ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕКТІҢ БӘЛІШІ

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 537
  • Мектептен тыс мекемелер
  • 02/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20311


Тақырыбы: «Қызыл телпектің тоқаш».
Мақсаты: балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Білімділік мақаты: нанды есуге, илеуге, домалатуға, қағаз бетіне таңба салуға үйрету.
Дамутышылық мақсаты: ұсақ- қол моторикасын дамыту, зейіндерін тұрақтандыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік мақсаты: достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: иленген нан, майлықтар, тақтайшалар, бояулар, губкадан ойылған гүлдер, ватман, алжапқыштар, су, кедергілер.
1.Кіріспе бөлімі
«Көңілді шар» жылулық шеңбері
- Балалар, менің қолымдағы не?
- Шар.
- Бәріміз шармен ойнағанды жақсы көреміз, оны жоғары лақтырып ойнайық, сонда біздің көңіл күйіміз көтеріледі.
2.Негізгі бөлімі
Балалар шармен ойнап жүрген кезде есікті қаққан дыбыс естіледі.
Есікті ашып Қызыл телпек кіреді (Альмира), оның көңіл күйі жоқ.
Мимикалық жаттығулар жасату.
- Балалар, бізге Қызыл телпек келіп тұр, оның көңіл күйі жоқ, көңіл күйін көтерейікші.
Балаларға смайликтерді көрсете отырып эмоцияларды көрсетіп, ол қандайкүй екенің ататқызу.
- Мен апама сыйлық апарайын деп едім, маған сендердің көмектерін қажет, орамал жасауға көмектесесіңдер ме?
- Балалар, көмектесеміз бе?
- Иә, көмектесейік.
Алжапқыштарын таққызып орындарына отырғызу. Қолыма губкадан ойылған гүлді алып:
- Балалар, қарандаршы, мынау неге ұқсайды?
- Гүлге.
- Иә, дұрыс айтасындар. Біз оны бояуға матырып, қағаздың бетіне түсіреміз. Ал бізде қандай түсті бояулар бар екенің атап шығайықшы?
- Қызыл және сары.
- Иә, өте дұрыс айтасындар. Алдымен гүлімізді сары түске матырып, қағаздың бетіне таңбасын салайық. Губканы қатты баспаймыз, сонда қолымызға бояу жағылып қалмайды, суретіміз әдемі, ұқыпты болып шығады.
Балалар гүлдің пішіні ойылған губканы бояуға малып ватман бетіне гүлдің таңбаларын салады.
- Енді мына гүлімізді суға матырып жуып аламыз да қатты сығамыз.
Қызыл түсті бояуды көрсетіндерші?
- Иә, дурыс көрсетіп отырсындар. Ал енді, қызыл түске матырамыз да, қағаздың бетіне түсіреміз. Қолданған гүлімізді суға матырып жуып аламыз да қатты сығамыз. Оны майлықтың үстіне қоямыз.
Жұмыстың аяғында қолдарын дымқыл майлықтармен сүртеді.
- Қарандаршы, балалар, қандай әдемі орамал болып шықты, апаның сыйлығы дайын. Енді бәріміз біраз серігіп алайық.
Сергіту сәті:
Апам үшін күнде мен, (әндете)
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап,
орындарынан тұрып жүру)
Жуам аяқ-табақты (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса, бөпемді (бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтау).
Балаларды орындарына отырғызу.
- Қызыл телпек, менің қолымда не?
- Иленген нан.
- Балалар, ол неден жасалады?
- Ұнға суды қосып жасайды.
- Нан қандай?
- Ол жұмсақ?
- Оның түсі қандай?
- Нанның түсі ақ.
- Одан не жасауға болады?
- Тоқаш, бауырсақ, печенье.
- Бәріміз нанды үзіп алып оны ұзынша қып есейік. Енді осы есілген нанды орау арқылы гүлдер жасайық. Себеттің ішіне тізіп, бізде неше тоқаш жасалғанын санайық.
- Мінеки, сенің тоқашың да, сыйлығын да дайын. Сенің апаң қайда тұрады?
- Орманда.
- Бізде сенімен бірге апаңа барайықшы.
- Апамның үйіне бару қиын, көп кедергіден өтүіміз керек. Бірінші үңгірден өтеміз. Алдымызда өзен ағып тұр, оны секіріп өтеміз.
- Мінеки, балалар, бізде апасының үйіне жетіп қалдық.
- Көмектескендеріңе көп рахмет, енді тоқаштарды апама апарып берейін. Сау болыңдар, балалар.
3.Қорытынды бөлімі:
- Бізге бүгін кім келді?
- Қызыл телпек.
- Қызыл телпекке біз не жасауға көмектестік?
- Орамал.
- Біз наннан не жасадық?
- Тоқаш жасадық.
- Біз неше тоқаш жасадық?
Балалардың жауабы.
- Өте жақсы балалар, сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар. Тәрбие.орг сайтынан ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕКТІҢ БӘЛІШІ Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мухаметкалиева Анар Акановна

ШҚО, Аягөз қаласы, "Аумақтық әлеуметтік көмек көрсетү орталығы" Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar