сыңғырла,күміс қоңырау!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 527
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 07/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20388


«Сыңғырла, күміс қоңырау»
Жүргізуші:

Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен мектебіміз қонақтары!

Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, -демекші, 2015-2016 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Ендеше,алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)

Бәрі де баласындай бір ананың,
Өмірін салып көрген үлкен сынға .
Қызы ибалы, ұлы ер, шықсын кәне,
Он бірінші «А» сыныбы ортамызға.
Алдарыңызда 11-Асынып оқушылары .
Басатуыш сынып мұғалімі Боялиева Сайера Абдусаметқызы. Сынып жетекшісі:Мадкасимова Хакима Османалиқызы
Даламдай кең түсінігі, ұғымы,
Ерлерге тән мінезі мен қылығы.
Мектебіміз сом алтындай ұл-қызы,
Ортада он бірінші «Б» сыныбы
Салтанатты жиын төрінде 11-Бсынып оқушылары. Бастауыш сынып мұғалімі Мирзаева Барно Абдазимқызы. Сынып жетекшісі: Умаралиев Хурсанали Баходирұлы

Бұл сынып қай сында да тартынбады
Мектептің өмірінде жарқырады.
Он бірінші «В» сыныбы қайдасыңдар
Халқың сені ортаға шақырады!
Сіздердің қошеметтеріңізбен ортада 11-«В» сынып оқушылары
Бастауыш сынып мұғалімі Исамиддинова Раъно Абдисаматқызы
Сынып жетекшісі Абдуллаева Дилноза Фармонқұлқызы

Он бірінші «Г»десе ағылармын,
Демеймін бұл сыныптан табылар мін.
Қанеки, көзбен көріп,бағалайық
Сұңқарларын,жарқыраған көктегі күн.
Ортамызда сән құрайтын 11-«Г» сынып оқушылары
Сынып жетекшісі Лутфуллаева Доно Абдуллақызы

( Бәрі орындарына тұрғаннан кейін)


Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл

1-жүргізуші:
Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны,
Мектептен басталады бәрі-бәрі.
мектеппен қоштасу жиынында,
Шырқалсын Қазақстан әнұраны!

Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр:
Бұл жыл - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл толуымен ерекшеленеді.
Бүгін- мектебіміздің 11 жылдық тарихына назар салар болсақ ,бүгінгі бітіруші түлектеріміз сол мектепте алғаш рет әліппіді қолдарына ұстап,ұстаз деген аяулы жанмен қауышқан.Ендеше төл мерекелеріңіз құтты болсын!- дей келе, салтанатты жиынымыздағы алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры,Сайрам аудандық мәслихат депутаты Сиддиқов Мухриддин Эгамбардіұлына берейік.

Жүргізуші:
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты, Төгілген күн нұрының шапағаты. Мың бұралып бишілер би билейді, Халайық қол соғыңыз мархаббатты.
Қабыл алыңыздар,ортада 8- сынып оқушыларының орындауында Қазақ биі «Қара жорға»

Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде
Асыл аға тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонағы : ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ құттықтау сөз кезегін береміз.
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
ендігі сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан 11-«В»сынып оқушысы Нурметова Рузойдың анасы Нурметова Мархамат апайға беріледі.
1-жүргізуші:
Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі - жетекші бапкерлерде деп, келесі құттықтау сөз кезегі ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшілеріне беріледі.
Жүргізуші:
Бүгінгі күн – алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт! Осы сәтті пайдаланып, бітіруші түлектерімізге өздерінің жылы лебіздерін 10-сынып оқушылыры атынан 10-«В» сынып оқушысы Хасантаева Дилнура Тожимамматқызы жолдайды.
Жүргізуші:
Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектер атынан сөз 11-«В » оқушысы Нурметова Рузой Усманалиқызына беріледі


Жүргізуші:
Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11-дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп,білімнің алтын кілті және «Жас түлек» төсбелгілерін тапсыру құрметі мектебіміз озаттары- Сиддиқова Дилнора , Нурметова Рузой,Иристаева Умида және Ахмедова Хуршидаларға,аманатты қабылдап алу құрметі 10- сыныптың озаттары- Имамбердиева Рузоой ,Хасантаева Дилнура және Абдукаримова Шохисталарға беріледі.(фанфари ойналады)

Жүргізуші:
Ардағым деп қуанады ел саған,
Тарланым деп табынады жер саған.
Болашақтың бар тізгіні сендерде,
Сенім артар азаматым, болшы аман!
Дуғол шапалақтарыңызбен ортада 9-сынып оқушыларының орындауындағы Өзбек биін тамашалаңыздар
Жүргізуші:
Ұшырса да өмірдің сан түлегін,
Ұстаз-ғалым, толастамас мәңгі сын.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
Жүргізуші:

Жүректер лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттіктің соңғы өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек ендігі сөзді сендерге береміз.

жүргізуші:
Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп,
құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.

Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,
Ақылына әлем халқы бас ұрсын.
Деген асыл ниетпенен, ағайын,
Ақ жолына той шашуы шашылсын!
Ал ендігі кезекті бітірушілеріміздің орындауындағы көркем әдеби би көріністеріне берейік!
Ортада 11-«А»сынып оқушылары өнер көрсетеді
Кезекті 11-«Б»сынып оқушыларына береміз
Ендігі көркем би 11-«»В сынып оқушыларының орындауында
Соңғы ,ортада өз өнерлерімен тәнті ететін 11-«Г»сынып оқушылары

Жүргізуші:
Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі,
Жақсы ұрпақ –Еліміздің шын тілегі.
Білімменен мыңды жыққан халықпыз,
Мақтанбайтын толса да күшке білегі.-дей келе ендігі кезекті еңбегі еселі ұстаздар мен озат оқушыларымызды марапаттау рәсіміне берейік!

жүргізуші:
Барлық тілектермен жақсылықтар айтылып нағыз жүрек тебіренітерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ
Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудан.
Дірілдейді - ау ерекше жүректерің –деп Соңғы қоңырауды соғу салатанатын бітірушілер Хасанова Мерой Надирханқызы, Юсантаева Дурдона Эркинжон қызы,Ниязов Тимур Абдикаримұлы, Абдусаметов Дилнур Абдижабборұлына беріледі.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
жүргізуші:
Мектебің – алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған-деп отырып,аяулы мектебімізден тәлім – тәрбие алып, қанаттарыңда қатайтып, өмірге жолдама алып алғашқы және барлық ұстаздармен қоштасу сәті де таяп қалды
Шешуші кезеңдерден сүрінбей өтіп жас мемлекетіміздің өркен жаюына үлес қосатын азамат боларыңа ата – анаң мен ұстаздардың, ел жұртың, Отаның да сенеді деп үміттенеміз!
Қоштасады алтын ұя мектебің Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн. «Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз Тілейміз біз армандарға жеткенін-дей келе, Ұлттық бірыңғай тестілеуді табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол !қошеметтеп түлектерімізді жаңа өмір жолына шығарып салайық!
Жүргізуші:
Әркімді сұрақ жетелеп
Жолдарға салар әр тарау.
Құлақта мәңгілік қалар тек,
Күмісше сыңғырлап коңырау
Құрметті ұстаздар,оқушылар және мектебіміз қонақтары! Ұзамай биылғы,2015-2016 оқу жылына арналған салтанатты жиынымыз да ақтап келеді.Білім ордасындағы қызығы мен қуанышы шектелмейтін жиындарда аман көріскенше сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан сыңғырла,күміс қоңырау! Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Исмаилов Хасан

№100 ЖОМ Сайрам ауданы,Қарабұлақ ауылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні

Пікірлер: 0

avatar