«Адам ағзасына шудың әсері»

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 275
  • Оқушымен жұмыс
  • 14/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23177


Қазақстан Республикасы
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
«Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Тақырыбы: «Адам ағзасына шудың әсері»

Орындаушы:
6 «в» сынып оқушысы
«Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
ШҚО, Семей қаласы
Жетекшісі: Исина Арайлым Сиязбековна
биология пәнінің мұғалімі
ШҚО, Семей қаласы

2017 жыл
АННОТАЦИЯ
Аты: Айдана
Фамилиясы: Корсакова
Мектеп: Т. Ы. Аманов атындағы № 16 жалпы орта білім беретін мектеп
Қала: Семей
Тақырыбы: : «Адам ағзасына шудың әсері»
Зерттеу мақсаты: шудың жүрек соғысына, артериальдік қысымға және оқушылардың көңіл бөлуіне әсерін анықтау. Себебі, бұл оқушының үлгерімінің басты компоненті болып табылады.
Зерттеу әдістері: тақырып бойынша әдебиеттерді талдау, анкета жүргізу, тәжірибе жасау.
Жобаның өзектілігі: Шудың неғұрлым қатты болуы баланың ақыл ойының дамуына әсер ететіндігі анықталған. Ұзақ уақыт бойы интенсивті шудың ортасында болу артериальдік қысымның өзгеруі мен жүрек жұмысының нашарлауына алып келеді. Мидың қыртысында бұзылулар пайда болып, есту, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі.


Мазмұны


1. Кіріспе............................................................................................. 4
2. Зерттеу бөлімі
2. 1.Дыбыстың зиянды жақтары..........................................................5
2. 2 Тұрақты шудың әсерінен қысымның өзгеруі .............................7
3. Қорытынды......................................................................................15
4. Пайдаланылған әдебиеттер ...........................................................16

Кіріспе

Ауаның, топырақтың судың ластануы адам ағзасына кері әсер ететіні барлығына белгілі. Алайда, бұл аталғандардың зияны шуға қарағанда азырақ. Адам ағзасына шудың әсері туралы ертеден белгілі. Ежелгі Қытайда шудың көмегімен жазалау ең ауыр жаза болып табылған. Әсіресе ,балалар қатты зардап шегеді. Шудың неғұрлым қатты болуы баланың ақыл ойының дамуына әсер ететіндігі анықталған. Ұзақ уақыт бойы интенсивті шудың ортасында болу артериальдік қысымның өзгеруі мен жүрек жұмысының нашарлауына алып келеді. Мидың қыртысында бұзылулар пайда болып, есту, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Сондықтан бұл тақырыптың өзектілігі.
Зерттеу мақсаты: шудың жүрек соғысына, артериальдік қысымға және оқушылардың көңіл бөлуіне әсерін анықтау. Себебі, бұл оқушының үлгерімінің басты компоненті болып табылады.
Зерттеу әдістері: тақырып бойынша әдебиеттерді талдау, анкета жүргізу, тәжірибе жасау.
Табиғат көптеген дыбыстардан тұрады. Адамдардың даусы,құстардың сайраған әні,желдің гуілі,сағаттың соғуы,көліктердің дыбысы және т.б. Болып жатқан оқиғаларды анықтап білудің негізгі хабаршысы дыбыс.
Дыбыс дегеніміз не? Неге біз оны естиміз және ол қайдан шығады? Оның көзі денлердің немесе оның бір бөлігінің тербелу,үйкелу,сығылу және т.б жағдайлар арқылы пайда болады. Тербелу арқылы қоңырау соғылады.

2. Зерттеу бөлімі
2.1 Дыбыстың зиянды жақтары
Тірі ағзаларға тікелей және айрықша әсеріне байланысты қоршаған ортаның шумен ластануы таза экологиялық факторлардың категориясына жатады
Тұрақты шуда қалада өскен ағаштар жиі ауырып ,тіршілігін тоқтатады. Шудың ұзақ уақыт бойы тұруы өсімдіктерге ғана әсер етіп қоймай,кейбір. Адамдар өмір бой дыбыстар әлемінде өмір сүріп келеді. жануарлардың да жойылуына алып келеді. Адам дыбыс әлеміне сөйлеу пен әуенді әкелді. Дыбысты өзінің көмекшісі ретінде пайдаланды. Теңіздің толқуы,жаңбырдың жаууы,жапырақтың тусуі сияқты дыбыстардың адам ағзасына жағымды әсер ететіні белгілі,адамды тыныштындырады. Ал транспорттағы немесе кәсіп орындағы шу адамды шаршатады,басады,ойын жүйеге келтіруге бөгет жасайды. Зерттеулер бойынша, шу адамның жұмысқа деген қабілеттілігін 50% төмендетеді.
Әлемдегі әртүрлі дыбыстарға толы, сағаттың тықылаған дыбысы, матордың гуіллі,жапырақтың және тағы басқа дыбыстарды айтуға болады. Табиғаттың жаратқан дыбыстарының барлығы адамның денсаулығына кедергісі жоқ сияқты, дегенмен дыбыстар табиғатта әртүрлі мақсатта ұолданылады. Мысалы: хайуанаттарға сигнал ретінде, адамдар қал-жағдайына қараай қолданады. ХХІ ғасырда адам баласының ыңғайына шешіліп отырған көптеген жетістіктерді атап айтуға болады. Дегенмен, біз көптеген мәселелерді пайдамызға шеше білгенімізбен, олардың екінші жағы, зиянын қарастырмаймыз. Өйткені,қазіргі таңда медицинаның дамыған кезінде де әуен арқылы адамдарды емдеуге болатынын көріп жүрміз. Мысалы: психологиялық жағынан қарағанда классикалық әуендер адамның миын тыныштандырады. Сондықтан дыбыстарды зиянды демей, оның пайдалы жақтарында айтуға тура келеді. Бізді қоршаған ортада, табиғаттың ешбір зиянды жақтарын көре алмайтынымыз дұрыс, бірақ адам баласы өзіне зиянды нәрселерді өз қолымен жасайды емес пе? Олардың бірі бізді қоршап отырған дыбыстың түрлері.
Дыбыстың зиянды жақтары да бар. Қатты дыбыстар жұмыс жасауға, ойлауға, демалуға кеселін тигізеді. Бұрын дыбысқа (шуға) көп көңіл бөлмей оның мәдениет пен техниканың айырылмас жол серігі, онан құтылудың жолы жоқ деп есептелетін. Қазір болса, машиналар мен жабдықтардың саны өсіп, мөлшері үлкеюіне байланысты қоршаған ортада дыбыс көп тарап және жағымсыз факторлардың біріне айналды. Қалалар мен өндіріс орталықтарында шу жылдан-жылға көбейіп, елдің мазасын ала бастады. 1948 жылы қала тұрғындарының 23 %-і дыбыстың өсуіне наразылық білдірсе, 1961 жылы олардың саны 50 %-ке жетті. Соңғы 20 жылда үлкен қаладағы дыбыс қуаты 10-15 есе көбейді.
Шу – амплитудасы және жиілігі әртүрлі болған тербелісті айтамыз. Шу дегеніміз адам организміне механикалық тербелістің әсер етуі, тербелістің жиілігіне, интенсивтілігіне және берілу ортасына байланысты болады. Шудың адам организміне күнділікті әсер етуі кәсіби ауруларға әкеледі. Сонымен бірге, жүйке, жүрек, қан тамыры жүйесіне, қан тамыры қысымына, көздің көруіне әсер етеді. Шудың адам организміне ұзақ уақыт әсер етуі, бірнеше қолайсыз жағдайлардың пайда болуына әкеледі: көру, есту мүшелерінің жұмысы төмендеп қан қысымы көтеріледі.
Шумен күресудегі ең негізгі шаралары бұл – үш негізгі бағытта жүзеге асырылатын техникалық шаралар:

— шудың пайда болу себебін немесе оның көзінің шуын азайту шаралары;

— беру жолдарының шуын азайту;

— цехтағы жұмысшыларды қорғау.

Шуды азайтудың негізгі құралы бұл – шуды көп шығаратын технологиялық құбылыстарды аз шулы немесе мүлде шу шығармайтын құбылыстарға ауыстыру.
Шудың аккустикалық есебін жүргізу және шудың адам организіміне әсер етуінен қорғану шараларын жасау.

2.2 Тұрақты шудың әсерінен қысымның өзгеруі
Өз жұмысымның барысында мен біздің мектеп оқушыларынан сауалнама өткіздім. Сұрақ: Мектеп ішіндегі шу сізге қалай әсер етеді? Шамамен 60% - ы шу оларға жайсыздық сезімін, шаршау, тітіркенуі сезімдерін тудыратынын атап өтті.Сұрақ: сабақта қандай шу кедергі жасайды? 85% дәліздегі шу (біз тәжірибені өткізу барысында сыныбымыздағы 3 оқушыға 4 жол өлең жаттаттық), 5% терезе сыртындағы шу, (біздің мектеп жанында жол бөлігі орналасқан), қалған 10% - ы басқа да шу көздерін атады.
Келесі тәжірибемді өз сыныбымда оқитын оқушыларға жүргіздім:Дильназ,Арайлым,Алина атты сыныптастарыма әдебиет кітабынан Мұхтар Шахановтың «Махаббат монологы» атты өлеңін жаттауға берілді. Ал Ербосын және Арсен атты сыныптастарым шулы орта қалыптастырды
(1-сурет). Өлеңді жаттау үшін 2 минут уақыт берілді, шулы ортада 4 жол өлеңді жаттады. Нәтижесінде, Дильназ 4 жол жаттады,бірақ 1 сөзін ұмытып қалды,Арайлым 3 жол жаттады,бірақ 1 жолын ұмытып қалды,Алина 1 жол жаттады,бірақ 3 жолын ұмытып қалды (2-сурет). Енді,осы тәжірибені тыныштықта қайталадық (3-сурет). Нәтижесінде, Дильназ 4 жол жаттады ,Арайлым 4 жол жаттады,бірақ 1 сөзін ұмытып қалды,Алина 3 жол жаттады,бірақ 1 жолын ұмытып қалды. (1-кесте).

а) ә)

б) в)

1-сурет. А) Шулы орта қалыптастыру сәті. Ә) Дильназ.Б) Арайлым. В)Алина

Мұхтар Шахановтың «Махаббат монологы» атты өлеңін жаттауға берілді.
1-кесте
Оқушының аты шулы ортада өлең жаттау Тыныштықта өлең жаттау
Дильназ 4 жол жаттады,бірақ 1 сөзін ұмытып қалды Дильназ толық, 4 жол жаттады
Арайлым Арайлым 3 жол жаттады,бірақ 1 жолын ұмытып қалды Арайлым 4 жол жаттады,бірақ 1 сөзін ұмытып қалды
Алина Алина 1 жол жаттады,бірақ 3 жолын ұмытып қалды 3 жол жаттады,бірақ 1 жолын ұмытып қалды

a) ә)

б)

2-сурет. Өлеңді жатқа айту сәті. А) Дильназ . Ә) Арайлым.
Б) Алина

а) ә)

б)

3-сурет. Тәжірибені тыныштықта қайталау сәті. А) Дильназ . Ә) Арайлым.
Б) Алина

Тәжірибенің нәтижесі:



Келесі жұмысымдағы кезең 2 эксперимент шудың іс-қимылға ағзаға әсері. Қатысушылар ретінде өз сыныбымның оқушыларын алдым.Алдымен,мектебіміздің мейірбикесінің көмегімен,эксперименттік және бақылау топтарындағы оқушылардың - қысымдарын және пульстарын өлшедім. Бақылау тобының балалары құстардың дауысын, шу, теңіз, жаңбыр жазбаларын тыңдады. Эксперименттік топ оқушылары – 15 минут көлемінде қатты музыка жазбасын тыңдады. Содан кейін, барлық экспериментке қатысушылардың жаңадан қысым мен пульстерін өлшеді, орташа көрсеткішін анықтады. Нәтижелері болжамды болды. Бақылау тобының пульсінің төмендеуі және артериялық қысымдарының қалыпқа келуі байқалды, эксперименттік топтың – керісінше, тамыр соғуының жиілеуі және қан қысымының ұлғаюы, алдымен қозуға, кейінірек шаршанқы және ашулануына әкелді. (2-кесте).
2-кесте
Шудың шыққан ортасы Пульсі Қысымы Эмоционалық күйі



Шуға
дейін
(орташа)
Шудан кейін
(орташа)
Шуға
дейін
(орташа)
Шудан кейін
(орташа)
Шуға
дейін
Шудан кейін
Табиғаттың дауысы 70 67 115/75 120/80 Қалыпты,
шаршаңқы Қалыпты,
шаршаңқы
Рок – музыка 70 73 115/75 125/85 Қалыпты,
шаршаңқы сергектік, кейіннен шаршау мен көңіл күйі құлазуға ауысты

Шудың қатысушылардың жадына әсерін анықтау үшін эксперимент топтарға 5 минутта 2 - 3 тақпақ, бақылау тобында тыныштық, эксперименттік топқа қатты музыканымен жатқа жаттау тапсырмасы берілді. Нәтижесінде келесі мәліметтер алынды: бақылау тобының барлық оқушылары 5 минутта еш қиындықсыз 2 тақпақтан жаттаған, ал 2 қатысушы тіпті 3. Эксперименттік топтың қатысушылары - жартысын ғана. (3-кесте).
3-кесте
Топ 2 шумақ өлең 3 шумақ өлең
Тәжірибе алды 4 қатысушы 2 қатысушы
Тәжірибелік 2 қатысушы 0 қатысушы
Шуға деген оқушыларын көзқарасымен танысу үшін, өз сыныбымның оқушыларынан анкета алдым. Сыныбымда 23 оқушы 13 ұл,10 қыз. Алынған анкета нәтижесінде, шуға қарсымын деушілер 75%,ал әсер етпейді деушілер 25% құрады. (4-кесте).
4-кесте
Сіздің шуға деген көзқарасыңыз қандай? %
Шуға қарсымын 75 %
Шу әсер етпейді 25 %



Шуға деген оқушыларын көзқарасымен танысу үшін, өз сыныбымның оқушыларынан келесі анкетаны алдым.Бұл тәжірибе,арнайы үзіліс уақытында алынды. Сыныбымда, бұл жолы 22 оқушы қатысты 12 ұл,10 қыз. Алынған анкета нәтижесінде, ойыңды жинақтауға қандай шу әсер етеді деген сұраққа дәліздегі шу 75%, терезе сыртындағы шу 5%,басқа қайнар көздер деушілер 20% құрады. (5-кесте).

5-кесте
Ойыңды жинақтауға қандай шу әсер етеді %
Дәліздегі шу 75%
Терезе сыртындағы шу 5%
Басқа қайнар көздер 20%


Санитарлық нормаларға кәсіпорындардың өндірістік үй-жайларда орнатуға рұқсат етілген діріл мәндері
Адам ағзасына шудың әсері
Тербеліс амплитудасы,мм
Діріл жиілігі,Гц

Әсердің нәтижесінде

0,015 дейін Әр түрлі Ағзаға әсері жоқ
0,016-0,050 40-50 Депрессия мен жүйкенің қозуы

0,051-0,100 40-50 Орталық жүйке жүйесіндегі,жүректегі,есту органдарындағы өзгерістер
0,101-0,300 50-150 Аурулар туындау мүмкіндігі
0,101-0,300 150-250 Виброаурулар туындайды

Қорытынды
Менің зерттеу нәтижелерім көрсеткендей, шу шын мәнінде адам денсаулығына жағымсыз әсер етеді, оның жадын нашарлатады және соның салдары ретінде үлгерімін төмендетеді. Сондықтан шумен күресу керек. Шуды маңызды шешу үшін көгалдандыру орын алады. Шуға өсімдіктер өз үлестерін қоса алады, үй ішінде акустикалық комфорт жасайды. Бірақ біз өзіміз мектептегі қалған оқушыларға кедергі келтірмес үшін ,тыныштықты сақтауға тиіспіз. Осы зерттеу жұмысымда «Адам ағзасына шудың әсері» туралы сауалнама жүргіздім. Бұл сауалнамада мынандай сұрақтар қамтылды:
-Сіздің шуға деген көзқарасыңыз қандай?
-Ойыңды жинақтауға қандай шу әсер етеді?
Дыбыстың зиянды жақтары да бар. Қатты дыбыстар жұмыс жасауға, ойлауға, демалуға кеселін тигізеді. Бұрын дыбысқа (шуға) көп көңіл бөлмей оның мәдениет пен техниканың айырылмас жол серігі, онан құтылудың жолы жоқ деп есептелетін. Қазір болса, машиналар мен жабдықтардың саны өсіп, мөлшері үлкеюіне байланысты қоршаған ортада дыбыс көп тарап және жағымсыз факторлардың біріне айналды. Қалалар мен өндіріс орталықтарында шу жылдан-жылға көбейіп, елдің мазасын ала бастады. 1948 жылы қала тұрғындарының 23 %-і дыбыстың өсуіне наразылық білдірсе, 1961 жылы олардың саны 50 %-ке жетті. Соңғы 20 жылда үлкен қаладағы дыбыс қуаты 10-15 есе көбейді
Есту мүшесіне адамға күнделікті әсер ететін қатты шу зор зиян келтіреді. Соның салдарынан адамның құлағы нашар естіп, мазасызданып ұйқысыздыққа ұшырауы мүмкін. Бұл түрлі ауруларға себеп болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

Арустамова .Э.А. БЕЗОПАСНОСТЬ ЖИЗНЕДЕЯТЕЛЬНОСТИ .Учебник Под редакцией МОСКВА, 2002 -54 бет
Гончарова О.В., Гончарова Л.А. Влияние вибрации и шума на организм человека: Конкурс научно-технических проектов «Звездная эстафета» – Вологда, 2012. – 12 бет
Носова Л.В.Шу және адам денсаулығы/ журнал «Мектептегі биология» №2, 1999.-11 бет
Ковригин К.Н., Михеев А.П. Влияние уровня шума на -33 бет
производительность труда.- М.: Гигиена и санитария, 2001. - 125 бет
Кузнецов В.Н. Экология пәніне арналған қосымша және анықтамалық материалдар.М: Дрофа, 2002-24 бет Тәрбие.орг сайтынан «Адам ағзасына шудың әсері» Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Исина Арайлым Сиязбековна

ШҚО, Семей қаласы«Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ биология пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar