Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық телефония, интернет желісіне қол жеткізудің спутник жүйелерінің ықпалы
  • 16.01.2017
  • 56 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21044

Кентау қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы Ботабекова Асия Ердебекқызы
Кентау көпсалалы колледжі «Информатика» пәнінің оқытушысы

Тақырыбы: Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық телефония, интернет желісіне қол жеткізудің спутник жүйелерінің ықпалы

Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуымен дамуына жаһандық телефония, интернет желісіне қол жеткізудің спутник жүйелері, тікелей сандық теле және радиохабарлар тарату, шұғыл коорпоративтік және кең жолақты байланыс, навигация жәрдемдесіп отырғаны жасырын емес. Ақпараттық технология құралдарын меңгеру, жаңа элементтің енгізілуінің негізінде адам қызметінің өзгеруі байқалады. Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-жаңа технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. Технологиямен жұмыс жасау - 4 саты арқылы іске асырылады.
Олар:

Қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді, әсіресе білгенін өмірде пайдалана білетін жастарды тәрбиелеу мақсатында оқытудың жаңа әдістерінің ішіндегі ең маңыздысының бірі желілік ресурстарды пайдалану технологиясын енгізу.
Өз тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың «деңгейлеп оқыту » жүйесіне, Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту» жүйесіне және қосымша электронды оқулықтарға сүйене отырып сабақ жүргіземін. Жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы оқушының біліміні тексеруге ықпал жасайды. Олай дейтініміз білім деңгейін сатылап, оның нені меңгергенін, нені ұға алмағанын тексеруге мүмкіндік береді.
Информатикалық терминдерді тез есте сақтау мақсатында. Ал шығармашылық жұмыстар – тәжірибелік жұмыс кезінде балалардың қиялын дамыту мақсатында өзіндік тапсырмаларды орындау. Информатиканы оқытуда ойындарды әдістемелік тұрғыдан дұрыс. Шығармашылық-ойлау қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына , өмірге , білімге деген сенімі көзқарасы өзгереді. Жазба жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін ,ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Оқушыға саналы да сапалы білім беру ол мұғалімнің міндеті. Олай болса мен өзім информатика пәнінің мұғалімі болғандықтан, сабақ барысында компьютерді, электронды оқу бағдарламалары мен әртүрлі педагогикалық технология мәселелерін интерактивті тақтамен байланыстырамын. Баланы шығармашылыққа баулуға, олимпиадаға дайындауға көптеген жұмыстар жасаймын. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында Елбасымыздың «2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50℅ -ы электронды оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 ℅ -ға дейін артады» деп атап көрсетті. Информатика сабағында оқушылардың ізденістік іс-әрекетін қалыптастырудың сан алуан түрлері бер. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен пайдаланып отыр деуге болады. Еліміздің білім беру саласына, яғни біздің алдымызға қойып отырған негізгі міндеттер ретінде: ол ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын және әлемдік білім кеңістігіне толығымен ену білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруде білім беру үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық бағдарламаларды тиімді және кеңінен қолдану, елдегі ақпараттық инфрақұрылымды әлемдік білім берумен ықпалдастыру, білім беру ұйымдарының байланыстарын нығайту, т.б. негізгі бағыттарды Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында анық көрсеткен болатын.[1]
Қазіргі заман ХХІ ғасыр жаңа ақпараттық технология заманы болғандықтан, ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді.
Ақпараттық технологияның қалыптасу кезендері және негізгі ұғымдары
Қоғамның қазіргі заман дәуіріндегі ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты адам іс-әрекетінің барлық сферасында компьютерлік және желілік технологиялардың бірігуінен пайда болған ақпараттық технологияны пайдалану кең етек жайды. Қоғамды компьютерлендіру, техника құралдарының белсенді түрде енуі оқу орны мен кез келген ғылым саласы алдыңда бірқатар көкейкесті міндеттер қоюда. Ол міңдеттер оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін таратуда, компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуге байланысты.[3]
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда. Оқу орындарын ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары және орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, жоғары білімді дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан Республикасы 2010-2020 жылдар аралығындағы білім беру жүйесінің дамуының мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2017 жылға дейін даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылу үстінде. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі жалпы білім беретін оқу орындарында кез-келген ғылым саласы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады.
Негізінен информатика ғылымының басқа ғылым салаларына тигізер әсері бұл дегеніміз яғни, жоғарыда айтып өткендей қазіргі жаҺандану заманында жаңа ақпараттық технология заманына сай кез келген ғылым саласын қарастырсақ компьютерді пайдаланбау мүмкін емес. Себебі қазіргі заман соны талап етеді. Мысалға алатын болсақ өзімізге қатысты білім салаласында, қазір кез – келген орта, жоғары, арнаулы білім оқу орындарында сабақ мазмұнын оқушыларға (студенттерге) мұғалім сабақ барысында жаңа ақпараттық технологиямен өткенді жөн көреді. Енді осының себептерін қарастырсақ:
• Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технлогияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.
• Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;
• Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткеді;
• Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігі арттырады;
• Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
• Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
• Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Жаңа ақпараттық технологияны сонымен қатар тек оқу орындарында ғана емес басқада жұмыс орындарында немесе мекемелерде кеңінен пайдаланады. Ол яғни, жұмысшының жұмысын жеңілдетеді және уақытты үнемдейді.
Демек, информатика пәнін әдістемесін жетілдіре түссек, онда ХХІ ғасыр жас жеткіншіктерін компьютерлік сауатты, білімді және мәдениетті етіп шығарарымыз анық. Оның үстіне Біріккен Ұлттар Ұйымы «ХХІ ғасырды – ақпараттандыру ғасыры» деп атағандықтан, осыған орай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамызды «Қазақстанды ақпараттандыру – ХХІ ғасырға жасалған қадам» деген тақырыпта ғылыми форум өткізгендігі де белгілі. Міне, осы себептен де Қазақстандық информатика мамандары мен әдіскерлері информатиканы оқыту әдістемесін бұдан да гөрі жетілдіре түсуі үшін көп жұмыс жасауы тиіс.
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал, жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тәрбие ұйымдастыруына көмектеседі.
Өз бетімен шығармашылық әрекет жасауға қабілетті мамандар даярлауда жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеуге бағытталған педагог пен оқушы әрекетінің тиімділігін арттырудың жолдарының бірі – педагогикалық жаңа ақпараттық технологияларды орынды қолдану болып табылады. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.
Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда. [2] Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың ішінде мектептегі оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер - оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум; мультимедиа-технология, жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру құралы.
Мұғалім жұмысы практикада оқушы білімін бағалау үшін алатын тақырыптық тестерден көрінеді. Тест көзі мультимедиа компакт-дискілер немесе интернет желісі болуы мүмкін.
Бұның бір мысалы ретінде 2007-2008 оқу жылының басында ҚР Президенті Н.Назарбаевпен бірге өткізілген интерактивті сабақты айтуға болады. Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен толыққанды білім ала алады. Көптеген ғалымдар компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Мысалы, Ж.А.Қараев оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, А.Ә.Шәріпбаев компьютерлердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын дәлелдеу, С.М.Кеңесбаев болашақ мамандардың жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білу мәселелерін, М.Ф.Баймұхамедов компьютерлік оқытудың бейімделген технологиясын құрастырудың модельдері, Р.С.Шуақбаева компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жоғары сынып оқушыларына көпжақтарға берілген есептерді шығаруға үйретудің әдістемесі, Л.А.Баймаханова бастауыш мектепте педагогикалық құралдарды пайдалану әдістемесі, А.Қ.Бекболғанова ақпараттық-қатынастық технологияны қолдану негізінде колледжде математиканы оқытудың қолданбалылығын арттыру жолдары, ал ол өз кезегінде осы бағыт бойынша ғылыми жаңаша зерттеудің қажеттігін туғызып отыр. Себебі оқушылардың бұл әдістерді жетік меңгеруі олардың болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде қазіргі заманда ақпараттық технологияларды неғұрлым ұтымды пайдалануына мүмкіндік туғызады. Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:

 компьютерлiк үйрету бағдарламалары

 электрондық оқу құралдары

 компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау

 электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар

 аудио және видеоматериалдар

 Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар


ҚОРЫТЫНДЫ

Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл- ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Дамыта оқыту ең алдымен өтілгелі отырған оқу материалының негізінде, оның сонымен, дамыта оқыту, түсіндіру- сипаттау арқылы оқыту түрінің орнына келе жатқан, оқушыларды жұмыстандыратын оқыту тәсілі. Ол жеке тұлғаның барлық сапаларын дамытады. Оқу–тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды қолдануда оқушылардың бойында ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық, қызығушылық, біліктілікті арттыру қабілеттері қалыптасады. Білім берудің алғы шарттарының бірі, оқушылардың ойлау, есте сақтау, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану, өз білімін бағалау, өз бетімен білімін көтеру дағдыларын қалыптастыру болса, осы мақсатқа жетуде, білім беруде – жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай туғыза білу керек деп ойлаймын. Тәрбие.орг сайтынан Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық телефония, интернет желісіне қол жеткізудің спутник жүйелерінің ықпалы Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ботабекова Асия Ердебекқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Мектептен тыс мекемелер | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: мен, қалыптасуы, интернет, телефония, Заманауи, жаһандық, дамуына, ҚОҒАМНЫҢ, ақпараттық, желісіне
Көрсетілім: 56 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar