1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліске 100 жыл

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 618
  • Оқушымен жұмыс
  • 20/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20118


Білімділік: 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипатын түсіндіріп, оның ұлт - азаттық соғысқа ұласқанын фактілермен көрсету, қазақ қоғамының түрлі топтары назарының жалпыұлттық идеяға ұласқанын ашып көрсету, тест әдісінің түрлерін қолдану арқылы тақырыпты тереңірек қайталап, бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың азаттық күреске басшылық еткен тарихи қайраткерлерге байланысты өз пікірлерін, көзқарастарын айта білу дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік :“Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз” – дегендей, өз отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, “Бабалар ерлігі - ұрпаққа үлгі”, - деп айтып оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі және дидактикалық құралдар: «Қазақстандағы 1916 ж. ұлт - азаттық қозғалыс» картасы. Көтеріліс басшыларының суреттері. Интерактивті тақта, А. Байтұрсыновтың сөзі: «Қазак ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды». Тарихи және әдеби кітаптар: С. Асфендияров. «1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс»,т.б.
Сабақтың түрі: Түрлендірілген сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: тест, баяндау, карта, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті
Сабақтың нәтижесі:
а) оқушы Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың тарихи мәнін түсінеді;
ә) дүниежүзілік ұлт - азаттық қозғалыстармен салыстырып талдау жасай алады;
б) ұлт - зиялыларының ұстанған бағытымен танысып, пікір қалыптастырады;
в) патша өкіметінің отаршылдық саясаты туралы түсінік қалыптасады;
г) қозғалыс басшылары, көтерілістің барысы жөнінде кестелер мен тест әдісінің түрлерін қолдану арқылы мағлұматтарды терңірек есте сақтау қабілетіне ие болады.
С а б а қ т ы ң б а р ы с ы:
1. Ұйымдастыру жұмыстары
Оқушылардың сабаққа түгел қатынасуын, сабаққа дайындығын бақылай отырып, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй жұмысын тексеру мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылады
Қазақстанда неше казак әскери бөлімдер болды?
1905 ж өлке тұрғындарынан қанша жер алынды?
«Артық жерлердің» санатына қандай жерлер жатқызылды?
Ақмола облысындағы Успенск кенішінде болған ереуілге неше адам қатысты?
1907 ж ақпанда жұмысын бастаған ІІ Думаға кімдер депутат болып сайланды?
ІІІ Думаға не себептен ешкім сайланбады?
Қосымша оқушы үйден құрап келген Мемлекет сөзінен сөзжұмбақ шештіріледі.
ІІІ. Кіріспе. Оқытушы сөзі.
Қазақ халқы ерте заманнан бергі дәуірде халқымыздың елдігін, ерлігін сынайтын үш кезеңді басынан кешірді. Оның біріншісі жаңа өмірге келгенде қолына қан уыстап туған Шыңғыс хан шапқыншылығы болса, екіншісі елді еңіретіп «ақтабан шұбырынды» еткен жоңғар шапқыншылығы, үшіншісі ең талмауытты –талмалы тұсы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс. Тарих қазақ халқының шаңырағын үш рет шайқалтты. Халық жадында үш заманға, үш қарғыс ат тағылды.Олар «Ойран заман», «Зар заман», «Қилы заман». Міне, біздің бүгінгі тақырыбымыз осы қилы замандағы ірі тарихи оқиғалардың бірі болып табылады. Биыл 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл толды.Көтерілістің болғанына бір ғасырдай уақыт өсе де, халықтың жадында мәңгі сақталады.
16-шы жылында,
25-ші маусымда,
Даланы қара түн басты,
Найзағай ойнап от шашты.
Жарлығы шығып патшаның
Ел сандалды, ер састы.
Ежелгі кек оянып,
Көтеріліп жұрт дуласты –осы өлең жолымен бүгінгі сабағымызды бастаймыз
ІV.Жаңа тақырыпты хабарлау және мақсатына тоқталып өту.
Жоспары: 1. 1916 жылығы Ұлт-азаттық көтеріліс себептері және басталуы
2. Көтерілістің ірі орталықтары
3. Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт- азаттық қозғалыстың тууына әсер еткен жағдайлар:
1. Столыпин реформасы кезінде жергілікті халықтың егіншілікке жарамды жерін тартып алудың кең етек алуы;
2. Бірінші дүние жүзілік соғыстың халық үшін ауыр зардаптары;
3. Дәстүрлі қазақ шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы;
4. Өлкені тонаудың күшейе түсуі, алым салықтардың еселеп өсуі;
5. Орыстардыру саясатының асқына түсуі, ұлттық саяси теңсіздік.
Басты себептері:
Қазақ жерін отарлауы.
Қазақ жерлерінің Ресей империясының мемлекеттік меншігі болып жариялануы.
Петербург сарайының «бұратаналарды» қара жұмысқа тарту туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығының шығуы.
Мақсаты:
Қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді.
1. Қозғалыстың себептері және басталуы.
ХХ ғ. Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодандыққа көшуімен ерекшеленеді. Осы ғасырда ол шикізат өндіретін ірі сауда рыногы болды. Бұл ұлт - азаттық козғалыс қазақ чалқының бостандық, тәуелсіздік үшін бірнеше ғасырға созылған отаршылдыққа қарсы жүргізген азаттық күресірің жалғасы. 1914 ж. басталған Біріінші дүниежүзілік соғыс мемлекеттердің, әсіресе Ресей еңбекші халықтарының жағдайын нашарлатты. 1916 ж. соғыстың қызған кезі еді. Ол соғыс қаруларын айтпағанның өзінде шикізатты, азық - түлікті, материалдық байлықты қажет етті. Ресей шенеуніктерінің қазақ халқын ын құқығын корлау, басып — жаныштау, түрлі зорлық - зомбылық жасау күшейді.
Көтерілістің негізгі себептері:
Патшаның отарлау саясатының тиімсіздігі, орыстандыру саясаты, алым - салықтың артуы, қазақтардың қөп жерлерінен айрылуы, 1916 ж. 25 маусымдағы Қаз - ң, Орталық Азияның, және ішінара Сібірдің 19 - 43 жас аралығындағы «бұратана» ер азаматтарын тыл жұмысына «реквизициялау туралы» Жарлығы кө
Көтеріліс оқиғаларының басталуына себеп, сылтау болды.
Қозғалыстың мақсаты:
қазақ халқына ұлттық және саяси бостандық әперу. Қозғаушылардың қозғаушы күші: қазақ шаруалары, жұмысшы лар, кедейлер, қолөнершілер. Қатысты: байлар, болыс басқарушылар, билер. Демократияшыл зиялылардың өкілдері.
Сипаты: ұлт - азаттық.
2. Қозғалыстың басталуы мен басшылары. Қозғалыс туралы қазақ қоғамындағы сол кездегі көзқарастар.
Қазақ зиялыларының әкі турлі көзқарасы болды көтеріліске:
1 топ: Қазақ зиялылырының батыл өкілдері - Тоқаш Бокин, Ж. Ниязбеков, Т. Рысқұлов, Ә Жангелдин, С. Меңдешев, Б, Алманов, т. б. патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қолға қару алып, қарсылық жасауға шақырды.
2 топ: «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал - демократияшыл зиялылардың жетекшілері - А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, т. б. халықты Жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. Қарсы шыққан жағдайда қарусыз мыңдаған халық патша өкіметінің жазалау шаралапының құрбаны болады деп есептеді.
2. Көтерілістің ірі орталықтары
Жетісудағы көтеріліс.
1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды. Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:
1. қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті.
2. Қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады.
3. Көтеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды.
Ұлтаралық араздықты күшейту мақсатында Түркістан архиепископы православие халқын қазақ және қырғыз еңбекшілерін жазалауға шақырды.
Осыған қарамастан котеріліс үдей түсіп, Шу өзені мен Ыстық көлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады.Жаркент уезінде котерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новиков қоныстарын басып алды.
Революцияның ірі ошағы-қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық
Іл көтерісшілерді оққа ұшырды.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.
Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты.
Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.
Зардаптары: 1)Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2)мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды.
Торғайдағы көтеріліс.
Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Төрғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Төрғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Қөтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.
Торғай облысының әскери губернаторы М.М.Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Төрғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде кедей шаруаның отбасында туған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен – ақ жоқшылық пен мұқтаждық көріп өсті.
Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Төрғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдары, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті.
1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Төрғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Корпустың келе жатқаны туралы деректер алғаннан

еКкейін көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, қарашада Түнқойма почта станциясының маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батысқара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Төрғай даласында А.Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды.
Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді...Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Төрғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды.
Салдары:
-3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді.
-161-і каторгаға айналды.
-Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.
3.1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:
1. Көтеріліс бытыраңқы болды.
2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.
3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі.
4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.
5. Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады.
6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.
7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.
Салдары: қазақтардың саны:
- Қазақ өлкесінде – 446 мыңға;
- Орта Азияда – 121,7 мыңға;
- Астрахань губерниясында – 51,8 мыңға;
- Россия империясында – 617,5 мыңға азайды.
Көтерілістің тарихи маңызы
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.
4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.
5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.
І Ү.Картамен жұмыс
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау :
"Жылдар сөйлейді" ізденушілік тапсырма.
Ж Ж ыл болған оқиға
19 1916 жылғы 25 маусым
(Патша жарлығы бойынша, қара жұмысқа 19-43 жасқа еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болды)
19 1916ж
(Патша әкімшілігі ресейлік отаршылдар үшін жаңадан жер тартып алуды ойластырды).
19 1913 ж.
("Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды" - деп жазған А. БаБайтұрсынұлы)
19 1912ж
(Қазақстанға Ресейден 2 млн 400 мың адам қоныстандырылды)
19 1916ж
(Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны жарты миллионға жуық кеміді)
ҮІІ .Бекіту: Ашық тест
1. 1916 ж ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталығының бірі
А) Жетісу
В) Ақмола
С)Верный
Д) Семей
Е) Түркістан
2. 1916 жылғы көтерілістің негізгі қозғаушы күші:
А) Қазақ байлары
В) Қазақ интнллигенциясы
С) Қазақ болыстары
Д) Қазақ шаруалары мен қолөнершілері
3. 1916 жылғы көтеріліске байланысты орыс патшасы қай генералды Түркістан өлкесіне генерал – губернатор етіп сайланды:
А) Кировты
В) Куропаткинді
С) Курносовты
Д) Константиновты
Е) Кирюхинді
4. 1916жылғы көтерілістің сипаты
А) Буржуазиялық
В) Ұлт-азаттық
С) Демократиялық
Д) Либералдық
Е) Социалистік
5. «Қазақ» газетінде басылған «Тағы соғыс» мақаласының авторы?
А) А. Байтұрсынов
В) Ш. Құдайбердиев
С) Ә. Бөкейханов
Д) Ж. Аймауытов
Е) М. Дулатов
6. 1916 ж. тамызда 5000 астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алған жәрменке?
А) Тоқмақ
В) Бішкек
С) Ыстықкөл
Д) Қарқара
Е) Ұзынағаш
7 Торғайдағы көтеріліс сардарбегі, Амангелдінің серігі, мерген. . . .
А) Мұнай
В) Ә. Жанбосынов
С) Е. Курев
Д) Кейкі батыр
Е) Ұ. Саурықов
8. 1916ж. ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді.
А) 200 мыңға
В)2 миллионға жуық
С) 0, 5 млн жуық
Д) 1 млн
Е) 800 адам
Дұрыс жауабы:А,Д,В,В,С,Д,Д,С.
ҮІІІ.Қорытындылау.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы жеңіске ұшыраса да, оның аса зор тарихи маңызы болды. Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, елін жерін сүйген
Амангелді, Бекболат тәрізді қаһарман, ержүрек батырларды шығарды. Қазақ хал ақының кім екенін дүние жүзі таныта білді.
" Ел үшін еңбек етсең, халқын сүймек,
Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп.
Ер өлсе де ерлігін ел өлтірмес,
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек".
Халық үміті орындалды - Қазақстан тәуелсіздік алды, егемендікке қолы жеткіздік.
Неше мың жыл өтсе де ол кісілердің ерлігі мәңгі сақталады.
Ү Үйге тапсырма: 1.Картамен жұмыс
2. Зерттеуді жалғастыру
3. Шығармашылық тапсырма (тарихи- логикалық есептер құру)
ІХ. Оқушыны бағалау : Сабақ барысында берілген тапсырмаларға жауап
бергендерге тиісті бағасы қойылады.

1. 1916 ж ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталығының бірі
А) Жетісу
В) Ақмола Д) Семей
С)Верный Е) Түркістан
2. 1916 жылғы көтерілістің негізгі қозғаушы күші:
А) Қазақ байлары
В) Қазақ интнллигенциясы
С) Қазақ болыстары
Д) Қазақ шаруалары мен қолөнершілері
3. 1916 жылғы көтеріліске байланысты орыс патшасы қай генералды Түркістан өлкесіне генерал – губернатор етіп сайланды:
А) Кировты
В) Куропаткинді
С) Курносовты
Д) Константиновты
Е) Кирюхинді
4. 1916жылғы көтерілістің сипаты
А) Буржуазиялық
В) Ұлт-азаттық
С) Демократиялық
Д) Либералдық
Е) Социалистік
5. «Қазақ» газетінде басылған «Тағы соғыс» мақаласының авторы?
А) А. Байтұрсынов
В) Ш. Құдайбердиев
С) Ә. Бөкейханов
Д) Ж. Аймауытов
Е) М. Дулатов
6. 1916 ж. тамызда 5000 астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алған жәрменке?
А) Тоқмақ
В) Бішкек
С) Ыстықкөл
Д) Қарқара
Е) Ұзынағаш
7 Торғайдағы көтеріліс сардарбегі, Амангелдінің серігі, мерген. . . .
А) Мұнай
В) Ә. Жанбосынов
С) Е. Курев
Д) Кейкі батыр
Е) Ұ. Саурықов
8. 1916ж. ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді.
А) 200 мыңға
В)2 миллионға жуық
С) 0, 5 млн жуық
Д) 1 млн
Е) 800 адам
1. 1916 ж ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталығының бірі
А) Жетісу
В) Ақмола С)Верный
Д) Семей Е) Түркістан
2. 1916 жылғы көтерілістің негізгі қозғаушы күші:
А) Қазақ байлары
В) Қазақ интнллигенциясы
С) Қазақ болыстары
Д) Қазақ шаруалары мен қолөнершілері
3. 1916 жылғы көтеріліске байланысты орыс патшасы қай генералды Түркістан өлкесіне генерал – губернатор етіп сайланды:
А) Кировты
В) Куропаткинді
С) Курносовты
Д) Константиновты
Е) Кирюхинді
4. 1916жылғы көтерілістің сипаты
А) Буржуазиялық
В) Ұлт-азаттық
С) Демократиялық
Д) Либералдық
Е) Социалистік
5. «Қазақ» газетінде басылған «Тағы соғыс» мақаласының авторы?
А) А. Байтұрсынов
В) Ш. Құдайбердиев
С) Ә. Бөкейханов
Д) Ж. Аймауытов
Е) М. Дулатов
6. 1916 ж. тамызда 5000 астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алған жәрменке?
А) Тоқмақ
В) Бішкек
С) Ыстықкөл
Д) Қарқара
Е) Ұзынағаш
7 Торғайдағы көтеріліс сардарбегі, Амангелдінің серігі, мерген. . . .
А) Мұнай
В) Ә. Жанбосынов
С) Е. Курев
Д) Кейкі батыр
Е) Ұ. Саурықов
8. 1916ж. ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді.
А) 200 мыңға
В)2 миллионға жуық
С) 0, 5 млн жуық
Д) 1 млн
Е) 800 адам Тәрбие.орг сайтынан 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліске 100 жыл Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жакупбекова Жанара Асылхановна

Ақмола облысы Зеренді ауданы Жалпы білім беретін кешкі орта мектебі тарих және қоғамтану мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar