Қызықты тапсырмалар

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 412
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 30/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21394


ІІ –кіші «Жұлдызша» тобы
Нуредилова Н.К.
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: ҚМТҚ. Құрастыру
Тақырыбы: Түстер әлемі
Мақсаты: Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың коммуникативтік- ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой- түйсігін, қиялын дамыту. Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту. Саусақ бұлшықеттерін дамыту.
Көрнекіліктері: түрлі түсті пішіндер, табақтар, түрлі түсті сәбіздер, себет, қиылған әтеш суреттері, қыстырғыштар.

Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық –қозғаушылық -Балалар, қараңдаршы мынау не? Күнмен амандасайық.Ал бізге қаншама қонақтар келген, кәне амандасайық.
-Балалар, күннің көңіл күйі жақсы екен, біздің де көңіл күйіміз жақсы болсын.Ол бізге түрлі тапсырмалар дайындап қойған. Кәне, соларды орындайық. Бұл күн.
Саламатсыздарма.

Балалар қызығып, қарайды.
Ұйымдастыру кезеңі №1. Түрлі түсті дөңгелек пен шаршыны түсіне сәйкес табақтарға салу.
№2. Өзеннен пішіні үлкен және дөңгелек тастардан көпір құрап өту.
-Балалар, мынау кім?
Қоян, сен неге көңілсізсін?
Қ: Мен әжемнің үйіне бара жатыр едім, бірақ адасып кеттім.
-Балалар, қоянға әжесінің үйін табуға көмектесеміз бе?
-Алдымен балалар біз қоянға сәбіз жинап берейік. Қоян қандай сәбіздерді жақсы көреді?
-Жарайсыңдар, балалар.
Сергіту сәті:
Отыр екен бір қоян,
Ұзын құлақ сұр қоян.
Міне – міне.
Отырыстан тоңады,
Шапалақты ұрады.
Шақ – шақ, шақ – шақ.
Көп тұрмастан аяқты,
Топылдатар аяқты.
Топ – топ, топ – топ.

Әрі қарай жүрейік. Мынау не ?
-Ой балалар қараңдаршы бұл кім? Амандасайық. Дұрыс айтасыңдар бұл әтеш. Әтештің түсі қандай? Құйрығының түсі ше?
Жарайсыңдар балалар.
-Ал әтештің көңіл күйі неге жоқ екен?
Ә: Менің әтеш достарымның құйрығын ит жұлып алды. Енді олардың құйрықтары жоқ.
Т: Мұңайма, қазір балалар, сенің достарыңның құйрығын түстеріне сәйкес жинап береді.
-Ой, балалар, мынау қоянның әжесі емеспе?
Ә: Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің қоянымды алып келгендеріне рахмет. Сендер мені қалай таптыңдар?
Т: Әжетай біз саған айтпаймыз. Біз саған көрсетеміз.
Саусақпен жармаға күннің суретін салу.
Т: Бізге жолды көрсеткен күн.
Ә: Рахмет балаларым, менің сендерге арналған тәттілерім бар. Топқа барып таратып беремін.

Балалар түрлі түсті пішіндерді түсіне сәйкес табақтарға салады және түстерді атап береді.
Өзенге үлкен дөңгелек тастардан көпір құрап, өту.
-Бұл қоян.

Иә, көмектесеміз.

-Сары сәбіздерді жақсы көреді.
Балалар қоянға түрлі түсті сәбіздердің арасынан сары сәбіздерді жинап, себетке салып береді.
-Бұл үй.
-Бұл әтеш.
-Саламатсызба.
-Оның түсі сары. Құйрығының түсі қызыл, жасыл, сары.

-Иә, жинап береміз.
Балалар үстел үстіндегі қиылған әтеш суреттеріне түстеріне сәйкес қыстырғыштарды қыстырып қояды.

Балалар саусақтарымен жармаға күннің суретін салады.
Рефлексиялық түзетушілік Балаларды мақтау, мадақтау. Қонақтармен қоштасу. Балалар жақсы көңіл күймен қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Түстерді тани біледі
Қолданады: Түстерді бір-бірінен ажырату, атымен атау
Игерді: Түрлі жағдаяттардан шыға білу Тәрбие.орг сайтынан Қызықты тапсырмалар Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нуредилова Наурызгуль Кадыровна

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, №3Айгөлек балабақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar