Автомобиль кранын басқарудың әдістері

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 713
  • Оқушымен жұмыс
  • 14/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18634


Автомобиль кранын басқарудың әдістері


Сабақ тақырыбы: Автомобиль кранын басқарудың әдістері
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Білім-білік дағдыларын қалыптастыру арқылы оқушыларды автокөліктің басқару органдарымен таныстыра отырып жүргізу әдістерін үйрету жұмыстары.
Дамытушылық: Теориялық білімдерін нығайта отырып,автокөлікке техникалық күтім жасауға және техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.
Тәрбиелілік: Еңбекке баулу, техника тілін білуге және кәсіби мамандыққа бағдарлау қызығушылығын мен сүйіспеншілігін,жұмысқа деген ынтасын,жауапкершілігін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту, өндірістік сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, оқушылардың өз бетінше тәжірибелік жаттығу жұмыстары.
Көрнекілігі: Оқу шеберханасы, автотренажер, технологиялық нұсқау картасы, техника қауіпсіздігі ережесі нұсқаулығының бағдарламасы, қосымша материалдар
Пән аралық байланыс: Физика, химия, жолда жүру ережелері, металдар технологиясы
Сабақ барысының мазмұны
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың сабаққа қатынасын,киім үлгісін қадағалап,сабаққа әзірлігін тексеру.
ІІ.Кіріспе нұсқау
1.Теориялық тексеру сұрақтары
Автомобиль кранының түрлеріне сипаттама беру.
– Жеңіл автокөлік, адам тасымалдайтын автокөлік,жүк тасымалдайтын автокөлік түрлері;
– Автомобиль кранымен жұмыс жасаған кездегі техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;
– Автомобиль краны кабинасындағы бақылап-өлшеу приборларының қызметтерін түсіндіру;
2.Жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстырып, түсіндіру жұмыстары
-Басқару жүйесі тетіктерін пайдалану тәртібін түсіндіру.
-Басқару жүйесі тетіктерінің жұмыс жасау жолдарын түсіндіру
-Техниканы басқару кезеңінде кездесетін кедергілер

ІІІ. Ағымдағы нұсқау
-Өз бетінше жаттығу жұмыстары
–Басқару тетіктері: Жеңіл автокөліктің,жүк тасымалдайтын автокөліктің
-Беріліс қорабының, берілісті ауыстыру сызбасымен жұмыс жасап үйрену
Қосымша тапсырмалармен жұмыс
-Автомобиль кранының шығу тарихы туралы деректер…
Көтергіш кран (нем. kran) — жүкті көтеру және жылжыту (тасымалдау) процесін циклмен атқаратын жүк көтергіш машина.
Көтергіш кран көпір, ферма, мұнара, платформа, діңгек, жебе не таған тәрізді металл құрылымдардан; шығыр, тельфер, шток, рычаг сияқты көтергіш механизмнен; ілгек, траверса (көлденең тірек), қысқыш не шөміш секілді жүк қармағыш жабдықтардан тұрады. Құралымдық ерекшеліктеріне сай көтергіш кран бұлардан басқа қосымша қондырғылармен және механизмдермен жабдықталады.
Бумен жұмыс істейтін алғашқы жүк көтергіш кран Ұлыбританияда 1830 ж., гидравликалық жүк көтергіш кран да осы елде 1847 ж. жасалды. Құрылымы мен іс-қимылына қарай бұрылмалы және бұрылмайтын болып ажыратылады.
• Бұрылмалы көтергіш кранға жүріс аппараты дөңгелекті немесе шынжыртабанды болып келетін пневматикалық-дөңгелекті кран мен шынжыртабанды кран, автомобиль шассиіне орнатылған автокран, рельспен жүретін темір жол краны, құрылыста қолданылатын мұнаралы кран, сондай-ақ үйдің қабырғасына бекітіп қоятын қабырғалық-консольдік кран, үйдің төбесінде тұратын шатыр краны, өзен-теңіз портының порталды краны, понтон мен кемеге орнатылған жүзбе кран мен кеме краны жатады.
ІV.Сабақты қортындылау.
Білім беру мен кәсіптік-техникалық маман даярлау мәселесіне көңіл бөлу , мамандық таңдауда жоғарғы міндеттер қойып отыр. Бір ғана мамандықпен шектелу, адам қабілетінің мүмкіндігін шектейді. Қабілет адамның жеке басына тән құбылыс.
Келешек жоспарымыз тұғырлы экономикадан, бизнестен, компьютер тілін білетін, көлік құралдарын еркін жүргізе алатын, өз Отанын шынайы сүйетін қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ болуы керек.
Бұл – қазіргі заман талабы, өмір талабы, нарық сұранысы.
Ал осындай талаптарды, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіре отырып,білімге, белгілі бір кәсіп түріне үйрету – өмір сұранысына икемдеу ұстаздың басты мақсаттарының бірі.
Еліміздің келешек стратегиясының бірі –көлік саласын дамыту. Ол үшін озық нанотехнологиялар мен инновациялы, ғылыми жетістіктерді барынша кеңінен пайдаланып, барлық салаға енгізу, экономиканың тиімділігін мейілінше арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі керек.
Бұл жағдайда жастарымыздың техникаға қызығушылығын, сүйіспеншілігін өзім жасап үйренем, білем деген ниеттерін дұрыс деп бағалап отырмыз. Тәрбие.орг сайтынан Автомобиль кранын басқарудың әдістері Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шамшенова Гулумай Абесовна

Орал қаласы, А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі Өндірістік оқыту шебері

Пікірлер: 0

avatar