Ертегілер еліне саяхат

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 226
  • Оқушымен жұмыс
  • 08/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21593


Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы
Көмекші мектеп интернаты

Тәрбие сағаты
«Ертегілер еліне саяхат»
(Облыстық семинар)

Өткізген: Имангалиева Н.Х

Орал қаласы 2015 ж.
Ертегілер әлеміне саяхат
(әдеби-саяхат сабақ)
Сабақ мақсаты:
1. Ертегілерді сахналау барысныда кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету,суретке көңіл қойып мазмұнын түсіндіру.
2. Балардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздерді анық айтуға дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту, ұсақ қол моторикасын дамыту.
3.Оқушыларды ертегілерді сүйіп оқуға адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Суреттер, муляждар, музыкалық аудио жазба «Мақтақыз бен мысық» ертегісіне арналған қуыршықтар;
Әдіс тәсілдер: сұхбат, ертегі, ойындар, өлеңдер;
I. Балаларды ынталандырып, сезімдерін ояту мақсатында шаттық шеңберінен басталады.
- Қане, қыздар, сәлемесіз бе! Барлығымыз ынта-сезімдерімізді жетілдіру мақсатында шаттық шеңберін құрып, қонақтармызбен амандасайық.
- Күн шығыпты алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы тан, қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін
Сәлеметсіз бе?
Бәріміз күндей жарқырайық,
Бәріміз тату болайық!
Достығымыз жарассын!
-Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.
Саяхатқа бару үшін сиқырлы поездға мініп, бірнеше аялдамаларға тоқтап демаламыз.
Келіңдер ертегіні шертейік біз
Қауымды мына келген ертейік біз
Ертегілер еліне саяхаттап
Келгендерді соңымыздан ерейік біз-деп саяхатқа шығайық.
II. А.Қалаубаеваның орындауында «Ертегілер әлемінде» әннің ырғағымен поезд басып қозғалады.
1-аялдама.Балалар, «Ертегілердің басталуы» атты аялдамасы.
Ертегілер тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, жаманды-жақсылық, қиындықтың барлығы да артта қалып жақсылыққа апарады. Есімізге түсірейікші, ертегілер қалай басталады?
Бар екен де,жоқ екен,
Ерте.ерте,ертеде,
Ешкілері бөре екен,
Қырғауылы қызыл екен
Құйрықтары ұзын екен
Баяғы өткен заманда.
- Дұрыс-ақ, балалар, өткен сабақтарымыздан білеміз, ертегілер қалай бөлінеді?
- Тұрмыс-салт;
- Қиял-ғажайып;
- Аңыз ертегілер;

- Ендеше, әрі саяхатымызды жалғастырамыз.

2-аялдама: «Тауып аға бас саладйт».
- Балалар, кішкентай кездеріңде әжелерің, ата-аналарың, тәрбиешілерің ертегілерді оқып беретін. Ал қазір сендер ешкімнің көмегінсіз ертегілерді оқып, мазмұнын айтуды үйрендіңдер.
Қазіргі аялдамада ертегіден үзінді оқылады.
Қай ертегіден алынған үзінді екенін атап айту қажет, қолдарымызды көтереміз.
«Енді не қыламын?» - деп, бара жатса, бір ін қазып бара жатқан тышқанды көреді. Ол тышқанға бас салады.
- Жаның барыңда айт! Үйіңде не бар?- дейді. Тышқын қоықаннан:
- Үйімде бір табақ тарым бар,- дейді
Ол: «Маған бір уыс тары бер»,- дейді.
Мақтақыз: Мен Мақтақыз үйімді тазаладым
Сен мысық қайта-қайта мазамды алдың,
Қатық төктің еңбекті қадірлемей,
Құйрығыңды жұлып алып жазаңды алдың
Мысық: Көзіме көрінбей тышқан
Мен мысықпын іші пысқан
Қатығыңды қайтардым төккен,
Қайырымды алдым көптен.
- Жақсы. Бұл қай ертегіден үзінді?
«Мақта қыз бен мысық»
- Дұрыс-ақ, қане қыздар, «Мақта қыз бен мысық» ертегісін қуыршақтар таетры арқылы тамашалаймыз.
Ал жағымды кейіпкерлерді айтайықшы? Жағымсыз кейіпкерлер ше?
- Жақсы, әрі қарай жолға шығамыз.

3-аялдама. «Ертегілерді білесің бе?»
Бұл аялдамада, балалар, барлығымыз тақтаға назар аударамыз, ертегілерден үзінділер көрсетіледі, қандай ертегі екенін еске түсіреміз.
«Алтын балық»-басты кейіпкердерін атаңдар.
Бұл ертегі балалар қанағатты болуға үйретеді.
«Шалқан»- атаның әлі келмегенде көмекке кімді шақырды?
Бұл ертегі ұйымшылдыққа,бауыр,дос,болуға үйретеді.
«Үйшік»-басты кейіпкерлерін атаңдар.Достыққа, көңіл сыйса бәрі сыйады деген ұғым білдіреді.
«Бауырсақ бала»- осы ертегідегі бауырсақ баланың өлеңін кім айтады?
Жағымсыз кейіпкері кім? Үлкендердің айтқанын тыңдауға үйретеді.
«Жеті лақ»- басты кейікерлері кімдер? Жағымсыз кейіпкері кім? Бұл ертегіде үлкендердің айтқанын тыңдауды үйретеді.
- Дұрыс-ақ, балалар, келесі аялдамаға жеткенше ойын ұйымдастырғым келіп тұр. Ойынның атауы «Бізде қонақта» Ертегіден кейіпкерлер қонаққа келген, сол кейіпкерлердің қай ертегіден келенін анықтаумыз керек. Орнымыздан қолымызды көтеріп жауап береміз.
Ал Аяжан мен Айсұлуға тапсырма ертегіден ретке келтіріпқұрастыру керек.
(Жұмыртқа-«Шұбар тауық»
Бауырсақ бала-«Бауырсақ бала»
Мысық- «Мақта қыз»
Шалқан-«Шалқан»
Қызыл телпек-«Қызыл телпек»
Тышқан-« Мақта қыз»)
-Дұрыс-ақ, өте жақсы жауап бердіңдер.
4-аялдама. «Ғажаып сәт»
(Есік қағылып, Алдар Көсе кіреді)
- Қош келдіңіз,балалар бұл кім?
Алдар Көсе, дұрыс-ақ балалар,Алдар Көсе аңыз-ертегілерден келген.
-Алдар Көсе, қош келдіңіз, біз, міне, бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шықтық, бізбен бірге қыдырғыңыз келе ме? Біздіңбалаларымызды алдамайсың ғой?
-Менің уақытым тығыз, мен сңздңғ балаларды алдмаймын. Олар маған достықтуралы тақпақ,жақсылық туралы мақалдар айтвп берсе.
-Қане,балалар,біз Алдар Көсеге өнерімізді көрсетейік.
№1
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілейміз бейбіт кун,
Ашық болсын кең аспан.
№2
Тілегі бір,журегі бір,
Достарымен біргеміз.
Туыс барда,құрыштан да,
Берік біздің іргеміз.
№3
Тілейміз біз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын,күлгенін.
№4
Сусынымыз қанады,
Өнер-білім нәрімен.
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен.
№5
Бәрі де бар интернатта,
Ойын бөлме, асхана.
Орындық та,тақта да,
Заттар көп басқа да.
№6
Үйретеді еңбекке,
Үйретеді білімге.
Үйретеді әуенге,
Таза болып жүруге.
№7
Бір-бірімен сыйласып,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз-осы үйдің гүліміз,
Біз-осы үйдің сәніміз.
№9
Өткен күн таң тамаша ертегі ғой,
Айтады ертегі сыр,ертегі ой.
Ертегі айтса еліктіріп балалар,
Қиялға қызықтырып ертеді ғой.
№10
Ертегіде халықтың мұң зары бар,
Орман тау өрмелейтін құздары бар.
Жамандықпен алысып жауын жеңген,
Халқымның ұлдары мен қыздары бар.
№11
Жауларымен алысып жекелеген,
Батыр ма ел намысын өтемеген.
Ертегімен халқымыз ертңіне,
Ұрпақтарын қызықтырып жетелеген.
№12
Достығымыз ешқашан арылмасын
Пейіліміз кеңңйтіп тарлымасын.
Жиі-жиі бас қосып сыр шертісіп
Көңілдірден қуаныш сарқылмасын.
-Балалар, сендер ақылды, әдепті екенсіңдер. Саяхаттарың оңды болсын, мен сендерді алмаймын ба деп ойлап едім,риза болғандықтан ,керісінше, сендерге аз ғана сыйлығым бар еді, мұғалімдердің саяхаттың соңында берер.
Риза болған Алдар Көсе рахметін айтып,шығып кетеді.

- Міне, балалар, соңғы аялдамаға да келдік. Саяхатымыз дп өз мәресіне жетті.Ертегі тыңдамаған жер жүзінде адам жоқ шығар. Бұл адм баласымен бірге жасап келе жатқан көркем дүние екен.Бір кездерде ата-бабаларымыз қиялдап «Ұшқыщ кілемді» (суреттерге қараймыз), «Көлтауысар», «Саққұлақ», «Сиқырлы ұстел», «Желаяқ» көптеген армадарын ертегі етіп қиялдаған. Ал,енді, қазіргі заман талабына сай бір кездегі қол жетпес қиял бүгінде шындыққа айналған жоқпа? Ұшақ, ұялы телефон,радио, интернет т.б.
-Бүгін,балалар,біз поезға мініп,қайда бардық?
-Біз поезға мініп, ертегілер әлеміне саяхатқа бардық.
-Қай ерегілерді еске түсірдік?
-«Мақта қыз бен мысық» ертегісін.
- Ертедегі кейіпкерлермен ойын өткіздік.
- Дұрыс-ақ, балалар, ал қонаққа аңыз-ертегіден кім кеоіп кетті?
-Алдар Көсе.
- Саяхат ұнады ма?
- Ұнады , ертегілер әлемі таңғажайып сиқырға толы екенін білдік.
- Ертегілер әлемінде әрқашанда жамандықты жақсылық жеңетін білдік.
-Дұрыс-ақ.
Қиындықтар жолығады не түрлі,
Арманымыз-жақсылықтың жеңгені.
Мына өмір ертегісі секілді,
Бала кезде айтатұғын әжемнің,-деп,барлымғымыз ертегілер еліндегідей дос, бауыр болуға, жамандықтан аулақ болып, жақсылыққа жақын болуға шақырамын.Ендеше «Ертегілер әлемінде» әнін шырқайық
(Сабақ аяқталды) Тәрбие.орг сайтынан Ертегілер еліне саяхат Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Имангалиева Нурлы Халкамановна

БҚО, Орал қаласы Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты Дефектолог-мұғалім

Пікірлер: 0

avatar