Тәуелсіздіктің туы желбіре

  • Жүктеулер: 10
  • Көрсетілім: 153
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 10/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23306


Мақсаты: Қазақ елінің жүріп өткен өмір жолдарын, тәуелсіздік туының желбіреген жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерін айта отырып, оны мәңгі есте сақтау керектігін түсіндіру.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды Отанды сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, саналылыққа, ұқыптылыққа баулу.

Түрі Аралас дәріс

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, жалаулар, шарлар, кітаптар, суреттер, Қазақстан Республикасының рәміздері.

Сабақтың жүргізілуі барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
ІІ. Тренинг
ІІІ.“Ғасырмен сұхбат”.
ІҮ. Көрніс
Ү.Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру.
ҮІ. Топпен жұмыс жасау.
ҮІІ. Қорытынды.
«Мен» тренингі.
1. Алдарыңызға қағаз берілген, сол қағаздың кез – келген жеріне нүкте салыңыз.
2. Ал тағы бір жеріне гүл салыңыз.
3. Ал тағы бір жеріне үй салыңыз.
4.Бәйтерек суретін саламыз.
Нүктені бір нәрсеге пайдаландыңыз ба? Егер пайдалансаңыз мақсат қойып жұмыс жасайсыз. Гүл салдыңыз оның жапырағы 2 ден көп болса сіз өз пайдаңызды ойлайтын адам екенсіз. Ерекше гүл салған адам болса ол кісі ортада өзін жақсы көрсетеді. Үй салдыңыз үйді 2 немес 3 қабатты салған адам бар ма? Онда сіз тәуекелге бел буатын адам екенсіз. Терезесі 2 – ден көп болса сіз үйіңізге сәуле, жылу сыйлап отырған адамсыз. Есігіңіз сыртқа қарап немесе ашылып тұрса сіз қонақжай екенсіз. Бәйтерек саламыз бәйтерек жоғары болса, ол үлкен биіктерге самғайды, немесе кіші болса, ойлаған қабілетті төмен болады.

Ғасырмен сұхбат
1-Оқушы Әубәкір Гүлназ
ХІ ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз қазақ мемлекеті бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан-байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді.
Қазақ жері – қонақжай, төрдің жері,
Қазақ жері – қас сақтай елдің елі.
Елі кедей болмаған – жері байтақ,
Едігедей, Бабырдай ерлер жері.

2-оқушы: Нұрбекова Диана
Ел жайлауға көшіп қаннен-қаперсіз жатқан елімізге жоңғар тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен жұрт шұбыра қашып ақ табан шұбырынды болды. Халық Алакөлге аяңдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады.
Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ елі - өнерлі, өсиетті.
Египетті билеген Бейбарыстың,
Елі текті, киелі, қасиетті.

3-оқушы: Исмагулова Гүлназ
Қаратаудың бауырында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін, ердің ерлігін соңғы рет сынайтын күн туды. Жұртты аман алып қалу үшін данышпан ата Төле би батырларды батырлыққа, елді бірлікке шақырды.

4-оқушы Азамат
1923-33 жылдарда адам айтса нанғысыз ашаршылықтан алты миллиондай адамның 2,2 миллионы опат болды. Асыра сілтеудің кесірі біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілиястардың түбіне жетті. Өзі өлсе де аты өлмеген ағалар рухына бүгінгі ұрпақ тізе бүгіп, бас иеді.

5-оқушы Нұрдана
1941-45 жылдар. Адамзат тарихында болмаған бұл алапат соғыста ел үшін жанын қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты, адалдықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Халық қаһармандарына Кеңес Одағының батыры деген абыройлы атақ берілді.
Мұғалім:
Айта берсе, сөз таусылған ба? 1941-45 жылдардың ызғарлы күндері қаншама қыршынның өмірін қиды. Ержүрек ұлдар мен қыздар Отан қорғауға бір адамдай аттанды. Қаһармандықпен қаза тапқан батыр қыздарымыз Әлия мен Мәншүкті қайда қоярсыз!?
Ақыл айтып, бабалар жолға салған,
Асыл сөз даналардан мұра болған.
Ерлігі Мәншүк пенен Әлияның,
Жүректе мәңгі өшпес орын алған.
6-оқушыДильназ
Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді тәуелсіздік үшін ар-намысын, ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Олардың бұл өжеттігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді. Яғни, 1986 жылғы “Желтоқсан оқиғасы” тарихта мәңгі қалмақ.
“Желтоқсан оқиғасы” тарихта мәңгі қалмақ.
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.

1986 жылғы оқиғалардан шағын үзінді көрсетілім.
Бейнефильм (болмыс) үзінді көрсетіледі.

Міне, балалар, соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан, әр қазақтың жүрегін сыздатып, көңіліне жара салған бұл қандай күн деп ойлайсыңдар?
1986жылы желтоқсанда Алматыда қазақ жастары шеруге шықты. Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Сын сағаттарда тайсалмай ортаға шығып, өздерінің талап - тілектерін айту ол кезде оңай болған жоқ. Елі олардың ерліктерін ешқашан естен шығармайды. Бүгінгі ұрпақ ерлерін есіне алып, олардың рухына бас иеді. Болашағымызды нұрландырған, тәуелсіздік әперген аға - апаларымызды ұмытуға тиіс емеспіз!
Жас арудың жанарында – желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқының,
Қара тұман қабағында – желтоқсан.

Көрініс:Қарақат
Дәл осы түні қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген, оларға араша түсейін деп жүргендердің ішінде Қ.Рысқұлбеков те бар,

Көрініс:
Жанарыс-Милиционер: -Ұстаңдар, бұзақыны әкеліңдер! Савицкийді өлтірген сен бе?
Кенжебек-Қайрат: -Жоқ, мен емес.
Жанарыс-Милиционер: -Сен өлтіргенсің, мойыныңа ал!
Кенжебек-Қайрат: -Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар (Қайратты ұрып-соға бастайды).
Кенжебек-Қайрат: Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең, атыңдар.
Жанарыс-Милиционер: -Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың, бұзақы.
Кенжебек-Қайрат:
Шыңғырдым да, шындықты айтып шыңғырдым,
Кете бардым, жетегінде тағдырдың.
Бірге өткізген студенттік күндерді,
Хош, аман бол, оралам ба, жас құрбым.
7-оқушы:
Ол әділеттің, шындықтың жеңетініне іштей сенді. Қайрат – орысша-қазақшаға бірдей сауатты, өз ойын ашып айтатын жігерлі, отты жігіт еді. Қайраттан қорыққан Колбин мен оның қолшоқпарлары одан тез құтылу үшін “атылсын” деген үкім шығарды.
1988 жылғы мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қ.Рысқұлбеков 11 мамыр күні таңда өмірмен қоштасты.
8-оқушы: Дильназ
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.

“Желтоқсан желі” әні орындалады. Әубәкір Гүлназ
Ү.Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру.

9-оқушы: Исмагулова Гүлназ

Егемендік иесі – “мен” деген сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,
Көркем жігіт болып өссе көген көз.
Мінбелерден айбарланып сөз алған.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күні.
“Егеменді” деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

-Міне, “Егемендік” деген осы. Қазір желбіреген Байрағымыз, айбынды Гимніміз, жарқыраған Елтаңбамыз төрімізде тұр.

10-оқушы: Нұрдана
Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін.

11-оқушы: Әубәкір Гүлназ
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі,
Баға жетпес асыл ән.

12-оқушы: Дильназ
Қазақстан Республикасының Гимініміз бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін сақтауға шақырады.

13-оқушы: :Бекнұр
Мемлекеттік жалаудың жобасы 1992 жылы маусым айының 4-де қабылданып, 6 маусым күні күшіне енді.

14-оқушы: Диана
жалаудың ортасына шұғылалы күн, оның астына қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата. Матаның сол жағында қызыл өрнек бар. Ұзындығы 2 метр, ені 1 метр. Жалаудың жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков.

15-оқушы: Гүлназ
Мемлекеттік жалау – егемен еліміздің, тәуелсіз мемлекетіміздің, қазақ халқының ұлттық туы. Осы тудың астында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік қоғам орнатамыз.

16-оқушы:Дильназ
Осы тудың астында біздің сүйікті Отанымыз Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, бостандығы мен тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын қорғаймыз.
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.

17-оқушы: Қарақат
Пырақ бейнесі биік самғауды, болашақ жайлы армандауды білдіреді. Ширатылған мүйіз қайсарлық пен қайраттылықты меңзейді. Сонымен егемен еліміздің Елтаңбасында қазақ елінің бостандығы мен құт-берекесі бейнеленген.

18-оқушы: Диана
Елтаңбаның ортасындағы шаңырақ дүние жүзіндегі барлық қазақтарды бір шаңырақтың астына топталуға шақырады. Шаңырақ біздің ортақ отауымыз.
ҮІ.Топпен жұмыс жасау.
Алдарыңыздағы ақ параққа өздеріңіз жақсы білетін «Қазақстан»,мен «Тәуелсіздік» сөздеріне Мастер класс құру.Қазақстан, Тәуелсіздік туралы не білеміз сол туралы оз ойларынды жазамыз..



Қорытынды.
Мұғалім:
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым – Ата заңым қабылданып.
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 29 жыл толып отыр.
Міне балалалар сан ғасырлар бойы исі қазақ, жаны қазақ ата-бабаларымыз, осы қара шаңырақтың астында өсті, өркен жайды, болашаққа ұрпақ жалғастырды. Егемен еліміз бен тәуелсіз жас мемлекетіміздің Елтаңбасын білу, ол бейнелеп тұрған ойды терең түсіну – азаматтық парызымыз.
Сонымен, балалар Елтаңбасы, Туы, Әнұраны болмаса еш ел егеменді бола алмайды. Рәміздер сол елдің бет-бейнесін көрсетеді. Басқа елдің төрінде желбіреп тұрған өзіміздің туымызды көргенде жүрегіміз лүпілдеп, бойымызды ерекше елімізге деген мақтаныш билейді. Сендер әрқашан еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеп, қадірлей білулерің керек. Жарыстарда , үлкен жиындарда олимпиадалық ойындарда өзге елдің мінбесінен өз еліңнің Әнұранын есту, желбіреп көтерілген Туыңды көру қандай ғанибет! Қазақстан Республикасының Туын, Әнұранын, Елтаңбасын әрқашан биікте ұстайық! Тәрбие.орг сайтынан Тәуелсіздіктің туы желбіре Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурлыбекова Алия Ибрашевна

«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің қосымша білім беру орталығы" ММ Тарих пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar