Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сүйікті спортшым - Бақтияр №артаев
  • 31.01.2017
  • 242 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21443

Күні: Пән:қазақ тілі Сынып: 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сүйікті спортшым – Бақтияр Артаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бақтияр Артаев туралы мәліметпен таныстыру. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту. Сөздерді дұрыс айтуға, сөйлемдерді дұрыс құрастыру арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Сабаққа, денсаулық үшін спорттың маңызы зор екенін түсіндіру, қазақ тіліне қызығушылығын арттыру.Жылдамдықты, зеректілікті , ептілікті, тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру әдісі.
Сабақтың типі: дәстүрлі.
Көрнекілік: мазмұнды суреттер, карточкалар.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: - Амандасу.
- Сыныпты түгендеу. Кезекшінің мәліметі:
Үй жұмысын тексеру: 5-тапсырма 146 бет.
Тіл дамыту
1.Біздің мектепте қандай спорт үйірмелері бар?
2. Қандай спорт түрлерін білесіңдер?
3. Олимпиада жүлдегерлері туралы әңгімелескен едік. Кім туралы нақты мәлімет алдыңдар?
Жаңа сабақ
Сөздікпен жұмыс:
Жеңімпаз – победитель
Ойыншы – игрок
Марапатталған – награждён
1-тапсырма. Оқы, әңгімеле.
Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев (14 Наурыз 1983 жыл, Тараз қаласы Жамбыл облысы) – боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері. 2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
- Сүйікті спортшың кім?
- Ол қай қалада туған?
- Қай олимпиаданың чемпионы?
- Қандай кубок алған?
3-тапсырма. Ойлан, жауап бер.
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым
(шаңғы)
4-тапсырма. Тыныс белгілерін дұрыс қойып жаз.
Бұл – стадион.
Бұл – стадион ба?
Ура, бұл – стадион!
Қорытындылау
Үйге: 6-тапсырма.
Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Сүйікті спортшым - Бақтияр №артаев Оқу жылы материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жанжигитова Алтын Балтабаевна

Степногорск қаласы №1 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Оқу жылы
Көрсетілім: 242 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar