Фараби.
2)Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. Ы. Алтынсарин
3) Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады. А. Құнанбаев
4) Ұстаз өз тарапынан қашанда барынша ынтымақпен табандылық көрсетуі керек. Өйткені бұлар құдды жұрт айтатын тамшысымен тас тесетін су сияқты. Әл- Фараби
5) Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім, өз бойындағы іс пен шәкірттеріне деген Сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол- кемел ұстаз.
Л.Н. Толстой.
4. Жүрегіміз түкпірінен ән қылып,
Шырқай оған айттық біздер тілекті.
Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік,
Тербетеді сезім менен жүректі.

Бастауыш сынып оқушыларының өлең шумақтарын қабыл алыңыздар
1.Ұстаз кім? Ұстаз ба ол –ана!
Өмірде , сені де, мені де қаққызбай ешкімге,
Ұстаз кім? Мұғалім, ол- дана
Жасқа да қартқа да қамқоршы сол ғана

2.Ұстаз ба? Ұстаз ол ер диқан
Шыңдаған ерлікке, дарытқан мол білім
Мол сана. Дарқан тұлға ұстаз ғана

3.Үйретіп өмір ұстазын,
Үлгілі іске нұсқадың.
Ақ көңіл, іскер қашанда,
Ақылшым менің- ұстазым Тәрбие.орг сайтынан Ұстазыңды ұлықта" атты іс-шара жоспары Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Даулетбаев Адижан

Қазығұрт ауданы, Ақбастау жалпы орта мектебі информатика

Пікірлер: 0

avatar