Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жаңашыл әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру
  • 14.04.2016
  • 654 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18633

Байкенжеева Эльмира Шекербекқызы
Кентау көпсалалы колледжі
«Газ және электрмен жабдықтау » бөлімінің бөлім меңгерушісі
Кентау қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы,Қазақстан Республикасы

Жаңашыл әдіс - тәсілдер арқылы
оқушылардың білім сапасын арттыру

Елбасы Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі жас ұрпақ, ұстаздар оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман педагогінен тек өз мамандығының терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық- психологиялық сауаттылық, саяси –экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді. Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігі арттырады .Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді. Ойын арқылы балаларды өмірге ең қажетті қасиеттерге:өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейді. Балалар ойын үдерісіне жаңа білімдер, пайдалы іскерліктер, әдеттер мен дағдылар үйренеді. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес салынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Н.К. Крупская: «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» деген болатын. Дидактикалық ойындарды оқу орындарында сабақтарда кеңінен пайдаланады. Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді. Белгілі педагог Ш.А.Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру,пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек», - дейді. Менің ойым да сол. Қазақстан тарихы пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты, бейнелі түрде түсіндіруге оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс деп ойлаймын. Адамзаттың көптеген жылдар бойы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Төл оқулықтарымыздың көпшілігі байқау оқулықтары және олармен оқу орындары толық қамтамасыз етілмеген. Атап айтатын болсақ біздің оқушыларымыздың қазақстан тарихы оқулықтарымен қамтамасыз етілуі 40 пайыздан аспайды.Сондықтан мұғалімдер көп ізденіп, көп еңбек етуі қажет. Дидактикалық материалдар қазақстан тарихы оқулығының негізінде алынған өзіндік,бақылау және тесттік тапсырмалардың,пысықтау сабақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады. Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жеке жұмыстар тек оқыту сипатына,жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға кмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған. Бақылау және тесттік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң ескеріледі. Дидактикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық,түсінікті,ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс. Тест тапсырмаларды пайдаланып,нәтижесіне талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады. Тест тапсырмалар оқушылардың қандай материалды игеріп,қай материалды қандай тәсілмен түсіндіру қажет екенін де анықтауға мүмкіндік береді. Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл–күйі ,баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады. Физика, химия, география т.б. пәндерімен байланысып білім – білік дағдылары артып, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі.Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні артады.
Дидактикалық ойындар –топта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы.Ойынның қай түрі болса да,оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі.Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерінің рөлі зор.Ойын элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып,мен өз іс тәжірибемде бірнеше ойын түрлерін қолданамын. Ойынның құрамына қойылатын талаптар, ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады.
Енді, біз әрбір сабақта оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайық.
„Шым-шытырман“.
І нұсқа. Кез-келген тақырып бойынша сөздік немесе терминологиялық жұмыстың бір түрі. Оқушылар 5-6-дан бірнеше топқа бөлінеді. Мұғалім тақтаға алдын ала дайындалған плакат іледі. Мұнда түрлі түспен, үлкен және майда (бірақ алыстан көрінетін) шрифтпен, тіке және көлденең 15-20 сөз жазылған. Келісілген уақыттан соң плакат алынып, топтар есінде қалған сөздерді жазады. Кейін топтар жазуларын алмасып, плакат бойынша бір-бірінің жұмысын тексереді.
ІІ нұсқа. Плакатты топтар өздері дайындайды. Мұғалім алдын ала тақырыпты айтады. Әрбір топ 5-8 минут көлемінде өз плакатын дайындайды. Плакат дайын болған соң, топтар өз орындарынан тұрып, басқа топтың плакатын қоршап, ондағы сөздерді оқып, естеріне сақтайды. Өз орнына оралып, көргендерін жазады. Соңында бір-бірінің жұмысын тексереді. Тақырыптар төмендегідей болуы мүмкін:
Тарих пәнінде :
- қоғам қайраткерінің аты-жөні;
- даталар;
- тарихи оқиғалардың немесе әдеби шығармалардың кейіпкерлері.

Кластерлер-(«жүзімнің шоқтары» деген мағынада) идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өз-ара байланыстары туралы әңгімелейді.

Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздеген де тиімді. Әдетте кластерлер оқушының жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.
Жаңа сабақ түсіндіру кезеңінде міндетті түрде конспект жазылады. Осы кезде “Тұлғаны танып-біл” оқыта үйрету ойынын пайдалануға болады. Бұл ойында мұғалім ойынға қатысушыларға парақ таратады, Оларға Қазақстан тарихында елеулі із қалдырған кемеңгер адамдардың (саясаткерлер, өнер және әдеби қайраткерлер және т.б.) портреттері жапсырылған.
Ойыншылар 5-6 адамнан топтарға бөлініп отырады.Балалар портреттегі тұлғаның аты-жөнін, тарихтағы рөлін, қызмет ету кезеңін, оның атына байланысты оқиғаларды, ол жазған шығармаларды және т.б.естеріне түсіруі тиіс. Топ ішінде талдау 5 минуттан аспайды.
Өз тобын топтың бір адамы қорғайды. Жүргізуші сыныптағы неғұрлым толық жауап берген топты анықтайды. Сол себепті топты үшке бөлеміз:
І топ – оқылған мәтінге қарама-қарсы сұрақтар жазады
ІІ топ – І топтың қойған сұрақтарына жауап береді
ІІІ топ – бақылаушы қызметін атқарады, яғни қалып кеткен сұрақтарды анықтайды. Бұл ойынның нәтижесінде жаңа сабақты бір-біріне сұрақ қою арқылы есте сақтау қабілеті дамиды. Оқушылармен жеке жұмыс істеумен қатар кейде оларды екі-екіден топтастырып,бір тапсырма беремін. Мұндайда бір оқушы (жақсы оқитыны) жетекші болып тағайындалады да,олар есепті талқылап,шығару жолын қарастырып,компьютерде шығарып,шығарған есептерін бірлесіп қорғайды.Егер әлсіз оқушы шығарылу жолдарын айтып бере алмаса,яғни дұрыс жауап бермесе,екіншісінің де бағасы төмендетіледі.Мұндай тапсырмалар оқушылардың жеке қасиеттерін есепке алуды талап етеді,оларды ұжымдық түрде жұмыс істеуге үйретеді.
ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйренеді
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады
5. Уақытты үнемдеуге үйренеді
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді
8. Оқушылар үшін қауіпсіз
9. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек
10. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі
11. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.

Дидактикалық ойындар
Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек
Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді

Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйренеді Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді
Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады Уақытты үнемдеуге үйренеді

10 % 100% 50% 80% 45% 70%
Пайыздық көрсеткішпен

Сондықтан, бүгінгі өскелең ұрпақтың үлкен өмірге білек сыбанып, белсене араласа алатын қабілетін көріп, танып білу заман талабы.Сабақтың соңғы кезін-нәтижелерін қорытындылайтын кезеңін қамтитын оның валеологиялық компонентіне тоқталып өткім келеді.Баға-оқушыларды үйренуге талпындыратын негізгі құралдардың бірі. Жоғары баға баланы қанағаттандырып алға тартады,төмен баға оларды ренжітіп,оқығысы келмейтін сәттер туғызады. Сондықтан оқушының неге ондай баға алғанын түсіндіріп кеткен дұрыс. Мұғалімнің осылай ауызша берген түсініктемесі оқушының көңілінің пәстігін жойп,оған үміт отын жағып,алға ұмтылуға талпындыруы тиіс. Сол себепті сабақ соңында оқушының барлық істеген жұмысын қорытындылап баға қойған дұрыс болады. Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өту керек. Осындай жұмыс барысында жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесіне сүйене отырып сабақты түрлі іскерлік ойындар,жарыстар түрінде,пәнаралық байланыс түрінде,көрнекіліктермен,дидактикалық материалдар пайдалана отырып өтсек, балалар қызығатын болды. Олай болса, ертеңгі ұрпағымыздың болашағы өз қолымызды,жанымызды аямай еңбек ете білейік! Тәрбие.орг сайтынан Жаңашыл әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байкенжеева Эльмира Шекербекқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Мектептен тыс мекемелер | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 654 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar