Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Бал арасы түрлері. Балдың пайдасы"
  • 21.05.2016
  • 813 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19093

1. Кіріспе.

Зерттеу жұмысын таңдап алған себебіміз: Ара қандай жәндік оның тіршілігі? Өлкемізде араның қандай түрлері тіршілік етеді? Балдың құрамы және пайдасы қандай? Осындай сұрақтар бізді қызықтырды. Сол себепті біз зерттеу жұмысын жүргіздік.

Өзектілігі:

Бізді қоршаған табиғат небір тылсым сырларға толы. Тек сәл ғана назар тоқтатып, зер салсаңыз, солай екендігіне көзіңіз оп-оңай жетеді. Мысалы, араны алайықшы. Кәдімгі жаз шықса, ызыңдап маңайымыздан шықпайтын, гүлден-гүлге қонып, сіз бен біз үшін бал жинайтын ара... Оның өмір сүру қалыбы тылсым сырларға толы. Ғалымдар аса еңбекқор аралар әлемінің сырларын терең зерттеген сайын жаратылыс құпияларына тәнті бола түсуде. Солардың кейбірі жайлы жеке сөз қозғап көрсек...

Осыған байланысты ғылыми жұмысымыздың алдына келесідей міндеттер қойылды:
Бал араларының түрлеріне және оның табиғатына сипаттама беру.
Балдың пайдасы мен құрамын анықтау.
Зерттеу әдістері: Материалдар жинақтау, ізденіс жұмыстарын жүргізу, бақылау.

4. Балдың құрамы және пайдасы.

Бал – жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжын, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал тек өсімдіктің бір түрінен жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қара құмық балы, жөке ағашының балы тағы басқа) қарай атайды. Көп шырынды бал - өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы тағы басқа) әр түрлі атайды..

Балдың емдік қасетті:

Сондай ақ балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке ауруларын емдеуге және суық тигенде қолданады. Балды емдік мақсатта қолану кезінде шырын, жеміс – жидектермен бірге қолданған дұрыс. Ересектердің диетасына 60 – 100 гр бал енгізуге болады. Ас ішерде 2 сағат бұрын немесе астан кейін 3 сағатан кейн қолдану керек. Балдан косметика, дәрі - дәрмек дайындайды.

Арадан алынатын: ара балы, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және ара желімі (прополис) медицинада және техникада кеңінен қолданылады.

Балдың пайдасы:

Жүрек – қантамыр жолдарын емдегенде;

Бауыр, бүйрек, асқазанды емдегенде;

Микроэлементтерге бай;

Көздің сауығуына;

Организімнің зат алмасуын реттейді;

Күйіктер мен жарақат көздерін емдеу кезінде;

Гастрит, язваны емдегенде;

Тыныс алу огандарының жұмысын қалпына келтіреді;

Біздің ғасырымызға дейінгі заманда Мысырда балаларға күн сайын бал беріліпті. Өйткені бал жеген баланың ақыл – ойы жүйрік, есте сақтау қабілеті жақсы болатынын сол кезде – ақ білген. Мұндай тәжірибені қазір елімізде Омарташылар ұлттық одағы Қазақстан тағамтану академиясымен бірлесіп жүргізуде. Шығы Қазақстан облысының көптеген мектептерінде 1 – 4 сынып оқушыларына күн сайын бал беріледі. Сол үшін ара шаруашылығын қарқынды дамыту қажет деп ойлаймыз.

Нәтижесінде балды үнемі пайдаланатын – 68 оқушы 40%, анда – санда пайдаланатын – 73 оқушы 43%, мүлдем пайдаланбайтын – 26 оқушы 17% екені анықталды. Сондықтан біз балаларға мынадай кеңес ұсынамыз. Егер балалар балды күнделікті пайдалансаңдар денсаулықтарың мықты, есте сақтау қабілеттерің жақсы дамиды.

Қорытынды
Орта орыс арасы климатқа ең төзімді ара болып келеді, сондықтан қыстан жақсы шығады. Карпат арасының ерекшелігі – жуас, бетпердесіз жұмыс істеуге болады. Ал Краин арасы тез көбейеді.

Аралар сыртқы температура +8 0С жеткенде ұшып шыға береді. Алым алуға негізінен ауа жылынып + 15 0С жеткенде жақсы ұшады. Біздің бақылауларымыздың нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы территориясында ауа температурасы мамырдан басталып +80С жетеді. Ал алым алуға қолайлы жағдай маусым айының ортасынан басталады.

Бал арасының түрлеріне жеке-жеке сипаттама бере отырып, оның ара шаруашылығындағы рөлін анықтадық және бал адам организімін дәрумендермен белокпен тағы басқа тіршілікке қажетті заттармен байытатынын білдік. Тәрбие.орг сайтынан "Бал арасы түрлері. Балдың пайдасы" Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жапарова Луиза Достанқызы

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Оқушымен жұмыс
Көрсетілім: 813 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar