Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қазақстан деп соғады жүрегім!
  • 29.06.2016
  • 349 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19264

ОҚО, Мақтарал ауданы, Өргебас ауылы
Қ. Аманжолов атындағы ж.о.м.
Қонысбек Меруерт Нұртазақызы
11 -сынып
Туған жер
Туған жер топырағыңнан айналайын.
Мен өзіңнен баяғыдан нәр алғанмын.
Мен – дағы сен арқылы көріп білдім
Бар әлем бір өзіңе бағынғанын.
Туған жер , О туған жер асыл елім. Мен өзіңе бала күннен ғашық едім.
Сен де өткен менің әр қуанышым
Ата – бабам қалдырған мұра едің.
Сенің әрбір гүліңнен бір иіскедім. Бала күннен сен маған тыныс бердің. Өзіңде өткен әр күнім қымбат маған Есімде қиындығымды бөліскенің.

Қазақстан
Қазақстан халқыменен мақтанамын , Қазақстанда туып өскеніме шаттанамын.
Ұлан – асыр күнде той болып жатыр
Тәуелсіздік тұғырымыз бақ болатын.
Қазақстан халқың көп қой ақ көңілді, Елінен жан аямайтын пәк көңілді,
Басқарып ақ жүректі президентіміз
Басқарып ұлан- байтақ жерімізді.
Қазақстан дегенде жүрек алып ұшқан. Заңғар таулар, зайсан көлдер құрақ ұшқан. Биік шың, аласа бел жатыр әне Қазақстан жерім деп мақтаныштан.
Қазақстан, Қазақстан, Қазақстан
Жазсам саған аз болар мәңгі дастан.
Шын жүректен шығатын өлең – жырлар
Арналсын бір өзіңе Қазақстан!..

Қ.Аманжолов атындағы ж.о.м.
Сапарова Диана Қайратқызы
11 - сынып

Тәуелсіз елім
Тәуелсіздік, таңы атты қазағым Алға қарай батыл қадам жасадың
Тәуелсіздік келді батыр ағалар мен Ағаларға журектерді арнадың
Президент Әбішұлы Назарбай Оны көрсе кім қалады қуанбай
Ел – жұртыңа тек жақсылық жасадың Іннен шыққан уы жоқ бір жыландай
Өмір бойы аңсадық біз осы күнді Өткіздік қорқынышпен қанша түнді
Осы күнде жүрер ме едік құл болып Шүкіршілік жеттік аңсап осы күнде.
Батырларға айтамыз мың бір алғыс Жауынада тілемеді олар қарғыс
Амалсыздан қанша батыр қаза болды
Қалды бізде санаулы, батыр жалғыз.
Оян енді аш көзіңді қазағым Артта қалды қиындық пен азабың Шүкір дейміз тәуелсіздік атқанға
Жасай бер жаса, тәуелсіз елім қазағым.

Жеңістің балалары

Жеңіске жеткеніміз айдан анық,
Тоқтадық қай маңайға,қайда барып?
Әкемнің жанын берген шын жеңісін
Біреулер кеткендей-ау пайдаланып.

Жеңбей де,қатарымнан жеңілмей де
Түсінбей жүретінім менің кейде.
Ерлікпен қаза тапқан кісілерге
Ерліктің жұлдыздары берілмей ме?

Арман не ағаларды жырлап өлсек,
Оларады көгімізден жылда көрсек.
Жеңістің шын иесі жеңіс үшін,
Жан берген солдаттар ғой шынға келсек.

Өз жауын өлімммен де жеңеді адам,
Көз жұмып бара жатып сенеді оған.
Көзіңнің қырын салғын,маршал жолдас,
Аңыраған жан анама және маған.

Ерлікке тең келмейді ерен жұмыс,
Оқ өтер,болғанымен денең құрыш.
Мерт болған солдаттардың балаларын
Батырдың балалары деген дұрыс.

Жетімнен жер бетінде барма жуас
Алғаны аз, байғұстардың арманы пәс.
Олар да әкелерін ойлай – ойлай
Бір түрлі мүгедек боп қалғаны рас.

Өмір ғой ештеңесін көпсінбеген,
Өтті ғой балалық шақ өксуменен.
Қара нан азық болды көк суменен,
Кезексіз кассалардан билет алып,
Кезексіз бақытқа да жетсін демен.

Бірақ та бір мейірім керек бізге,
Өткелден өте алмасам бері өткізбе,
Өзіме тиістімді өзіме бер,
Құдайым,болмайтыннан дәметкізбе.

Өзіме-өзім кейде тойып кетем,
Көз жұмып бір теңізге қойып кетем.
Әкеміз жете алмаған бір арманға
Жетсем деп жанталассақ айып па екен?

Кемел ой бар ма менің келбетімде,
Жырымда – маржаным да,меруертім де,
Соғыста жеңгендердің балалары,
Жарқылдап жүрейікші жер бетінде.

Жеңіс күні

Келді ғой аңсаған бұл жеңіс күні,
Қазақтың жеңдік деген отты үні.
Елі үшін жанын берген бабаларым
Орындалды аңсаған үміттері.

Бұл жолда талай адам қаза тапты
Тағдырдың сынағының дәмін татты,
Шүкір дейміз аңсаған осы күнге
Қазағым армандаған таңың атты.

Бауыржан,Әлия мен Мәншүктердей
Шықты ғой талай қазақ көкке өрлей,
Болашақ ұрпақтардың қамын ойлап
Өтті ғой тәуелсіздік таңын көрмей.

Жеңістің 71 жылдық мерей тойы
Елімнің әрқашанда асқақ ойы
Болашақты жоспарлап ел жолында
Тәуелсіз боп өтерміз өмір бойы. Тәрбие.орг сайтынан Қазақстан деп соғады жүрегім! Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Оқушымен жұмыс | Логин: matematik87
Көрсетілім: 349 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar