Викториналық сұрақтар

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 765
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 26/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19810


№ 1 қатысушылар

1.Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады? (қараша,1993ж.)
2.Қазақтың педагог –ағартушы, алғашқы рет Қазақстанда қыздарға арнап
училище ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
3. Логикалық сұрақ Үш түйе құс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйе құс ұшпайды.)

№ 2 қатысушылар

1. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. (Әл-Фараби)
2. Әнұранның сөзін кімдер жазған?( Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев).
3. Бір қаладан екінші қалаға барады. Бірақ қозғалмайды. Ол не? (Жол)
№ 3 қатысушылар
1. Рәміздер қай жылы қабылданды?(1992жылы)
2. Ханнан кейін екінші орынды басатын кім? (би)
3. логикалық сұрақ. 8-наурызда екі шешей мен 2 қызына, әжей мен немересіне орамал сыйға тартылды. Неше орамал, бұл қалай? (3 орамал. Әжей, шешей, қыз)
№ 4 қатысушылар
1. Әнұранның әнін кім жазған?( Шәмші Қалдаяқов).
2. Төле би қай жүздің биі? (Ұлы жүз)
3. Алғашқы кездесетін бес күн (Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі...) мен бес санды (1, 2, 3...) атамай көрсетіп беріңіз? (Жауабы: кешенің алдыңғы күні, кеше, бүгін, ертең, ертеңгінің арғы күні)
№ 5 қатысушылар
1. Тудың авторы кім?( Шәкен Ниязбеков).
2. Жеті қазынаны ата? (Жеті қазына - Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-ой, жүйрік ат, ит, қыран бүркіт, берен мылтық) .
3. Жұмбақ. Отыз екі жауынгердің, бір басшысы бар. (Жауабы: тіс пен тіл)

№ 6 қатысушылар
1. Елтаңбаның авторы кім?( Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков).
2. «Жеті жарғы» заң жобасын жасаған кім? (Тәуке хан)
3. Аш қарынға қанша жұмыртқа жеуге болады? (1, себебі екіншісін жегенде асқазанда бірінші жұмыртқа болады)

№ 7 қатысушылар
1. Ол түрік отбасында дүниеге келген. Көп тілді меңгерген, Шығыс елдерін көп аралаған, 870 жылы Отырар қаласында дүниеге келген. 100-ден аса ғылыми кітап жазған кім? (Әл – Фараби)
2. Қандай қаланың аты саннан, дене мүшесінен және тамақтың атынан тұрады? (Екібастұз)
3. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (Жауабы: 5)
№ 8 қатысушылар
1. Кім барлық тілде сөйлейді? (Жауабы: жаңғырық)
2. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты. (Екі рет)
3. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі (Жұлдыз)

№ 9 қатысушылар

1. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? ( Жауабы: құс жолымен)
2. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс (Қыран бүркіт)
3. Әбілхан Қастеев кім? (суретші)


Қосымша сұрақтар:

1. Жамбыл Жабаевтың өзіне пір тұтқан ұстазы кім? (Сүйінбай)
2. Шоқанның шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
3. Абайдың туған жері (Шыңғыс тауының етегінде)
4. ҚР конституция күні. ( 30 тамыз)
5. Абай жолы '' романын жазған кім? '' ( Мұхтар Әуезов ) Тәрбие.орг сайтынан Викториналық сұрақтар Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айдарова Дарига Лепесбаевна

Рудный қаласы № 13 орта мектебі Тарих пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar