БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 995
  • Оқушымен жұмыс
  • 17/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18014


Енсегенова Света Саясатқызы
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Күйкен орта мектебі
І-санатты бастауыш сынып мұғалімі

Бұлақ көрсең, көзін аш

Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»

Қоғам алдындағы тұрған негізгі мақсаттардың бірі - білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту және білім берудің жаңа үлгісін таңдау. Қазіргі кезеңдегі мектеп әрбір балаға және адам ретінде қарап, өзіне тән ой өрісі, еркі, әрекет жасайтын қабілеті бар, батыл пікір айта алатын тұлға екенін ескере отырып тәрбиелеуге бет бұрды. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуметтік дамытуға жол ашуы қажет.
Біз қоғамымыздың лайықты азаматын, тұлғасын тәрбиелеп шығарамыз. «Білім негізі - бастауышта» - деген сөзді ескерсек, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін, оларды ақын - жазушылардың шығармаларына деген қызығушылықтарын, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру керек деп санаймын.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Кез-келген баланың қандай да бір нәрсеге бейімділігі болады. Бейімділік оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай: тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау; арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру; логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (анаграмма, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар, т.б.); берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру, және т.б.); әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу; қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту; ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру; ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру; мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау т.б
Сонымен бала бойындағы дарындылықты тану , оның шығармашылық қабілетін дамыту біздің қазіргі таңдағы негізгі міндеттеріміздің бірі. Өйткені, егемен еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз. Халқымыз “Бұлақ көрсең, көзін аш ” деп бекер айтпаған.
Осы орайда оқушыларымның шығармашылық жұмыстарын ұсынып отырмын.
Икенова Шұғыла
4 «ә» сынып оқушысы
Менің есімім

Барлық ата-аналар сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Ата-ана баласына ат қоярда он ойланып, жүз толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді қояды.
Менің есімім-Шұғыла. Мен Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Күйкен орта мектебінің 4-сыныбында оқимын. Менің есімімді анам қойған. «Шұғыла» сөзінің мағынасы «шапақ, арай, күннің нұры» дегенді білдіреді. Биші, әрі әдемі апамыз Шұғыла Сапарғалиқызындай мың бұралған биші, сұлу қыз болсын деп қойған. Мен ата-анамның арманын орындап, осы есімге лайықты қыз боламын деп ойлаймын. Есімім өзіме ұнайды. Осындай әдемі есім қойғаны үшін ата-анама ризамын.


Джапарова Бекзада
4 «ә» сынып оқушысы
Досыма
Досым сен, түсе көрме жаман жолға,
Жаман жол түсіреді терең ойға.
Олардан шығу тегі, қиын болар,
Сондықтан, келешекті терең ойла!
Ана
Ана деген- өмірімнің мөлдір кәусар бұлағы,
Ана деген- тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген – теңдесі жоқ Ұлылық!
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

Балам аман болсын деп көз ілмеген,
Қуат алдың анажан, өзің неден?
Адамдардан жақсылық күте алмаймын,
Ана-жүрек мейірін түсінбеген.

Жасы үлкендерге
Жасы үлкендер өз алдына бір төбе,
Оларға еткен қызметің де мәртебе.
«Бәрекелді, балам!» - десе болғаны
Бақ құсының басыңа кеп қонғаны.

Жасы үлкендер өз алдына бір отау,
Олар барда асқақ емес, Алатау.
«Айналайын, бақытты бол!» дегені,
Жолыңдағы көп бөгетті жеңеді.


Мақанова Айсана
4 «ә» сынып оқушысы

Менің – Отаным
Қазақ халқы көп қиындықты бастан кешірді. Қанша азап көрсе де сағы сынбай, басқа елдерге мазақ болмай аңсаған тәуелсіздікке жетті, елімізді сыртқы жаудан қорғай білді. Осының бәрі ата-бабаларымыздың арқасы. Менің Қазақстаныма жететін ел жоқ.
Еліміздің бас қаласы – Астана қаласы. Бұл қала көрікті де әсем қала. Есіл өзенінің оң жағында орналасқан. Кең пейілді қазақтың жерінде көптеген ұлттар тұрады. Қазақ халқы қонақжай және ұлттық дәстүрге бай ел. Біз бақытты ұландармыз.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атамыз халыққа жақсы өмір сүру үшін жақсы жағдай жасап отыр.
Мен қазақ болып туылғаныма, осындай байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, елімізді қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық!

Сембаева Гүлдана
4 «ә» сынып оқушысы

Ұстазым - мақтанышым
Менің екі анам бар. Біріншісі – өз анам, екіншісі – ұстазым. Ұстазымның ата-жөні - Енсегенова Света Саясатқызы. Мен және барлық сынып оқушылары ұстазымызды жақсы көреміз. Апайымыз қарапайым, сабарлы, өте әдемі жан. Әрбір өткізген сабағы тартымды, қызықты өтеді. Әсіресе, ән салғанда дауысы өте тамаша! Біздерге көптеген әндер үйретті. Ұстазыма арнап мынадай өлең жолдарын жаздым.
Төрт жыл бізді оқытып,
Білім берген, ұстазым!
Әрбір айтқан сөзіңді,
Жадымда мәңгі ұстадым.
Берген тәліміңізбен
Білімімді ұштадым.
Осы жарқын өмірде,
Қарызбын сізге, Ұстазым!
Мен ұстазымды мақтан тұтамын. Тәрбие.орг сайтынан БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Енсегенова Света Саясатовна

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебі ММ бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar