Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қазақстанда жасалған өнімдердің біз үшін құндылығы.
  • 01.12.2016
  • 147 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20302

Ақтөбе қалалық білім бөлімі

Елек орта мектебі

Тақырыбы: Қазақстанда жасалған өнімдердің біз үшін құндылығы.
«Алтын Адам» брэндінің беделі

Зерттеу жұмысының бағыты: тарих, өлкетану, этномәдениеттану

Жобаны дайындаған: Жебегенов Дәулет Мирасұлы
Елек орта мектебі, 2 «Ә» класс

Жетекшісі: Лаукенова Лаура Жумагалиевна
Елек орта мектебі, бастауыш класс мұғалімі

Ақтөбе қаласы
2016 жыл

Мақсаты: Қазақстанда жасалған өнімдердің біз үшін құндылығы туралы мағлұмат беру.

Міндеттері:
1. Қазақстанда жасалған өнімдер туралы мағлұмат беру
2. «Алтын Адам» брэндінің беделі туралы,
3. «Қазақстан жасалған»өнімдердің саны мен сапасын жақсарту туралы .

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................3
1-тарау «Отандық өнімдерді қолдау-басты мақсатымыз»..........................4-6

1.2. «Алтын Адам» отандық, сапалы брэнд............7

2-тарау «Қазақстанда жасалған» ....................8

Қортынды...............................................................................................................9

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................10

Кіріспе
«Қазақстанда жасалған!»
«Сделано в Казахстане!»
«Made in Kazakhstan!»
Міне, бұл сөздер мен үшін және бәріміз үшін де ең маңызды тақырып болуы тиіс деп ойлаймын. Отандық өнімді қолдау – біздің басты мақсаттарымыздың бірі екені сөзсіз.
«Қазақстанда жасалған» деген арнайы белгіні қою арқылы миллиондаған тұтынушылар өзіміздің өнімдерді таныды. Бұған дейін күнделікті қолданып жүрген май – сүттің ресейлік немесе белорустық емес, өзіміздің отандық қазақстандық екенін білдік.
Біз де отбасымызбен әрдайым отандық тағамдарды тұтынамыз. Сауда дүкендеріне барғанда «Қазақстанда жасалған» деген атауды іздеп тұрамыз.
Арнайы тақтайшалар мен белгілер қойылған сәттен бастап мыңдаған адам акцияны қолдап, отандық өнімдерді сатып алып жатты. Ақпарттық қолдаудың арқасында, қазақстандық заттарға деген сұраныс ондаған есеге көбейіп, танымалдылығы мен тартымдылығы артты.

1. Отандық өнімдерді қолдау-басты мақсатымыз

Қазақстандық өнімді сатып алу арқылы біз тек ел экономикасына ғана көмектесіп қана қоймаймыз, сондай –ақ отандық кәсіпорында еңбек етіп жүрген мыңдаған адамдарға қолдау көрсетеміз. Олар біздің арқамызда жұмысын жалғастырады, отбасын асырап, ұрпақ өрбітеді. Дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысы үшін салық төлейді. Біз қазақстандық өнімді қажет болғандықтан емес, солай дұрыс болғандықтан сатып алумыз керек деп ойлаймын. Өнім өзіміздің елден шығарылса, демек экологиялық жағынан таза, сапалы деген сөз.

1.2. «Алтын Адам» отандық, сапалы брэнд

Енді, мен сіздерге отандық тағамдармен қатар өзімізде шығарылатын киімдерге келсек, онды «Алтын Адам» брэндінің беделі туралы айтқым келеді.
Жақында туысқан апамның туған күнінде болдық. Сыйлыққа құрбысы күрте сыйлады және оның «таза турецский» және өте сапалы» екенін атап кетті. Апамыз өте куанып, маз болып жатыр. Мен де ішімнен «турецский екен» деп коямын түсінбесем де. Сөйтсем, ол Түркия елінен біздің елімізге әкелінген тауар екен. Үйге келіп картадан Түркия елін қарадым. Біздің елден өте қашық орналасқан екен. Неге, біз, осынша қашық елден әкелінген заттары сатып алып, мақтануымыз керек деп ойладым.
Өз елімізде де киім шығаратын фабрикалар бар емес пе? Теледидардан елбасымыздың отандық костюмдер туралы айтып жатқанын естіп, мен де ата-анамнан өз елімізде өндірілетін отандық киімді алып берулерін сұрадым.
Сапасы өте жоғары екенін айтуда және үстіңе кигенде де өте қонымды. Ол «Алтын Адам» тігін фабрикасында шығарылады екен.
Елімізде «Алтын Адам» фабрикасы 2013 жылдан бері жұмыс жасайды. Фабрика Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Бүгінде тігін фабрикасында 400-ден астам адам еңбек етеді. Кәчіпорында орта есеппен 1 минутта 1 костюм тігіледі. Онда қыз-келіншектерге арналған классикалық үлгіде костюдер мен көйлектер, ер азамматтар үшін жиде тігіледі. Бүгінде бұл фарикада отандық киімдермен бірге киімілгіштер жасалуды. Жоба «Бинестің жол картасы» бағдарламасы аяснда қаржыландырылған. Тауар өндірушілер Жапония т.б. шетелдерден заманауи құрал-жабдықтар сатып әкелген.
Қазірде бұл сауда өнімдеріне сұраныс күнен күнге артып келеді. Оны мына көрсекіштерден көруге болады.

200 280 350 450

2013ж. 2014ж. 2015ж. 2016ж.

2013 жылы күніне 200 костюм шығарылса, 2014 жылы 80 костюмге артқан. Ал. 2015 жылы 350 костюм, ал 2016 жылдан бері күніне 450-500 костюм шығарылады екен. Жалпы, «Алтын Адам» бренді: өте сапалы, экологиялық таза, отандық өнім, онда 400 ден аса адам еңбек етеді, түрлі киім үлгілері бар және өнім саны өсуде.
Біздің өнім сапасы басқа да танымал сауда брэнтерінен кем түспейтіні сөзсіз.

экологиялық таза

өте сапалы 400-аса адам еңбек етеді

«Алтын Адам» бренді

өнім саны артып келеді түрлі киім үлгілері бар
отандық брэнд

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Барлық қазақстандықтарды, бүгінгідей қиын жағдайда біздің, қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырамын. Бұл Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз болсын» деген болатын ел Президенті.
Отандық өнімді қолдау – қоғамның бірлігін нығайтып, отаншылдық сезімді оятады. Мен осы жасымда «Қазақстанда жасалған» өнімдерді қолдасам, 15 жылдан кейін отандық, сапасы өте жоғары өнім санын көбейтетін, ел экономикасына үлесімді қосатын жақсы бизнесмен болатын шығармын деп ойлап қоямын.
«Қазақстанда жасалған» өнімдерді тұтынайық!
Назарларыңызға рахмет! Тәрбие.орг сайтынан Қазақстанда жасалған өнімдердің біз үшін құндылығы. Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Лаукенова Лаура

Елек орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Оқушымен жұмыс | Логин: laukenova82
Көрсетілім: 147 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar