Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
ЖУЫНУ ДАҒДЫСЫ
  • 06.01.2017
  • 48 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20803

Мақсаты . 1.Білімділік: Жеке бастың тазалығы және гигиена туралы түсініктерін кеңейту.Салауатты өмір салты,күн тәртібі және оның сақталуы туралы білім беру.Жуыну құралдарымен таныстыру.


2.Дамытушылық : Өз- өзіне қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру,қол-саусақ маторикасын,ойлау қабілетін, жуыну дағдысын күнделікті орындалуын дамыту.

3.Тәрбиелік: Тазалыққа,ұқыптылыққа, денсаулықты күтуге тәрбиелеу.


Әдіс –тәсілі: Әңгімелесу,түсіндіру,көрсету,ертегі желісі бойынша сұрақ –жауап.

Көрнекілігі: Сабын, тіс щеткасы,сүлгі, тарақ, айна ертегідегі қолжуғыш,су.

Сабақың барысы:

І.Кіріспе бөлімі
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Суретпен жұмыс

-Сәлеметсіңдер ме балалар! Апайлармен де амандасып алайық.

- Сәлеметсіздер ме!

Осы кезде үстелде беті жабылған заттар тұрады.

-Балалар мына заттарға қарайықшы ,кандай заттарды көріп тұрсыңдар?
- Сендерге таныс заттар ма?
- Қане кім айтады?
Заттарды балаларға атап айтқызу.
- Сабын, тіс щеткасы, сүлгі.
-Бұл заттар бізге не үшін қажет ?
- Ия сабын, сүлгі , тарақ, айна ,тіс щеткасы – тазалық құралдарына жатады.

ІІ. Негізгі бөлім :

1. Жаңа тақырып
2. Ертегі кейіпкерлерінің ойыны
3. Д/О«Күн тәртібі.»

Ертегі желісі бойынша ,өзеннің ар жағында үй тұрады . Сол үйге жету үшін , өзенге әр-түрлі пішіндерді қою арқылы балалар арғы бетке өтеді. Үйдің қасында салақ, кір қожалақ бала жүреді.
Үсті- басы кір-кір болған бала ортаға жылап келеді

- Ай,ай ай ішім-ай, ішім-аий .
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен мына үйде тұрамын, үден шығып қашып кеттім, тәңертең турғанда үйдегілер жуын –жуын деп, топыраққа аунап ойнап кесемде қолдарыңды жу деп үйдегілер мазамды ала береді.

- Ой балақай үсті басың қандай кір.

- Балалар қараңдаршы, мына бала сендерге ұнап тұр ма? Өзінің беті де кір-кір екен, бұл балаға нестеу керек?

- Ия жақсылап жуыну керек екен.

- Ішім –айй, ішім-айй, жоқ мен жуынғым келмейді.

- Әрине сенің ішіңнің ауыратын жөні бар, өйткені балалар бұл бала жуынбаған екен.

- Балалар мына қораптан мына балаға көрсетіңдерші (сабынмен жуынады, щеткамен тіс тазалайды, ал сүлгімен жуынып болған соң сүртінетінін) балалардың өздеріне әр затты алғызып ататып, сөйлету.

Осы кезде ортаға ертегідегі қолжуғыш келеді, жан – жағына қарап, біреуді іздегендей боп жан-жағына қарап шарлап баланы іздеп жүреді.

- Амансыңдар ма балалар , мына жақтан кір –қожалақ бала көрген жоқсыңдар ма?

- Ия көрдік міне ол -деп екі бала жетектеп қолжуғыштын алдына алып келед.

Қолжуғыш

-Кір қожалағым- ай қайда қашып кеттің? Сені іздемеген жерім жоқ .Қане жуынайық, тазалықты уйренейік.

-Жоқ ,жоқ жуынғым келмейді –деп бала қашқақтайды .
- Қараш сенен шұлықарын да , шалбарың да қашып кетіпті .



-Ия балалар енді біз сендермен мына балаға көмектесейік, қалай жуынатыннын , тісімізді күніне 2-уақыт жуып,тазалап отыруды көрсетейік.Таза жүрсең шалбарың да, шұлықтарың да қайтып келеді екен.

-Жуынған кезде сабынды алақанның ортасына қойып уқалап қолымызды жуамыз, содан соң әр бармағымызды жеке-жеке алып жуамыз. Одан соң бетімізді тазалап жуамыз. Тісімізді ысар кезде бірінші щеткамызды суға жуып аламыз да, тісімізді тазартамыз.

Ортадағы балаларды жеке – жеке шығарып жуыну дағдысын көрсету.
Содан соң, ертегі баласын жуындырып , тазалыққа уйрету.

-Ооо қалай кушті, таза боп қалдым рахмет сендерге, енді сендердің жуынғандарыңды көрейікші.

Сол кезде есікті біреу қағады, сөйтсек шалбары мен шұлығы келеді, баланы ретке келтіріп, шашын бір оқушыға таратып, сырттан шұлықтары мен шалбарын киеді.

Сергіту сәті

Бала, бала жүрші
Беті - қолыңды жушы,
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы.

-Жақсы балалар, енді мына суреттен күнделікті күн тәртібін тауып көрсетейік.
- Таңертен ұйқыдан оянамыз, тәңертеңгі жаттығу, жуынамыз осыны апайларға көрсетейік.

ІІІ. Қорытынды бөлім

-Балалар біз сендермен не үйрендік?

-Ия қалай дұрыс жуыну керектігін үйрендік.

-Жуынуға қандай заттар керек екен?

-Сабын,тіс щеткасы, сүлгі керек екен.

-Жақсы балалар күнделікті үйде де, тазалық сақтайық.

- Таза жүрсек денсаулығымыз да мықты болады, көңіл-күйіміз де көтеріңкі болады.

-Бүгінгі сабағымыз аяқталды, сабаққа сендер жақсы қатыстыңдар рахмет сендерге. Тәрбие.орг сайтынан ЖУЫНУ ДАҒДЫСЫ Мектептен тыс мекемелер материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тусупова Айнур Рустемовна

"Аягөз ауданыәкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы"КММ Еңбек маманы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Мектептен тыс мекемелер
Көрсетілім: 48 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar