Ырғақты қимылдардың адам өміріне маңызы

  • Жүктеулер: 21
  • Көрсетілім: 1000
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 06/Янв/2018

Жарияланған материалдың жеке номері: 23648


Кіріспе:
Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілік қағидаты – денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясатындағы ең басты мәселесі болуы тиіс.(Н.Ә. Назарбаев )
Еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асатын бұл жаңа бағдарлама отандық денсаулық сақтау жүйесінде «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дегенді ұстанатын болады. Бұл жаңа бағдарлама Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында, сондай-ақ Президент Жолдауында көрсетілген міндеттерді іске асыруға негізделген.
Елбасымыз айтқандай, халық денсаулығы-баға жетпес байлық, мемлекеттің қымбат қазынасы.Денсаулығы мықты адам ғана қоғамға лайықты қызмет етеді, оның дамуына, экономикасын жақсартуға үлес қосады.Сондықтан да біз күнделікті өмірімізде де денсаулық туралы ұмытпауымыз керек .
“Дені сау ұлт” үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары. Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек. Барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бой-ларын сергек ұстауына, сөйтіп, өмір жастарын ұзартуына жағдай жасауы қажет. Тәрбие.орг сайтынан Ырғақты қимылдардың адам өміріне маңызы Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Берегенова Алтынгул Жеңісқызы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы балалар өнер мектебі Хореография

Пікірлер: 0

avatar