Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қауіпсіз интернет
  • 26.04.2016
  • 1279 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18833

Қауіпсіз интернеттің қазіргі таңдағы орны Сәуір айының 18 күні «Қауіпсіз интернет» тақырыбы аясында 6 - сынып жетекшісі З.Когалбаева ашық тәрбие сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты оқушыларды интернет желісіндегі қауіптермен таныстыру және ол қауіптерден қалай сақтану керектігі жөнінде көмек көрсету және оқушыларды интернет желісінде дұрыс, оң ақпаратты таңдауды үйрету, бейтаныс адамдармен хат алмасу кезінде қауіпті тани білу, сонымен қатар әлеуметтік желіде өзі туралы қандай ақпаратты енгізуге болатындығы жайлы мақсатта ұйымдастырылды. Сонымен қатар сыныптың белсенді оқушылары интернеттің адам өміріне қажеттілігі пайдасының зор екендігі жайлы өздері дайындаған жұмыстарын слайд түрінде жеткізді. Сынып оқушылары екі топқа бөлініп, интернеттің тиімді және тиімсіз тұстары жайлы өз ойларын постермен дәлелдеп шықты. Атап айтсақ, интернет–тиімді байланыс құралы болғандықтан, көптеген мәліметтер мен деректерді мезетінде ала алатыны,электоронды поштаның қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік беретіні және болып жатқан жаңалықтардың жан-жаққа лезде тарата алуы, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсетудің зор жетістік екені талқыға салды. Ал тиімсіз жағы «Алты қағида» ережесін басшылыққа алып, ғаламторға тәуелді болмау, көзбен компьютердің арасының 60-70 см болуы, кактус гүлінің болуы, ғаламторға тәуелді болмау, жат киноларға көңіл бөлмеу туралы ойларымен бөлісті. Ал сынып жетекшісі З.Когалбаева суицидке байланысты сайттардың тиімсіз жақтары жайлы өзінің дайындап келген жұмыстарымен оқушыларды таныстырып өтті. Сонымен қатар сайттарға кірмеу керектігі жайлы ескерту айтып өтті. Жалпы сынып сағатта қауіпсіз интернеттің маңыздылығы мен қазіргі таңдағы алар орны жайында және ата-аналар бақылауының күшейтілуі жайында ой қозғап, оқушылардың таным-түсініктерін молайту арқылы тәуелсіз еліміздің жаңа форматпен алға қадам басып, интернеттегі қауіпті ақпараттардан аулақ болу керек деген ұстаныммен сынып сағаты аяқталды. Тәрбие.орг сайтынан Қауіпсіз интернет Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Когалбаева Зинур Куаткызы

Капшағай қаласы "№3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"МКМ информатика пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Оқушымен жұмыс
Көрсетілім: 1279 | Жүктеулер: 18
Барлық пікірлер: 0
avatar