Абай ақын - дарасың

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 385
  • Оқушымен жұмыс
  • 12/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20473


Абай ақын – дарасың
/Қазақтың бас ақыны – А. Құнанбайұлына арнау өлең/
1. Абай ақын – дарасың,
Дарасың сен, данасың.
Атанып елдің ақыны
Қалдырған бізге мұрасын.
2. Ғибрат алар сөзіңнен,
Тұшынып қазақ баласы.
Әрбір жырың салмақты
Айырылған ақ пен қарасы.
3. Мәдениетінен орыстың
Үлгі алуға шақырдың.
Өнер,білім, ғылымды
Сусатуға бас ұрдың.
4. Ұлылықты паш еткен,
Сөз маржанын тізбектеп,
Қарасөзің дәріпті
Сусап өсер жас өркен.
5. Өлеңіңмен өміршең
Тәлім бердің қазаққа.
Өнегені үлгі еттің
Қалмасын, - деп мазаққа.
6. Қысың, жазың, күзің бар
Табиғатты жырлаған.
Әдебиетте мол мұра
Сіз аманаттап қалдырған.
7. Жыр арнадым өзіңе
Бар сөзімді салмақтап.
Абай ата өзіңді
Құрметтеймін, ардақтап!
12. 10.2016 ж Тәрбие.орг сайтынан Абай ақын - дарасың Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сұлтанқызы Қасиет

ОҚО Арыс қаласы С. Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы

Пікірлер: 0

avatar