Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Адам ағзасындағы химиялық элементтер
  • 16.03.2016
  • 668 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18010

Сабақтың тақырыбы Адам ағзасындағы химиялық элементтер.
Мақсаты Әрбір химиялық элементтердің адам ағзасындағы атқаратын рөліне, маңызына және қажетті тоқталу. Макро-, және микроэлементтердің түрлері жайлы оқушылардың білім деңгейлерін толықтыру;
Күтілетін нәтижелер

1. Адам ағзасындағы химиялық элементтерді біледі.
2. Оқушылар күнделікті дұрыс тамақтана білуді үйренеді.
3. Адам ағзасындағы химиялық элементтердің атқаратын
рөлін білетін болады.
Керекті жабдықтар
Электрондық оқулық, интернет желісі, слайдтар, дидактикалық тапсырма, периодтық кесте.
Қолданылатын әдіс- тәсілдер «Бәйге» әдісі, «Сыйлық үлестіру», «Адам қаңқасын құрастыру» әдісі
Оқушылармен қарым-қатынас №1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
№2. Оқушылардың сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Топтарға бөлу: Оқушыларды жемістер арқылы 4 топқа бөлеміз.
І топ: Лимон.
ІІ топ: Жүзім.
ІІІ топ: Өрік.
IV топ: Алма.
3. Үй тапсырмасын
Интерактивті тақтамен жұмыс. 1.Сабаққа әзірлеу
2. Жеміс түрлері арқылы топқа бөлініп отырады.

Топпен бірлесе отырып топ ережесін құрады.

3. Сұрақ –жауап арқылы оқушылардың білімі
Білу Ой сергіту « Бәйге»
Жалпылама тапсырма беріледі:
Сұрақтар беру арқылы білімдерін тексеру.
1. Жасушаның құрылысын және химиялық құрамын ата. Биология ғылымының қандай саласы зерттейді ?
2. Ішетін су мен тағамда йод жетіспесе,адам қандай ауруға шалдығады?
3. Қанның құрамында қандай химиялық элемент болады?
4. Тірі организмнің тыныс алуын қамтамасыз ететін химиялық элемент?
5. Судың құрамындағы химиялық элементтерді ата.
6. Адам ағзасында кездесетін химиялық элементтерді біз қайдан, қалай ағзаға сіңіреміз?
7. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет.
8. 12 нейтроны бар,тісте, бұлшық еттерде кездесетін, екі валентті s-элемент.
9.Ұйқы безінің қызметін бірқалыпты деңгейде ұстайды, d-элемент,
реттік нөмірі 27 ?
10.Емшілер қорықтық құюға қолданады? Тексеріледі
Жауап берген оқушылар дөңгелек,төртбұрыш және ұшбұрыш пішінді үлестірмемен бағаланады.
1.Цитология
2. Іспебұғақ
3.Темір
4.Оттек
5.Оттек пен сутек
6. Ішіп- жейтін тағам арқылы аламыз және тыныс алу арқылы сіңіреміз.
7.Кальций
8.Магний
9.Кобальт
10.Қорғасын

Осылайша сабақтың тақырыбын ашамыз.

Түсіну Мәтінмен жұмыс
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Слайд көрсету.
Оқушылар үлестіріліп берілген мәтінмен жұмыс жасайды.

Қорытынды «Сыйлық үлестіру» әдісімен әр топқа тапсырмалар үлестіріліп беріледі:
Әрбір топ сөмкеден бір тапсырма жапсырылған сыйлық алады.Оқушылар берілген тапсырманы орындайды және ДЖИКСО әдісі арқылы басқа топтағы оқушыларға түсіндіреді.Барған топтарынан өз жұмыстарына табылып жатса толықтырулар енгізеді.
Содан кейін оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді. Оқушылар бағаланады.
Топқа орындаған жұмыстары үшін стикер арқылы 2 жұлдыз 1 ұсыныстарын береді.
Жинақтау Оқушыларға үлестірме арқылы сұрақтар қойылады, дұрыс жауап беру арқылы тақтада адам қаңқасы құрастырылады.

Топ басшысы үстелден сұрақ алады және оны топ арқылы ақылдасып жауабын тақтаға жапсырады.Нәтижесінде тақтада адам қаңқасы құрастырылады.
Қорыту Кері рефлексия парағын толтыру.
Мысалы: білемін, білдім, білгім келеді.

Үйге тапсырма Адам ағзасындағы химиялық элементтердің маңызы. Үй тапсырмасын жазып алады.
Рефлексия Тәрбие.орг сайтынан Адам ағзасындағы химиялық элементтер Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Джолдасбаева Маряш Сарсеновна

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебі Химия пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Оқушымен жұмыс | Логин: djoldasbaevak
Көрсетілім: 668 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar