әдебиеттік оқу сабақ жоспары

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 527
  • Оқушымен жұмыс
  • 02/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19865


Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы «№1 орта мектебі» КММ
III деңгей, жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Ахметкалиева Ғалия Қалышовна
Пәннің аты Әдебиеттік оқу 4 сынып Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың атауы Н.Айтов Алтын сөз.
Мақсаты 1. Оқушылар бата, оның берілу түрлері жайлы білім алады.
2.Батаның тәрбиелік мәнін түсінеді.
3. Бата туралы қосымша дерек алып,мақал-мәтелдерді талдап,тілек- бата жазып,постермен қорғап түсініктері кеңейеді.
4. Өлеңді жұпта, топта оқып, талдайды,ұжымдық жұмысқа үйренеді.
Күтілетін нәтиже
Тілдік мақсат Мәнерлеп, түсініп сауатты оқу, оны талдай алу үшін топта,жұпта бойынша диалогтік оқыту бойынша тапсырмаларды орындайды.
Психологиялық дайындық

Оқушыларды топқа бөлу Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме баса ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Күн көзіне күлімсіреп қарадым.
Топ ережесі:
1.Тәртіп, тыныштық.
2.Өзара сыйластық.
3.Уақытты тиімді пайдалану.
4.Көмек, өзара көмек.
5.Өз көзқарасын білдіру.
6.Топ жұмысына белсене араласу Оқушылар топта бір-біріне алақан жылуларын бере отырып, тілек айтады, сәттілік тілейді.

Оқушылар топ ережесін еске түсіреді.
Бата түрлері бойынша топқа бөлінеді.

Өткенді қайталау. «Кезбе тілші» стратегиясы арқылы
Жыл мезгілдері тақырыбын қайталау
Оқушылар топ бойынша жұмыс жасайды. Өткенді еске түсіреді.Сұрақтарға жауап береді.
Қызығушылықты ояту Сыныптағы осы айда болатын туған күн иелеріне тілек арнау .
Оның бүгінгі сабақ тақырыбымен байланысы неде? Туған күн иелеріне жақсы тілек арнайды.
Сабақпен байланысын анықтайды, сабақ мақсатымен танысады.
Мағынаны тану Бата деген не? Топтастыру жасау.

1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
Өлеңмен өзбеттік танысу,жұптық жұмыс.
2-тапсырма.
Қосымша деректер бойынша жұмыс
Әр топқа сұрақ-тапсырмалар:
1-топ Сапарға шығарда берілетін бата
2-топ Батаның тәрбиелік мәні
3-топ Тұсаукесер батасы
4-топ Бата түрлері Наурыз бата
3-тапсырма
Мақалдарды топ бойынша талдау
Бота алғанша бата ал.
Алғыс алған арымас,
Қарғыс алған жарымас.
Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың.
Алғыс алсаң, көп жасайсың.
Әр топ постер қорғайды, топтар өзара бағалайды.
1-шапалақ ,2- бас бармақ
3- баға қою ,4- эмоция.
Оқушылар жұпта оқып, танысады.Өзара талдайды.
Сергіту сәті Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған... Ой сергітеді,
Ой толғаныс

Топтық тапсырма
1- топ Әскерге баратын ағаға тілек,бата жазу
2-топ Мектепке баратын ініге тілек,бата жазу
3-топ Мектеп бітіруші түлектерге тілек, бата жазу.
4-топ Жаңа туған нәрестеге тілек, бата
Үйге тапсырма Қалаулары бойынша бата түрінің біреуін жаттап келу. Күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау
Кері байланыс Баспалдақ
Парақшаға сабақ жайлы пікір жазып,жасыл,сары, қызыл түсті баспалдаққа орналастыру. Оқушылар өзін – өзі , топты бағалайды,
мұғалім оқушыларды бағалайды.


, Тәрбие.орг сайтынан әдебиеттік оқу сабақ жоспары Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ахметкалиева Ғалия Қалышовна

ШҚО Өскемен қаласы №1 орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar