Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
БІЛІМ ЕЛІНЕ САЯХАТ
  • 05.11.2016
  • 131 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19898

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (47.5Kb)

Тақырыбы: Білім еліне саяхат.

Мақсаты: оқушылардың білімін шыңдай түсу; пәнге деген қызығушылық белсенділіктерін
арттыру. Танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы шығармашылыққа баулу.

Көрнекіліктер: нақыл сөздер, ұпайлар, мақал-мәтелдер, АКТ-ны қолдану

Әдіс – тәсілдер: сайыс

Барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Пазлдармен топқа бөлу.
3. Негізгі бөлім.
- Сайыс 5 айналымнан тұрады. Әр айналымда екі тапсырмадан.
1-топ: Қане, достар сыныптастар!
Келдік міне сайысқа.
Сапарымыз оңды болсын
Күші менен білімнің.
2-топ: Сапар шектік ғарышқа,
Қиял ғажап еліне.
Сүрінбейік, ерінбейік,
Кедергіден алдағы.
Шың басына шыға келе,
Көрсетейік білімді.
Мұғалім:
Қиындықтан қорықпай
Кедергіден өтіңдер.
Биіктерге қол жеткізу
Болған емес еш оңай.
Ендеше, бұгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін төрешілерімізді сайлайық.
Екі топқа бірдей 6 тапсырма беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.

1-айналым. Қазақ тілі 1. «Сөзмерген»

сурет
қыс
машина
шана
сүт
айран
шелек
қатық



2. «Эрудит сайысы»
Жақшаның ішіне үш әріптен тұратын буын жаз, ол бірінші сөздің аяғы екінші сөздің басы болу керек. Орысша аудармасын айту
Мысалы: Са (мыр) сын – Пихта
Ор (ман) шы – Лесник Ша (ныш) қы – Вилка
Ай (бал) та – Топор Ға (рыш) кер - Космонавт
Қа (сық) тар – Ложки Қыз (ғал) дақ – Тюльпан

2-айналым. 1. Математика әлемінде.
Виктариналық сұрақтар.2-топқа бірдей
1. Үстел үстінде үш стақан шие тұр. Марат бір стақан шиені жеп қойды. Неше стақан қалды?
2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Екі стаканға бірдей су құйдың, бір стакандағы суды тарелкаға құйдың. Қай стаканда су көп? (бірдей)
4. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнайды. Әрқайсысы неше сағат ойнайды? (2 сағат)
5. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут керек? (4 минут)
6. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасың? (шырпы)

2. «Сандар сыры»
Сұрақ: Балалар, қасиетті сан деп қандай сандарды айтады? (3, 4, 5, 6, 7)
Оқушылар сан жазылған карточкаларды таңдап алады.
- Үш жүз – Ұлы жүз. Орта жүз. Кіші жүз; Үш қуат – Ақыл. Жүрек. Тіл; Үш көз- Су анасы-бұлақ, жол анасы-тұяқ, сөз анасы-құлақ; Үш жұрт - Өз жұртың-күншіл, қайын жұртың-міншіл, нағашы жұртың-сыншыл; Үш байлық – Денсаулық, ақ жаулық, он саулық; Үш арсыз – Күлкі, ұйқы, тамақ; Үш алыс – Жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаман; Үш тәтті – Жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті; Үш қадірлі – Ырыс, бақ, дәулет;
- Жеті ата - Әке. Бала. Немере. Шөбере. Шөпшек. Немене. Туажат; Жеті жұт – Құрғақшылық. Жұт (мал қырылу). Өрт. Оба (ауру). Соғыс. Топан су. Зілзала (жер сілкіну) Жеті қазына – Ер жігіт. Сұлу әйел, Ақыл, білім. Жүйрік ат. Қыран бүркіт. Берен мылтық. Жүйрік тазы; Жеті күн – Бүгін. Ертең. Бүрсүгіні. Арғы күн. Ауыр күн. Соңғы күн. Азына; Жеті нота- до, ре, ми, фа, со, ля, си. Жеті керемет- Египет пирамидасы. Вавилонның аспалы бағы. Ертедегі Артемида храмы, Зевс мүсіні. Күн құдайы. Александрия маягі;.

3-айналым. Әдебиет 1. «Мақал сөздің мәйегі» сурет бойынша мақал-мәтелдерді табу.
1. Көз-қорқақ, қол-батыр. 1. Мысыққа ойын, тышқанға өлім
2. Еңбек етсең ерінбей, 2. Батырды намыс өлтіреді,
Тояды қарның тіленбей. Қоянды қамыс өлтіреді.
3. Балық басынан шіриді. 3. Ынтымақ түбі – береке
4. Жылы-жылы сөйлесең, 4. Отан оттанда ыстық
Жылан інінен шығады.
5. Қыз-елдің көркі, 5. Кітап-білім бұлағы,
Гүл-жердің көркі. Білім-өмір шырағы.
6. Өнерлінің қолы – алтын 6. Алма алма ағашынан алыс түспес

2. «Шығармашылық айналым» 2-топқа бірдей.
Төле би неліктен қарлығашты «киелі құс» дейді.
Шаңырағыма бір бәйкүнә қарлығаш ұя салып еді. Ол жер бетін топан су басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін сақтап қалған адам баласын жылан шақпақ болғанда, қызғыштай қорыған құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балапандарын зарлатып-сарнатып кете алмадым, дейді Төле би.

4-айналым. Дүниетану. «Сөзжұмбақ құрастыру»

І-топ: «Табиғат» ІІ-топ: «құбылысы»

2. «Өлең ұйқасын тап»
Аң мен ... тасалап, (құстар)
Мекендейді ............ (орманды)
Соларға арнап жасалған
«Қорық» дейді бұл маңды.
.............. іші тамаша,(орман)
............... ауа, ақ бұлақ. (таза)
Ойнайды ............. балаша, (елік)
Көк ................... шапқылап. (шалғында)

Қорытынды: 1. Әділ қазылар алқасына сөз беру
2. Қатысушы топтарды марапаттау. Тәрбие.орг сайтынан БІЛІМ ЕЛІНЕ САЯХАТ Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аринова Гулдана Келсинбековна

ШҚО, Ұлан ауданы, Баяш Өтепов ауылы, "Амангелді атындағы негізгі мектеп" КММ бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Оқушымен жұмыс
Көрсетілім: 131 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar