«Алтын жүректі ана»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 683
  • Оқушымен жұмыс
  • 05/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18453


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Майдакөл ауылы,№98 орта мектеп
тәлімгері Қалымбетов Шынболат Төлепбергенұлы

«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты
Онкүндік аясында өткізілген кеш

Тақырыбы:
«Алтын жүректі ана»

«Жас Ұлан» ұйымы.
Күні: 10 ақпан, 2015 жыл.
Тақырыбы: «Алтын жүректі ана»
Мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы, « Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс - шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып, "Өзін - өзі тану" әлемінің басты мақсаты – ұл - қыздарымызды жеке өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу.
1-жүргізуші:
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ!
2-жүргізуші:
Пейілі кең, сезімі терең көлден,
Ананы кем көрмеймін кемеңгерден.
Жақсылықты анадан бастаудың да,
Тәжірибесі қазақта дәлелденген.
1-жүргізуші:
О, анашым, Таянышым, тірегім,
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Мен жақсы болса екен деп қашан да,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

2-жүргізуші:
Туған жердің, Жайнап тұрған даламның,
Өзіңе деп гүлін үзіп алармын.
Жүрек сырын өзіңе арнап жинадым,
Міне, гүлім! Мен де гүлдей балаңмын.

1-жүргізуші:
Құрметті оқушылар, қонақтар! осымен бүгінгі «Алтын жүректі ана» атты кешімізге қош келдіңіздер! Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі - қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы үшін жан - жақты дамыған жеке тұлғаны калыптастыру.

2-жүргізуші:
Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек»қорының президенті Сара Алпысқызы «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім жобасы республикамыздың білім беру мекемелерінде, балабақшаларында эксперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.
Баланы мәдениеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу - ата - ананың да, қоғамның да, мектептің де ең басты міндеті.
Адам бойына кішіпейілділік, сыпайылық, мейірімділік, рақымшылдық, жанашырлық, тілектестік, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білуге, тыңдай білуге, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуға үйрету де «Өзін - өзі тану» пәнінің үлесіне тимек.

«Өмір – өзен» Бекзат Әбдіхан
1-жүргізуші:
Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды обылысы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым құрылыс жұмысшысы болып бастаған. Жоғары білімді экономист. Сара Алпысқызының елбасымыз Н. Ә. Назарбаевпен отасқанына
50 жылдан астам жыл болды. 3 - қызы бар, немере, шөбере сүйген ардақты, бақытты ана.

2-жүргізуші:
1992 жылдан бастап Сара Алпысқызы балаларға рухани - адамгершілік білім беру және тәрбиелеуге байланысты мәселелерді шешуге нақты көмек көрсететін «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президент.
1994 жылдан бастап «SOS - Қазақстан балалар аурулары» қорының президенті.
1999 жылғы наурыз айынан «Демография қайырымдылық қоры» кеңесінің төрайымы.
Сара Алпысқызы - қоғамның, адамның рухани адамгершілік дамуы бойынша бірнеше кітаптардың авторы, бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама құрды.

Келесі тамашалайтындарыңыз Арапа Есеннің орындауында «Ана» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:
Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, тәрбиелеуге мән береді. Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде Республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып «Үміт» жас өскіндер үйлері ашылуда.
«Балам дейтін ана болмаса, Анам дейтін бала қайдан табылар» бар баланың анасы болып, әр баланың болашағына ізгі жол сала білген, әлемнің анасы атанған өз анамыз Сара Алпысқызының өмірі мен еңбегінен үлгі ала отырып, болашақта еңбек сүйгіш, мейірімді, адал, Отанымыздың туын биік ұстар, ұлт болашағын көркейтер еліміздің патриот азаматтары болуларыңызға тілекшіміз.

2-жүргізуші:
«Бала жанын ғажайып пен жақсылыққа толтырсаңыз болады, оның өзі - ақ тәрбиелі болып шығады»- деп ұлыларымыз айтқандай бала тәрбиесінде нәтижелі іске қол жеткізудің жолын тапқан «Бөбек» Республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті С.А.Назарбаеваның бала бойындағы мейірімділік пен қайырымдылық, ізгілік пен рухани құндылықтарды арттыру және адамға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін білім берудегі жаңа «Өзін - өзі тану» пәні әр баланың жүрегінің төрінен орын алғаны сөзсіз. Әр баланың жүрегіне жол таба білген мейірімді жан.

Әбдіхан Бекзаттың орындауында «Аналарға ақ тілек» әнін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:
Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
– Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса сол адамға не істейсіңдер? – деп сұрақ қойғанда балалары былай жауап қатқан екен.
Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім,- депті.
Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атып тастар едім, – дейді.
Ал үшінші баласы: Оның кеңсірігін бұзар едім.
Ал кенже баласы: былай депті:
• Жоқ, ана мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі, ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім, – депті.
• Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқымнан шыққаннан кейін таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз, – депті.

2-жүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтін,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысын, ардақтысын, данасың!
Қарайтыным қас - қабағын бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым!
Төлепбергенова Нағиманың орындауында М.Мақатаевтың
«Шеше! Сен бақыттысың!!!» поэзиялық тартуын қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.

2-жүргізуші: Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!

Бектұрған Жансеріктің орындауында «Қазақтай ел қайда» әнін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші: Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Өмірде анаға деген сағыныш, оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас сірә.
2-жүргізуші: Күннің шуақты сәулесіндей, ыстық ана жүрегі, одан туынайтын ананың махаббаты әр перзент үшін қымбат. Сондықтан, баршамыз ана атына кір келтірмей, оларды әр уақытта ардақ тұтып, құрметтеуіміз қажет.

Арапа Есеннің орындауында « » әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:
Анаға арналған әндер, жырлар, ізгі тілектер, жылы лебіздер қаншама! Халық арасында "Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деген қанатты сөз бар. Ендеше Анаға арналған жырымыз, әніміз, тілегіміз ешқашан таусылмауға тиісті, таусылмайды да.
Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Аналар! Сіздерге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіздер!
2-жүргізуші:
Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Өмірде анаға деген сағыныш, оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас. Күннің шуақты сәулесіндей ыстық ана жүрегі, одан туындайтын ананың махаббаты әр перзент үшін. Сондықтан баршамыз ана атына кір келтірмей, оларды ардақ тұтып құрметтеуіміз қажет.
Әркімнің ақ жаулықты анасы бар,
Бәрің де ана алдында баласыңдар.
Анасы ақ жаулықты төрде отырса,
Ұяда береке бер, жарасым бар.
Құрметті оқушылар, қонақтар! осымен бүгінгі «Алтын жүректі ана» атты кешімізді Сара Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ізгі тілегімен қорытындылаймын.
«Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата- анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата-анаңа, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».-дегендей көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан «Алтын жүректі ана» Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қалымбетов Шынболат

Пікірлер: 0

avatar